Главная | Регистрация | Вход | RSSСреда, 07.12.2016, 13:34

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 10
Гостей: 10
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Орталық Қазақстан. 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстан.
Мақсаты:
1. Жаңа сөздерді меңгерту, мәтінді оқып, әңгімелеу, тапсырмаларды орындату.
2. Ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
3. Қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін ояту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Әдісі: әңгімелесу, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу.
1. Қазір қай жыл мезгілі?
2. Қазір қай?
3. Аптаның қай күні?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақтарға жауап беру.
Н.Ә. Назарбаев кім?
Ол қай жерде туған?
Тұңғыш Президент болып қай жылы сайланды?
Ол қай ерлерде қызмет атқарды? Мамандығы не?
Ол қандай азамат, халық оны не үшін құрметтейді?
Президентті 1999 жылы кімдер сайлады, ол неше жылға сайланды?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Тілдік бірлік
Қамтиды – алып жатады
Сарқылмас – бітпес
Алқабы - өңірі
Өңдеуші –
Өндіруші – шығарушы
Кәсіпорын - өндіріс
Оқылым. Тыңдалым.
Орталық Қазақстан – негізінен Сарыарқа деп аталатын аймақ. Ол - Қарағанды, Жезқазған аумағын және Ақмола, Павлодар облыстарының біраз бөлігін қамтиды. Сарыарқа Қазақстандағы түсті металдардың үлкен қоймасы. Мұнда алтын, мыс, қорғасын, вольфрам, молибден, марганец сияқты металдар көп. Бұл өңірде көмір мен мұнайдың сарқылмас қоры бар.
Орталық Қазақстан аймағы тек мемлекетіміздің ғана емес, ТМД елдерінің ірі көмір-металлургиялық базасының бірі. Қазақ металлургиясының қара шаңырағы болып саналатын Қарағанды облысы Қазақстанның пайдалы қазбалар қорына бай бірден-бір алқабы болып табылады.
Орталық Қазақстан аумағы – 428 мың шаршы км
Құрамы – Қарағанды облысы
Халқы – 1411,7 мың адам
Халқының тығыздығы 1 шаршы км-ге 3,6 адамнан
Қала халқы – 86%
ҚР халқының 11%-дан астамы тұрады
Облыста негізгі көмір өндіруші кәсіпорындар:
- «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ҚД;
- «Шұбаркөл көмір» АҚ;
- «Молодежный», «Қушоқы» разрезі;
- «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы «Бөрілі» АҚ,т.б.
Марганец, темір-марганец және темір кенінің негізгі барлаушы және өңдеуші кәсіпорындары:
- «Жәйрем КБК» АҚ,
- «Қазмарганец» РБ,
- «Қазхром» АҚ ТҰК,
- «Өркен» ЖШС,
- «Өркен-Атасу» ЖШС және т.б.
Қорғасын-мырыш кенін өңдеуші және өндіруші кәсіпорындар:
- «Nova-Цинк» БК ЖШС;
- «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС;
Мысты өңдеу бойынша негізгі тау-кен кәсіпорыны:
- «Қазақмыс корпорациясының» Жезқазған және Балқаш комбинаттары болып табылады.

Грамматика. Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар

1)-ғақ,-гек,-қақ,-кек,-аө,-ек: жабысқақ үркек
2)- ық,-ік,-қ,-к: ашық, жабық
3) - ғыш,-гіш,-қыш,-кіш: білгіш, айтқыш
4) - шақ,-шек: ұялшақ
5) – ынды,-інді,-нды,-нді: асыранды
6) – малы,-мелі,-палы,-пелі,-балы,-белі: созбалы
7) – ымды,-імді,-мды,-мді: шыдамды
8) – аған,-еген: қабаған
9) – ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе: қызба
10) – ыңқы,-іңкі,-ңқы,-ңкі: көтеріңкі

Жазылым. Етістіктердің аудармасын табыңыз.

Ұялшақ –
Ауыспалы –
Қызғаншақ –
Көшпелі –
Саналы –
Жалдамалы –
Ширақ –
Білгіш –
Мақтаншақ –
Еріншек -


Бекіту. Сұрақ-жауап арқылы бекітеміз.
• Орталық Қазақстан аймағына қай жерлер кіреді?
• Жер көлемі қандай?
• Халқының саны қанша?
• Қандай өндіріс орындары бар?
• Табиғат байлықтары қандай?
• Қандай экологиялық мәселелер туындады?
• Ауыл шаруашылығы қалай дамыған?

IV. Бағалау.
V. Үй тапсырма:
Мәтін бойынша диалог құраңыз.
Орталық Қазақстанды қалай атайды?
..............................................................
Орталық Қазақстанға қай жерлер жатады?
..............................................................
Сарыарқада нелер көп?
..............................................................
Қазақ металлургиясының қара шаңырағы болып саналатын жер?
..............................................................
Облыста қандай өндіріс орындары бар?
..............................................................

Источник: http://tanabaevsn@mail.ru
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Сакен (04.02.2015) | Автор: Сакен E
Просмотров: 439 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz