Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 07:28

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1519
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Тіл дамыту авторлық бағдарламасы факультатив сабақтардың күнтізбелік жоспары

А. М. Құдайбергенова Б. О. Есімбекова

І Түсінік хат

1.1.Қазақ тілін оқытудағы басты мақсат бір сөзбен айтқанда - оқушылардың қазақша сөйлеу компетенттілігін қалыптастыру. Ол оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық компетенцияларын қалыптастырудан басталады. Ал мұның бәрі  оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім барысында қалыптасады.

1.2. Бағдарламаның ерекшелігі.  Оқу нәтижесінде оқушылар өтілген материал шеңберінде  тілдік қарым-қатынасқа түсе алады, яғни  жағдаятқа  байланысты сөйлеп, сол тақырып төңірегінде өз көзқарасын білдіре алумен қатар, қойылған сұраққа жауап беріп, өздері де сұрақ қоя алады. Мұндай деңгейге жету үшін үлкен сөздік қор жинақтау, қазақ тілі грамматикалық категорияларын білу аз, оқушылар қазақ тілін практикада қолдана  алу дәрежесіне жетулері керек.

1.3. Оқыту мазмұнын іріктеу принциптері, олардың берілу реттілігі.

Бағдарламаның басты мақсаты оқушыларды сөйлеуге үйрету. Олай балса олар не туралы сөйлей білулері керек, оларды қандай реттілікпен игерулері керек деген сұрақтарға жауап беріп көрелік. Мептеп жағдайында игерілетін материал тақырыптары қоршаған орта, табиғат, туған жер, уақыт, жыл мезгілдері, мектеп өмірі төңірегінде іріктелген және олар әр сынып сайын қайталанып отырады. Бірақ тақырып біреу болғанымен оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты материал күрделілігі жеңілден ауырға қарай ығысып отырады. Егер  бастауыш сыныптардағы мәтін “Қыс суық болады. Қыста аю ұйықтайды, қар жауады” деген сияқты сөйлемдерден құралса, жоғарғы сыныптарға ұсынылатын мәтін сөйлемдері олардан гөрі күрделірек болады, мысалы: Қыс келіп, күн қысқарды, түн ұзарды. Қар қалың жауды. т.т. Бұл жерде екінші тілге үйретудегі басты принцип өтілген материалмен қайта кездестіру іске асып отырады, бірақ олардың деңгейлері әр түрлі болады.

Оқу процесінің сипаттамасы. Бағдарламада ұсынылған хабарлы мәтін тақырыптарымен жүргізілетін жұмыс ерекшелігіне тоқталсақ, мысал ретінде Қазақстан, оның ішінде Қазақстан қалаларын алайық.. Оқулықта қалалар туралы дайын мәтін берілмеген. Оқушылар әр қала туралы хабарламаны тірек сөздер арқылы кестенің көмегімен өздері құрады. Кесте қала туралы алты сұрақтан тұрады. Мәтін сол сұрақтарға жауап беру арқылы құрылады. Бұл жұмыстың құндылығы – білім дайын күйде берілмейді, олай болған жағдайда оқушылар ойлау процесінсіз мәтінді жаттап айтып берер еді. Бұл жерде оқушылар материалды саналы түрде игереді, әр сөйлемді тіректердің көмегімен болса да, өздері құрады, олардың ойлау қабілетіне күш түседі. Әрі қарай жұмыс күрделене түседі-енді оқушыларға салыстырмалы түрде құрылған мәтін үлгісі беріледі. Онда басты назар қалалардың айырмашылығы мен ұқсастығына аударылады, мұндағы сөйлем құрылымдыры да өзгеше. Содан соң мұндай сөйлемдерді оқушылар өздері құрады. Жұмыс әуелі аналогия бойынша орындалады, әрі қарай жаттығулардың мол болу себебінен оқушылар өз беттерінше құрастыруға дағдыланып алады. Бұл жаттығуларды орындау оқушылардың ойлау операциялары арқылы іске асады. Тапсырмалар сөйлемдерді үйренушілердің өздерінің құруына мәжбүр етеді, бұл жерде синтез операциясы жұмыс істейді, себебі оқушылар тірек сөздерді біріктіріп, қарсылықты және жалғаулы шырайлардың көмегімен сөйлем құрайды. Осылай ойлау процесі арқылы жасалған жұмыс еш уақытта ұмытылмайды. Әрі қарай да берілетін тақырыптармен жұмыс осы іспеттес орындалады. Сонымен, бұл бағдарламаның басқалардан өзгешелігі – оқушыларды тірек сөздер арқылы өз бетінше сөйлем құруға үйретеді, сонымен қатар диалогтық сөйлеу міндетті түрде бірге жүреді, оларды түрлендіру арқылы оқушылар өздіктерінен диалог құруға дағдыланады.

Бағдарламаның тағы бір үлкен ерекшелігі – ол сабақта жаттықтыруға көп уақыт бөлуді бірінші орынға қою. Бұл жерде екінші тілге үйретудің әлемдік әдістемесінің тағы бір принципі жұмыс істейді ол -сөйлеуге тек сөйлеу арқылы, естіп түсінуге тек естіп, тыңдап түсіну арқылы, оқуға оқу, жазуға жазу арқылы үйретуге болады. Мысал үшін уақыт тақырыбын алайық. Бұл тақырыпты бергендегі мақсатымыз оқушылар уақыт туралы сұрағанда жауапты  қазақ тілі грамматикасының  нормасына сай айтуына талап қоямыз. Егер біз сабақта уақытты ауызша айтып жаттықпасақ, не жаттығуларды аз орындасақ, немесе уақытты аз бөлсек - оқушы материалды игере ала ма? Оқыстан қойған сұраққа жауап бере ала ма? Әрине, жоқ. Нәтиже бұлай болмау үшін бұл тақырыпқа өте көп және суретті жаттығулар әзірленген. Жаттығуларда сағат тілі дәл және “жарты” уақытты ғана емес, неше кетіп, неше қалғаны туралы да айтуға үйретеді. Сонымен қатар уақыт контекстінде қолданылатын тағы бір форма жетіге бес минут қалғанда, сегізден он минут кеткенде деген сияқты құрылымды игерту қолға алынған. Олар берілген диалогтардағы сұрақтарға мен үйден сегізден он кеткенде шығамын, екіге бес қалғанда келемін деген жауаптарды беру арқылы және осы құрылымды игеруге бағытталған бірнеше суретті жаттығулар арқылы іске асады.

Актуальдігі.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алғаны мұғалімдер, әдіскер, ғалымдарға үлкен жауапкершілік артады. Қазақ тілін меңгеруге көмегі бар, ғылыми негізделген әдіс-тәсілдер, практикада дәлелденген жұмыстар, тиімді оқулықтар және бағдарламалар тіл үйренушілер үшін аса қажетті. Олар қазақ тілін оқыту туралы қалыптасқан жағымсыз стереотиптен құтылуға көмектесіп, мемлекеттік тілге деген оң көзқарас қалыптастырары сөзсіз. Ұсынғалы отырған бағдарлама да бұл іске өз үлесін қосады деп сенеміз. Себебі жоспарланған нәтиже практикада орын алып, іс жүзінде дәлелденген.

 ІІ Констатациялық бөлім

2.1.Мазмұнды іріктеудің және құрастырудың теориялық аспекттері.

Екінші тілге оқытуда неге үйретеміз, білім мазмұны қандай болу керек деген сұрақтар бірінші орынға шығады. Баршаға мәлім, грамматикасыз тіл үйрену мүмкін емес. Сонықтан грамматикалық материалды жан-жақты зерттеп, жаттығулар түрін және санын көбірек дайындаса, оқушылар тілдің теориялық жағын жақсы меңгеріп, тапсырмаларды сауатты орындап, диктанттарды қатесіз жазу дәрежесіне жетеді деуге болады. Бұл да жағымды нәтиже. Бірақ сауатты жазып, тілдің грамматикасын білу басты мақсат па?

Теорияны білу сөйлеуді білу емес.

Келесі тоқталатын жайт. Оқушылар не туралы айта білуі керек? Егер оқулықтағы мәтіндер белгілі адамдардың өмірі туралы болса немесе тарихи мағынада, не ғылыми деректер туралы болса, оқушылар оқу нәтижесінде әйгілі адамдар биографиясын, тарихи не ғылыми деректерді айтып береді делік. Бұл да бір нәтиже, оқушы оқығанын айтып бере алады. Бірақ бұл біздің басты мақсатымызға сай келе ме? Әрине, келмейді. Коммуникативтік компетенция қалыптастыру үшін, сөйлеу тақырыбы оқушыларға өте жақын болуы тиіс. Мысалы, олардың күнделікті өмірі, ауа райы, табиғат, мектеп, ойын т.т. Себебі олар осы ортада өмір сүреді және барлық болмыс әрекеттері осымен тығыз байланысты және оларға түсінікті. Сол себепті оқулықта аталмыш тақырыптар орын алады.

2.2.Қойылған мақсатқа жету, міндеттерді шешу сыныптан сыныпқа көшкен сайын қалай орындалып отырады? Жоғарыда айтып өткендей тақырып бірдей болғанымен тіл құралдары жыл өткен сайын күрделене түседі.

Мәселен  бастауыш сыныптарда мұғалім оқушыдан:

-Ауа райы қандай? –деп сұрайды.

-Жақсы,-дейді оқушы.

Ал жоғары сынып оқушысы бұған:

-Күн тамаша, аспан ашық , бұлт жоқ ,-деп жауап беруі ықтимал.

-Сен бүгін неше алдың, Вова?

-Бес.

-Қай сабақтан?

-Математикадан.

-Жарайсың, Вова.

Бұл сұраққа орта не жоғарғы буын оқушысы:

-Математикадан бес алдым, басқа сабақтан сұраған жоқ,- деп жауап беруі мүмкін.

Бастауышта:

-Үйге барасың ба?-деген сұраққа,

-Иә, үйге барамын, -деген әбден қанағаттандырарлық  жауап.

Ал уақыт өте оқушылар былай да жауап бере алатын болады, тек біз оларды әдейі үйреткен жағдайда.

-Үйге барасың ба?

-Жоқ, дүкенге барамын.

-Неге?

-Нан сатып алу керек.

Ал егер саған досыңа бару керек болса, немесе саябаққа бару керек болса не дейсің?-деп мұғалім әр уақытта жауапты шындықпен байланыстыруға тырысуы қажет. Оқушы сөйлегенде әйтеуір бірдеңе айтып құтыла салу үшін емес, жағдаятты түсініп, соған байланысты сөйлеп, әрекет жасауы тиіс.

Бұлар өте қарапайым репликалар, бірақ тілдесім процесі осындайдан басталады. Сондықтан бастауыш сыныптарда мини-диалогтардың алатын орны орасан зор. Әуелі оқушы диалогтарды жағдаятқа байланысты өз атынан айтып жаттығады, содан соң бірте-бірте өз ойын қосып айтуға, ауыстыру жаттығулары арқылы түрлендіріп айтуға үйренеді, өздеріне қатысты өзгертіп айтуға бірінші күннен бастап дағдыландырған жөн. Сонда диалогтарды өз беттерінше құрып үйренуге алғышарт жасалады. Ал орта және жоғарғы сыныптарда диалогтарды өз беттерінше құру дағдыға айналады.

2.3.Дағды, білік.

Қазақ тілі басты компаненті  “қызмет тәсілі”  болып саналатын пәндерге жатады. Бұл дегеніміз қазақ тілін оқытудағы басты мақсат ғылыми білім беру емес, оқушылрдың қазақ тілі құралдарын іс жүзінде қолдана алу дағдысы мен білігін қалыптастыру. Бұдан қазақ тілін үйретудегі приоритетті тапсырмаларды анықтау керектігі айқындалады. Олар мақсатқа жетуге бағытталған қызмет тәсілінің үлгісі, дағды мен білік қалыптастыру алгоритмі, репродуктивті және продуктивті жаттығу, материал түрлерімен қамтамасыз ету.

 Енді дағды мен білік дегеніміз не? Рубинштейн бойынша дағды дегеніміз “жаттығулар, жаттықтырулар арқылы құрылатын саналы қызметтің автоматтандырылған компоненттері” немесе тіл құралдарын автоматты түрде қолдану. Ал білік дегеніміз “коммуникативтік біліктерді шешуге жұмсалатын дағды мен білімді қолдана алу қабілеттігі.” Р.К.Миньяр-Белоручев. Бұдан туындайтыны - оқушылар жаттығулар мен жаттықтыру арқылы белгілі бір тақырып бойынша сөйлеп жаттығып және осы дағдыларды керекті жағдаятта тілдік қарым-қатынаста қолдануға үйренуі керек. Ал оқытушы осының бәрін ұйымдастырады, керекті материалдармен қамтамасыз етеді, өзі бағыт беруші, түзетуші қызметін атқарады. Жұмыс түріне келер болсақ, ол көбіне прақтикалық сипатқа ие болады, себебі сөйлеуге тек сөйлеу практикасы арқылы үйретуге болады.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: teacher-almaty (24.03.2008)
Просмотров: 46020 | Рейтинг: 3.5/200
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz