Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 11:51

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

«Ойна да ойлана біл!» ойыны
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
«Н.Г. Чернышевский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жұмағұлова Бибінұр Бекенқызы

Ойынның мақсаты:
оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, тілге деген қызығушылығы іскерлік ойындар арқылы шыңдалады.
Есте сақтау қабілеті мен білімдік дағдылары қалыптасады.
Білімдері мен ой-танымы жан-жақты дамып, қосымша ізденуге талпынады. Оқушылардың экономика, нарық, үнемшілдік туралы түсінігі қалыптасады.
Елжанды болуға тәрбиеленіп, туған елі мен жеріне деген құрметі мен
ықыласы оянады.

Ойынның шарты:
Ойын асық арқылы ойналынады.Үлкен шеңберді он бөлікке бөліп, әр түске боялынған асықтарды шүйіреді. Шүйірген асықтары қай бөлікке түссе, сол бөлікте жасырынған сұраққа жауап береді. Бір бөлікте үш сұрақтан жасырынған. Бір сұраққа бір жетон берілетін болады. Шарт бойынша бір оқушы бір сұраққа жауап береді. (Сұрақ ноутбуктан көрсетіліп отырылады.)

«Ойна да ойлана біл!» ойыны

Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тілге деген қызығушылығын
ойындар арқылы шыңдау. Есте сақтау қабілеті мен білімдік
дағдыларын сабақтан тыс іс-шараларда байқау.
Дамытушылық: білімдері мен ой-танымын жан-жақты дамыту, қосымша
ізденуге баулу. Оқушылардың экономика, нарық, үнемшілдік туралы
түсінігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: елжанды болуға тәрбиелеу. Туған елі мен жеріне деген құрметі мен
ықыласын ояту.

Көрнекі құралдар: «Ойна да ойлан!» жазуы, әр түрлі сұрақ-жауап белгілері.
10 бөлікке бөлінген шеңбер, асықтар, ұпайлар, ноутбук

Сыныптан тыс іс-шараның өту барысы:

Жүргізуші:
Тыңдаңдар, мөлдір аспан, бұйра қырат
Таулардан сылдырап бір құла бұлақ!
Тыңдаңдар, балдырғандар әсем әнін.
Көпшілік салыңыздар жырға құлақ!
Жүргізуші:
Жарқырап жанған күндей азаттығы
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы
Тілдер фестивалі күнімен құттықтаймыз
Өйткені ол – Қазақ тілі күні, Қазақ күні!

Бүгінгі «Ойна да ойлана біл !» ойыны Тілдер күніне арналады. Сондықтан сендерге қызықты, тартымды болып өтуі үшін сайыстың аты «Ойна да ойлана біл!» деп аталады. Бұл сайыста сендер тек Отанымыз, туған жеріміз, атамекеніміз туралы білім алып қана қоймай, сонымен бірге өздеріңнің экономика, нарық, үнемшілдік туралы да білімдеріңді де сынайсыңдар.
Ойын шарты:
Ойын асық арқылы ойналынады.Үлкен шеңберді он бөлікке бөліп, әр түске боялынған асықтарды шүйіреді. Шүйірген асықтары қай бөлікке түссе, сол бөлікте жасырынған сұраққа жауап береді. Бір бөлікте үш сұрақтан жасырынған. Бір сұраққа бір жетон берілетін болады. Шарт бойынша бір оқушы бір сұраққа жауап береді. (Сұрақ ноутбуктан көрсетіліп отырылады. )
Жарыстар өтсін әр алуан
Сынасын күшін барлық жан
Жүлдесін алып шаттансын
Білімді мықты әрбір жан.
Ал, келіңдер, келіңдер
Бір-біріңе еріңдер
Біліміңді тексеріп
Сайысқа қатысып көріңдер!

Шеңбердегі 1- ші бөлік бойынша жасырылған сұрақтар
1-сұрақ: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қай жылы алды?
1991 16-желтоқсан

2-сұрақ: Қазақстанның ұлттық теңгесі, валютасы қай жылы шықты?
1993 15-қараша

3-сұрақ: Қазақтың атақты суретшісі кім?
Әбілхан Қастеев
Шеңбердегі 2-ші бөлік бойынша жасырылған сұрақтар
1-сұрақ: Абайдың шын аты, есімі кім?
Ибрагим

2-сұрақ: Қазақстан Республикасының Ата заңын қабылдаған күн.
30-тамыз

3-сұрақ: Тоқтар Әубәкіров кім?
ғарышкер

Шеңбердегі 3-ші бөлік бойынша жасырылған сұрақтар
1-сұрақ: Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың тілдер күні.
22-қыркүйек

2-сұрақ: Қобызды ең алғаш жасаған кім?
Қорқыт

3-сұрақ: Дәл қазіргі уақытта Қазақстан халқының саны қанша?
17 млн.
Шеңбердегі 4-ші бөлік бойынша жасырылған сұрақтар
1-сұрақ: Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?
9

2-сұрақ: Абай, Мұхтар, Шәкәрім дүниеге келген қасиетті жер.
Семей

3-сұрақ: «Тәуелсіздік» сөзінің синонимін тап.
еркін
Шеңбердегі 5-ші бөлік бойынша жасырылған сұрақтар
3-сұрақ: Жылқының сүтінен дайындалған сусынның аты қалай?
қымыз

2-сұрақ: Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
14

3-сұрақ: Қазақ ертегісіндегі айлакер, қу кейіпкер кім? (безбородый обманчик)
Алдар көсе

Шеңбердегі 6-шы бөлік бойынша жасырылған сұрақтар
1-сұрақ: Аң аулауға көмектесетін құс.
бүркіт

2-сұрақ Адамның қатынас құралы не?
Тіл

3-сұрақ Түйенің сүтінен дайындалған сусынның аты қалай?
шұбат
Шеңбердегі 7-ші бөлік бойынша жасырылған сұрақтар
1-сұрақ. Махамбеттің жан серігі, пір тұтатын адамы кім?
Исатай

2-сұрақ. Дүниежүзіне аты әйгілі қазақ палуаны кім?
Қажымұқан

3-сұрақ. «Айсберг» сөзінің қазақ тіліндегі баламасын тап.
мұз тау
Шеңбердегі 8-ші бөлік бойынша жасырылған сұрақтар
1-сұрақ. «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім?
Олжас Сүлейменов

2-сұрақ. Қазақ академиясының алғашқы президенті кім?
Қ. Сәтбаев

3-сұрақ. Қазақ хандығының іргетасын қалаған кім?
Жәнібек, Керей
Шеңбердегі 9-шы бөлік бойынша жасырылған сұрақтар
1-сұрақ. Аты аңызға айналған қайсар да батыл адам кім?
Б. Момышұлы

2-сұрақ. «Қазақ вальсінің королі» кім?
Ш. Қалдаяқов

3-сұрақ. «Қазақ халқының Гомері » атанған және жүз жасаған ақыны кім?
Жамбыл
Шеңбердегі 10-шы бөлік бойынша жасырылған сұрақтар
1-сұрақ. Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесің?
Тұсау кесер, беташар, шілдехана, бесік жыры т.б.

2-сұрақ. Қазақстанның қорықтарын ата!
Ақсу-Жабағылы, барсакелмес, алакөл, марқакөл, үстірт, қорғалжын, наурызым, т.б.

3-сұрақ. Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің?
Отан-оттан да ыстық. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл т.б.

Ойын аяқталған соң, әр оқушы өзінің жинаған ұпайларын санайды. Ұпай санына қарай қай оқушының жүйрік, білімді екенін анықтаймыз. Жүлделі орындарын белгілеп, қошеметтеп, ұпай санына қарай сыйлықтарын береміз.
Жүргізуші:
Бұл жеңіс – сенің жеңісің,
Бұл достықпен байланысқан қол ұшың
Бұл өнерлі оқушының тасқыны
Бұл ересен, сынып толы, қол ұшы.
Мақтан, ерлік, желпін, жеңіс желіне
Ие болдың абырой-атақ, сенімге
Бүгінгі алғыс арналады өзіңе
Білімді, ұрпақ, мақтан тұтар еліңе!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Бибинур (17.02.2015) | Автор: Жумагулова Бибинур Бекеновна
Просмотров: 510 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 bayan0208   (12.04.2015 10:51)
«Ойна да ойлана біл !» ойыныңыз қызықты,оқушылардың барлығы белсенді қатысқан шығар.Сізге шығармашылық тілеймін.

1 Raihan-skola   (27.02.2015 15:25)
Оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, тілге деген қызығушылығын  іскерлік ойындар арқылы шыңдауға арналған іс-шараның маңызы зор. Елін сүйген ұлт жанды оқушыларды тәрбиелей беріңіз.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz