Жұмағұлова Бибінұр Бекенқызы Н.Г.Чернышевский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Ұялы телефоны: 87753943335 Үй телефоны: 52-05-36
Тіл – арың,тіл –әнің (интеллектуалды ойын ) Мақсаты: Оқушылар бойына ана тілге деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш қасиеттерін сіңіру, сөздік қор, сөз шеберлігін дамыту. 1-жүргізуші: Құрметті көрермендер, бүгінгі ойын ана тіліне деген сүйіспеншілікті арттырып, таза, шешен сөйлеуге, елін, тарихын, тілін сүюге тәрбиелеу мақсатында өтеді. Қатысушылар «Қыран», «Ұлан» топтарына бөлінеді. Әр топтпа 5 оқушы. Ойында топтарды бағалайтын әділқазылар алқасы тағайындалады «Қыран» тобының ұраны: Ардақтайық, ана тілді! «Ұлан» тобының ұраны: Менің тілім-мәңгі өлмейтін өлең-жыр Сұрақтар жазылған қима қағаздарды топ жетекшілері алып, жауап береді. 1.Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылы? (1991 жыл) 2.Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды? (1993жыл) 3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл? (Қазақ тілі) 4.Ана тілі үшін, елі үшін құрбан болған азаматтарды атаңдар. 5.Еліміздегі ең биік тау шыңы. (Хан тәңірі) 6.Тіл туралы Заң қашан қабылданды? (1997 жыл, 11 шілде) 2-жүргізуші: 1.Жеті ұғымы.Табиғаттың тылсым сыры көп. Көшпенділер ұғымында күннің көзі 7 бөлікке бөлінеді. Аптада 7 күн. Бір ғажабы,бұл атаулар өзгермейтін өлшем бөлшектері. Қазақта 3,5,7 сандары киелі болып есептеледі. Білімдар кісіні «Жеті жұрттың тілін біледі» дейді. Әз Тәуке ханның «Жеті жарғысы» мен жеті қазына атауларындағы 7-лік санның тектен-тек тумағандығы айқын. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген даналық тұжырым ұрпақ көшінің үзілмеуін тілеген ізгі ниеттен шықты. Жеті жұмбақ сайысы Жеті жұт 1.Құрғашылық 2.Жұт 3.Өрт 4.Оба 5.Соғыс 6.Топан су 7.Зілзала Жеті қат көк 1.Ай 2.Меркурий 3.Шолпан 4.Күн 5.Марс (Өмірзая) 6.Муштари (Юпитер) 7.Сатурн Жеті жетім Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім, Иесіз қалған жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім, Аққу,қазсыз көл жетім, Жерінен айырылған ел жетім, Замандасы қалмаса, Бәрінен де сол жетім. Жеті қазына 1.Сұлу әйел 2.Ер жігіт 3.Қыран бүркіт 4.Берен мылтық 5.Жүйрік ат 6.Құмай тазы 7.Ақыл,білім 1-жүргізуші: Бәйге жарысы.Тіл туралы мақал-мәтелді екі топ кезекпен жарыса айтады. 2-жүргізуші: Келесі ойын сайысымыз-Тапқырлық Жұмбақ: 1.Сүйексіз ғып жаратқан, Жұртты ауызына қаратқан. ( Тіл) 2.Өңшең тістің арасында,бір патша ( Тіл) 3.О жағы мәрмәр, Бұл жағы мәрмәр, Ортасында, Сандуғаш сарнар. (Тістер және тіл) 4.Сырлы сандықта бір сылым ет. (Тіл) 5.Екі әскер соғысып жатыр, Ортасында бір елші (Тіс пен тіл) 6.Ақ тоғайдың ішінде Кісінейді күрең тай (Тіл) Жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ қазақ емес, Нағыз қазақ –домбыра демекші енді екі топ домбырамен күй шертіп, ән айтып,би билеп өнер көрсетеді. 1-жүргізуші: Балалар, ана тіліміз бен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі оның өрлігінде ,орасан зор байлығында. Қуан, далам! Қуантатын күн бүгін Серпіп таста (мұңды) Мұңды жүрек түндігін « Тіл туралы » Заңым енді күшіне Паш еткендей Кескен жаңа кіндігін. Қуан, бабам! Қуанатын жөнің бар. Халық жауы атандық-ау, Сол үшін ғұмырыңды Құрбан етіп жолында ар. Қуан, анам! Ұзағынан сүйініп, Сәтіңде көп Кейде кеткен түңіліп. Ақ сүтіңмен Бойға біткен тілімді Пір тұтамын, Мен алдыңда иіліп. (Барлық оқушылар бастарын иеді) Сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.
Оқушылар бойына ана тілге деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш қасиеттерін сіңіру, сөздік қор, сөз шеберлігін дамыту барысында жақсы өткізілген іс-шара. Шығармашылығыңыз өсе берсін.