Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 03:18

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Қансонарда бүркітші шығады аңға

Математика, физика және химия сабақтарында  оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

А. О. Сағыбекова, Ш. Уәлиханов атындағы № 12 көп салалы гимназияның информатика пәнінің мұғалімі

Мектептерді қазіргі ЭЕМ-мен кеңінен жабдықтау көптеген мектеп пәндерді, оның ішінде математиканы, физиканы сондай-ақ химия пәндерін оқыту кезінде оқу ақпаратының көрініп, бейнеленуі үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.

Мұғалім компьютерді физика, химия сабақтарында физикалық, химиялық құбылыстар мен процестер механизмінің арасындағы байланыстарды көрнекі түрде беру үшін бірегей құрал ретінде пайдаланады.

ЭЕМ жоғарыда аталған пәндерді оқытудың бір құралы ретінде көрнекілікті арттыруға көмектесіп, сол арқылы оқушылардың танымдық әрекетін күшейтуге ықпал етеді.

Физикалық құбылыстар мен процестерді арттыруға графиктік бейнелеу кезінде көрнекілікті арттыру үшін ЭЕМ-нің түстік мүмкіндіктерін пайдаланған ұтымды.

Оқушылардың ойлану қабілетін дамытатын мүлде жаңа мүмкіндіктер оқу процесіне есептеу техникасы құралдарын енгізуге байланысты ашылады.

Компьютер  белгілі бір есеп шешімінің бірқатар варианттарын жылдам іріктеп алып, бағалауға, салыстыруға және ең дұрысын таңдап алуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, шешімнің сан алуан варианттарын салыстырып алып,  бағалауға, сөйтіп ұтымдысын таңдап алуға жәрдемдесетін компьютердің қиыстыратын (комбинаториялық) мүмкіндікткерін пайдалану. Үшіншіден, графиктік әдістермен шешілетін математикалық, физикалық есептердің санын күрт көбейтуге жағдай жасайтын қазіргі ЭЕМ-нің бай графиктік мүмкіндіктері.

Компьютер мектептегі физикалық, химиялық эксперименттерді дамытуда, эксперименттік есептерді кеңейтуде, оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіруде ерекше орын алады. Бұл жерде компьютер үш қызметті атқара алады:

-зерттелетін  обьектілер мен құбылыстардың ұқсас модельдерін салу;

-физикалық, химиялық процестердің параметрлерін өлшеу мен бақылау құралы;

-физикалық, химиялық эксперименттердің нәтижелерін өңдеу құралы;

Компьютерлік модельдерді пайдалану оқушыны экспериментті жүргізуге байланысты көптеген үйреншікті операциялардан босатып үнемделген уақытты көптеген өлшеулер жүргізуге, экспериментті басқа жағдайда қоюға және т.б.  пайдалануға мүмкіндік береді.

Компьютерді физикалық процестердің параметрлерін өлшеу мен бақылау құралы ретінде пайдалану физиканы оқытуда есептеу техникасын енгізудің өте өзекті де маңызды бағыты. Бұл, бір жағынан, физика, химия  пәндерінен лабороториялық-практикалық сабақтардың мүлде жаңа түрлерін жасауға, екіншіден, компьютерді  қазіргі зерттеу әрекеттеріне тән «лабораториялық интерфейс» ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Физикалық, химиялық құбылыстар мен эксперименттің моделін жасау танымдық жағынан ғана маңызды емес, ол сондай-ақ зерттелетін материалға деген ықыласты арттырады. Ол параметрлерді өзгертіп, нәтижелерді бақылап, талдау жасай отырып құбылысты зерттей алады және өз байқауларының негізінде қорытындылар жасауға мүмкіндігі болады. Әрі онда зерттеу, шығармашылық қызмет үшін үлкен мүмкіндіктер пайда болады, бұл танымдық қызығушылыққа, белсенділікке, ойлануға әсер етеді. Физика курсын (Томсанның, Иоффе-Милликеннің, Резерфордтың, Штерннің және т.б тәжірибелері) меңгеру кезінде оқушылар тәжірибелердің жазба нұсқасын, алынған нәтижелерді енжар қабылдаумен шектеледі. Бұл, әрине, қарастырылатын материалды репродуктивті түрде меңгеруге әкеледі.  

Имитациалық  модельдері бар оқу экспериментін пайдаланумен қатар компьютерді жаңа материалды (графиктік материалмен жұмыс) үйрену кезінде пайдаланудың үлкен әдістемелік құндылығы бар.

Орта мектепте математиканы және физиканы оқытуда графиктік бейнелеумен (графиктер, жазба нұсқалар, диаграммалар, т.б) тығыз байланысу негізінде жүруі тиіс. Курста өтілетін көптеген мәселелерді қарастыру графиктерді кеңінен пайдаланбайынша тиімді болмайды. Функционалдық  байланысты графиктік түрде бейнелеу   дидактикалық жағынан оқушылардың ойлану қабілетін дамытады. Физикалық, химиялық құбылыстар мен заңдылықтарды айқын түсінуді қалыптастыруға зор көмек көрсетеді.

Сонымен, компьютерді қолданған жағдайда аталып отырған пәндерді оқытудағы графиктік әдістердің дидактикалық мүмкіндігі  артады, оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың жаңа мүмкіндіктері пайда болады, осы пәндерді үйренуге деген ықылас пен танымдық  әрекеттері күшейеді.

Математика, физика, химия пәндерін оқыту барысында компьютерді сабақтың түрлі кезеңдерінде: жаңа материалды меңгеруге, өткенді қайталау кезінде, лабороториялық жұмыстарды, өткізугенде және практикумда пайдалануға болатынын атап өткен жөн.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: teacher-almaty (25.03.2008)
Просмотров: 2514 | Рейтинг: 1.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz