Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 11.12.2016, 01:23

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Семей қаласы
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы 6 «А»

Н.Г.Чернышевский атындағы № 1 орта мектебі, Семей
Капашева Гульдана Муратбековна

Сабақтың тақырыбы: Семей қаласы
Сабақың мақсаты:
1) білімділік: септік жалғаулары бойынша алған білімдерін пысықтап, қайталау. Семей қаласы жайлы білімдерін толықтыру, тереңдету.
2) дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
3) тәрбиелік: оқушыларды Отанын, туған қаласын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс, жеке жұмыс, жаттығулар жұмысы, көрнекілік әдістері.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.

Көрнекіліктер: сөзжұмбақ,бейне слайдтар, кеспе қағаздар т.б.

Оқытудың техникалық құрал-жабдығы: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу
ә) түгендеу
б) оқушылар назарын аудару

Үй тапсырмасы
Балалар, өткен сабақтағы тақырыпты еске түсірейік.Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік.
1. Қазақстанның бас қаласы?
2. Ол қай өзеннің бойында орналасқан?
3. Астананың бұрынғы аты?
4. Қай жылы Ақмола Астана болып ауыстырылды?
5. Астанада нелер бар?
6. Астана туралы қандай өлең білесіңдер?
(Оқушылар өлең оқиды)

Енді септік жалғауларын қайталап өтейік. Қ.Мырзалиевтің «Жеті септік» өлеңін оқу үшін септіктің сұрағын қою керек.Септіктің сұрағын айтып, тақтаға жазамыз.

(Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.)



Жаңа сабақ
Балалар, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын мына сөзжұмбақты шешу арқылы білеміз.Мен сұрақты оқимын, ал сендер тақтаға жауабын жазасыңдар.
1.Қазақстанның бас қаласы?
2. Біздің қала қай өзеннің бойында орналасқан?
3. мақалды аяқтау керек
Өмір- үлкен...
4. Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі?
5. «Музей »сөзінің аудармасы?



Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- Семей қаласы. Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазамыз,тақырыпты жазамыз. Енді тақтадағы жаңа сөздермен танысайық.
Семей қаласы
Семей Қазақстанның Шығыс бөлігінде, Ертіс өзенінің бойында орналасқан.Ғылым мен мәдениеттің рухани орталығы Семей қаласының іргетасы 1718жылы қаланды. Қаланың пайда болуы Қазақстанның Ресейге қосылу тарихымен тығыз байланысты.(ескі қала суреттері)
Бүгінгі қала келбеті
Балалар, бүгінгі таңда қаламыздың қандай әдемі жерлері бар?
Фотосуреттерді көрейік. Семейде қандай ұлы адамдар дүниеге келді?
Оларға арнап қойылған ескерткіштер бар.Қаламызда саябақтар, ескерткіштер, мұражайлар өте көп.







Топтық жұмыс
«Көшеде» тақырыбы бойынша диалог құрастыру.
«Қала табиғаты» тақырыбы бойынша әңгімелеу
«Менің қалам » тақырыбы бойынша сұхбат дайындау

Тапсырмалар
Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауын қойып жазыңдар.

Сабақты бекіту
Сызба бойынша қала туралы әңгімелеңдер.

Бағалау
Үйге тапсырма: «Менің қалам » тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру, сурет салу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: FNV (04.02.2016) | Автор: Капашева Гульдана Муратбековна
Просмотров: 215 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz