Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 01:25

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Наурыз - жыл басы
Наурыз - жыл басы
(1-сыныптар арасында өткізілген мерекелік іс-шара)

Н.Г.Чернышевский атындағы № 1 орта мектебі, Семей
Капашева Гульдана Муратбековна

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мұсылман халқының жаңару, жаңғыру ұғымын білдіретін төл мерекесі-наурыз мейрамы жөнінде жалпы түсінік беру, ауызекі тілде ойын еркін жеткізуін қалыптастыру;
Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, тіліміз бен дінімізді құрметтей білуге, ізденуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: бала бойындағы ой-өрісті дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өз ойларын дұрыс жеткізе білу қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, арқан, асық.



1-жүргізуші:
- Армысыздар, құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар!
2-жүргізуші:
- Армысың, жылдың басы-Наурыз тойы,
Халқымның көптен күткен арман тойы.
Жыл құсындай кеттің де қайта оралдың,
Шаттық пен құт-береке өне бойың.
1-жүргізуші:
- Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілгендей жаз әуені,
Жыл сайын тойланатын мәңгі-бақи,
Наурызың құтты болсын, Қазақ елі!
2-жүргізуші:
- Бүгін «Ұлыстың Ұлы күні» ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, «Ақ түйенің қарыны жарылған күн». Ендеше Наурыз мейрамы құтты болсын!
1-жүргізуші:
- Наурыз мейрамы өте ерте заманнан бері әлемнің көптен халықтары тойлап келе жатқан мереке. Ескі ай аяқталып, жаңа ай туатын Наурыздағы өліарада қыс аяқталып, жаз басталмақ. Түн мен Күн теңеліп, күндізгі уақыт ұзармақ. Осы мезеттен бастап жан-жануарға, өсімдікке, жәндікке жан бітіп, қар кетіп, тіршілік түлемек.
2-жүргізуші:
- Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!
Наурыз тойы басталды
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
Наурызымыз құтты болсын, халайық,
Шашу шашып, ел боп қарсы алайық!
(Дәстүр бойынша шашу шашылады. Шашу шашылғанда «Наурыз» өлеңін қойып қою керек)





1-жүргізуші:
Халықтың айтуы бойынша, наурыздың 21-нен 22-не дейін қараған түні Қыдыр ата барлық босағаны аттап, төрге шығып, бақыт, мереке, қуаныш әкеледі екен. Ендеше тойымызды Қыдыр атамыздың батасымен бастайық.
2-жүргізуші:
- Қош келдіңіз, құрметті Қыдыр ата төрлетіңіз, қадірлі қонағымыз болыңыз. Балаларға батаңызды беріңіз.
(Қыдыр ата батасын береді.)

1-жүргізуші:
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша! – бүгінгі мейрамымызды біз сайыс түрінде өткізгелі отырмыз. Сайыста бағын сынау үшін әр сыныптан 1 ұл, 1 қыздан келіп отыр екен. Аруларымызды және жігіттерімізді ортаға шақырайық. Қол соғып қошеметтеп отырайық!





2-жүргізуші:
- Ендеше сайымыздың шарттарымен таныстырып өтелік
1. Таныстыру
2. Өнерлі өрге жүзер (Өз өнерін көрсету)
3. Шебердің қолы ортақ (Аруларымыз түйме тігеді, жігіттеріміз қол күрестіреді.)
4. Сурет бойынша ұлттық киімдерді атау
5. Әр сыныптан бір өнер көрсету
6. Аудиториямен жұмыс (арқан тартқызу)
1-жүргізуші:
- Енді сайысымызға әділ баға бағалап, төрелігін айтатын, әділ қазыларымызбен таныстырып өтелік. Әділқазылар алқасының төрағасы: мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары- Жанар Шамиқызы. Сонымен бірге қазақ тілі мұғалімі Қанипа Хасанқызы.
- (Сайысты бастап әр бөлімге аса мән беріп өткізу. Әр сайыс сайын әділқазы алқаларынан ұпай сандарын сұрап отыру)
Соңында әділқазы алқасынан шеуші бағалары сұралып, мадақтама қағаздар беріледі.
2-жүргізуші:
- Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспанын бүркеп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!
1-жүргізуші:
- Теңеліп түн мен күндізі,
Ымдасып ай мен жұлдызы
Жайраңдап елдің ұл-қызы,
Келді Наурыз-жыл басы!
2-жүргізуші:
- Көктем гүлі сән қосқан сәнімізге
Құстар әні нәр берген әнімізге
«Жақсылыққа жыл басы-Ұлы Наурыз»
Құтты болсын ағайын бәрімізге-дей отырып осымен сайысымыздың соңына да келіп жеттік. Келіп тамашалағандарыңызға шексіз алғысымызды білдіреміз. Қош сау-саламат болыңыздар.

Мерекедегі оқушылардың әр сайыста көрсеткен өнерлері
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: FNV (04.02.2016) | Автор: Капашева Гульдана Муратбековна
Просмотров: 245 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz