Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 02:58

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Тілдер мерекесіне
«Озық ойшылдар»
Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлануға , ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;
Функционалдық сауаттылықтарын дамыту;
Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін шыңдау;
Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, желімдер, сызба, маркерлер, ватман, қайшы
Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Ұландардан үлгі алайық, балалар!

- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 6-11 сынып оқушыларының арасында «Озық ойшылдар!» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Олай болса, әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
- Шаймерденова Әсемгүл Мұхаметәліқызы
Нұрмақанова Гүлжанат Есенжолқызы
Шонаев Нұрсұлтан Сәкенұлы
- Бүгінгі интеллектуалды ойын қасиетті7санына сәйкес 7 бөлімнен таныстыра кетейін.
1.«Ұшқыр ойшылдар!» «Қарлығаш» сөзінен бірнеше сөз жасау
2. “Қас – қағым сәтте” 5 сұраққа тез жауап беру
3.“Тұлғаны тани біл” Ұлы адам туралы берілген ақпарат арқылы суретін көрсету, бір өлеңін жатқа айтып беру
4. «Шебердің қолы алтын» «Киіз үй макетін жасау» 20 минут
5.«Ойлы болсаң, озып көр!» логикалық жұмбақтар әр топқа 2 жұмбақтан
6. «Тоқсан ауыз сөздің түйіні бар» берілген мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтел тауып қорытындылау.
7. «Білгірлерміз!»
Жіктеуге болмайтын сөздерді анықтау.

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.
І кезең.
«Ұшқыр ойшылдар!» «Қарлығаш» сөзінен бірнеше сөз жасау. Қай топ ең көп жаңа сөз ойлап тауып, әділқазыларға береміз.

ІІ - кезең.“Қас – қағым сәтте” деп аталады.
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 3 ұпаймен есептеледі.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра, ойынымызды жалғастырамыз.

1 - тобы:
1. Қыс айларын ата.
2. Жай сөйлем айтылу мақсатына қарай неше топқа бөлінеді?
3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
4. Биыл Тәуелсіз Қазақстанға неше жыл?
5. Жиренше деген кім?

2 - тобы:
1. Мемлекеттік тудың авторы ?
2. Көктем айларын ата.
3. Жалғаудың неше түрі бар?
4. А. Құнанбаев кім? (ақын)
5. Мақал-мәтелдер қандай әдебиетке жатады?

3 - тобы:
1. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді қалай атаймыз?
2. Нағашы деген кім?
3. Жылқының сүтін қалай атаймыз?
4. Әнұранның сөзін жазған кім?
5. Кіші жүздің «төбе биі»кім?

ІІІ кезең . «Тұлғаны тани біл!»

Ол Солтүстік Қазақстан облысында туған. Оның әкесінің аты-Бекен. Бұл ақын Отан, махаббат, ана, өмір туралы тамаша өлеңдер жазған.Өлеңдері «Мен жастарға сенемін», «Қарағым», «Анама» т.б. Ол Сталин репрессиясының құрбаны болған. Ол кім?

Қазақтың талантты ақыны. Ақпан айында Алматы облысының Нарынқол ауданында туған . Ол ХХ ғасырда өмір сүрген.Оның «Үш бақытым» деген өлеңі бар. Ол кім?

Қазақты бүкіл әлемге танытқан. Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Әжесі мен анасының тәрбиесінде болған. Семейде Ахмет Риза медресесінде оқыған. Оспан деген інісі болған. Ол кім?

IV кезең
«Шебердің қолы алтын» (Киіз үйдің макетін жасау) біз бұл сайысты 20 минут беріледі.
Әділқазылар бағалау критерий алдарыңызда, бағалауларыңызға болады.
(Бұл уақытта көрермендермен , жанкүйерлермен жұмбақтар, сөзжұмбақтар шешеміз)
V кезең
«Ойлы болсаң озып көр!»
Әр топқа 2 жұмбақтан беріледі, ойлануға 2 минут.

VI кезең

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» Берілген мәтінді мұқият оқып, мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтел айту.

VII кезең
«Білгірлерміз!»

Жіктеуге болмайтын сөздерді анықтаңдар.
Телефон, мұғалім, кітап, ұшқыш, сызғыш, машина,үлкен, әдемі, әдепті,үй

Қорытынды кезі
Қазылар алқасы әр топтың ұпайларын айтты.
Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, салт - дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!

Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту.
Мәтінді оқып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.

І топ. Алты түлкі
Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:
-«Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.
- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:
- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.

ІІ топ. Атасы мен немересі
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді.
Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)

ІІІ топ. Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.
Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып, етін қазанға салайын деп жатады. Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.
Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан тапсырыпты.
Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып;
Әй, Әттеген - ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті. Шибұттың даусын естіп, Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;
- Ойбай! Бауырым - ай!- деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті
(Ұрлық - түбі қорлық)

1. Бір арбаға жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 27 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? (27 км жүрген)
2. “ Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне – бірі:
- Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді. Олар бірін – бірі қалай көреді?
(Қарғалар бір - біріне бетпе - бет отырғандықтан, олар бірін – бірі көреді.)
3. Қара ағаш басында 5 алма өсіп тұр. 1 жерге түсіп қалды, нешеуі тал басында қалды? (Қара ағашта алма өспейді)
4. Бір – бірімен жарысқа,
Бес аю, бір арыстан
Екі қой мен үш түлкі
Бәрі нешеу, кім білді? (Барлығы 11)
5. Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді. Дастан 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды? (5 стақан)
6. Үш тұйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (Түйеқұстар ұшпайды)

Көрермендерге арналған қосымша тапсырмалар:
1. «Сандар сөйлейді»
2. Жұмбақтар
3. Сергіту
4. Бейнеролик
5. бұл не?

Источник: http://teacher-almaty.clan.su/confirm/b88ada47b5107247c63f23719655f9e46f0bc3d5f430d1719f30bea4454316e0a9299f280b670b75f1
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: missbakhtygul (25.10.2016) | Автор: Бахтыгул E W
Просмотров: 30 | Теги: қағым, ойшылдар, сәтте, қас, ұшқыр | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz