Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 29.06.2017, 03:30

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [29]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [7]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [49]
Информатика [60]
История [57]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [187]
Математика [86]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [43]
Музыка [103]
Начальная школа [406]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [134]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [21]
Технология [21]
Физика [21]
Химия [31]
Экологическое воспитание [14]
Самопознание [36]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1584
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Қ. Бітібаеваның оқыту технологияларын пайдалана отырып, орыс тілінде білім беретін мектептерде әдебиетті оқыту
Қ. Бітібаеваның оқыту технологияларын пайдалана отырып, орыс тілінде білім беретін мектептерде әдебиетті оқыту

Әдебиет - заманалар тарихының, ұлы оқиғалардың, адамзат тіршілігінің, таным-нанымдарының көркем шежіресі. Әдебиет адам баласымен бірге жасап, оларға рухани күш-дем беріп, бірге дамып, өсіп келе жатқан өнердің бір түрі.
Әдебиет - жан сабағы, сол жаныңды тербететін ән сабағы,
Әдебиет - асыл сөз сабағы.
Әдебиет - сезім мен сұлулықтың сырға толы сазды мекені.
Әдебиет - достарыңмен табысып, жүрек қылын шертер жан сабағы.
Әдебиет сабағы-терең білім беретін, тіліңді дамытатын, сөздік қорыңды байытатын, өз ойыңды еркін айтатын пән. Осы пәнді оқыту арқылы білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың ілгерінді қадамының бірі – Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы болып табылады.
Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы педагогика ғылымдары академиясының академигі Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы – әдебиетті оқытудың өрісі кең, өзгеше жүйесін қалыптастырып жүрген шын мағынасындағы ұстаз, санаулы тұлғаларымыздың бірі болды.
Қ. Бітібаева әдебиетті «өмір сабағы, өнер сабағы, ой сабағы, ойлану сабағы» -деп білді. Ол өзінің әрбір сабағын өзегінен жарып шыққан өнер туындысы дәрежесіне көтеруді мұрат еткен ұстаз болды. Ұлағатты ұстаз ұшқыр ойы, ашық пікірі, оқу тәрбие үрдісін жетілдіруде тың серпіні бар, өзінің жеке шығармашылық зертханасы қалыптасқан өте іскер жаңашыл ұстаз болды.
Қ. Бітібаева оқыту үрдісінде оқушының рухани жан дүниесін, ой еңбегінің күрделі процесінің заңдылықтарын, жеке адамның қалыптасу ерекшеліктерін зерттеген және қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың жаңа жүйесін қалыптастырған ұстаздардың бірі. Ұстаз «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары» атты оқу құралында: «... әдебиет пәні жас жеткіншектерге жай ғана білім беріп қоймайды, ол өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді.... Бұл пән жас қауымды мақсатты өмір сүруге үндейді, оны туған анасын сүюден Отанын сүюге, бүкіл адамзатты сүюге дейін жетелейді. Әдебиет пәнінің алдында тұрған осындай қасиетті мақсат ең алдымен сабақ процесінде, оның әр тақырыбында жүзеге асырылуға тиіс. Сондықтан әр сабақты, яғни әр сабаққа бөлінген 45 минутты тиімді етіп ұйымдастыра білу ісі мұғалімнен ерекше творчестволық жұмысты, ойлы да зерделі еңбекті талап етеді»,- дейді. Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, еліміздің әрбір мұғалімі Қанипа Омарғалиқызының бай тәжірибесін, белгілі ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн деп ойлаймын.
Ұлы педагогтың қазақ әдебиетін жүрегімен сезінуге, оны оқыту мәселелерін жан-жақты талдауға арналған еңбектері мен жаңашыл көзқарастары бізге жол көрсетіп отырған нағыз бағдаршам болып келеді.
Бұл жолда еңбектенуші әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде ұлы ұстазымыздың ұстанымын күнделікті сабақтарында тиімді пайдалануда.
Өзге тілді мектептерде өтілетін қазақ әдебиеті пәнін оқытудағы мақсат - оқушылардың сөздік қорын дамыту, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, өз елінің тарихымен, қазақ халқының әдеби мұрасының озық үлгілерімен басқа тілді оқушыны етене таныстыру. Сабақты түрлендіріп өткізу, көрнекілікті пайдалану, жаңа технологияны қолданудың берері мол. Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта Қ.Бітібаеваның әдебиетті оқыту технологиясындағы оқыту түрлерін іс жүзінде тәжірибемде пайдаланып жүрмін.
Әдебиетті оқытуда оқулық авторы туралы, не болмаса қаз қалпындағы мазмұндауды мақсат етпей, сол шығарма туралы оқушы пікіріне, ойына ерекше көңіл бөлу, оқушыны оқыту емес, оқу арқылы ой, ойлану, ойланту қажет екеніне көңіл бөлген жөн. Мәселен, жетінші сыныпта жүргізілген «Абайдың отыз сегізінші сөзі» атты сабағымда төмендегідей кеспе қағаздарды пайдаландым.
Сүйінбай Аронұлы Абай Құнанбайұлы
Сүйінбай Аронұлы ұқсастығы Абай Құнанбайұлы





Сүйінбай Аронұлы Абай Құнанбайұлы
(1815-1898) (1845-1904)
Сүйінбай Аронұлы
Жақсы және жаман адамның сипаттары Абай Құнанбайұлы
Отыз сегізінші сөзі
Жақсы қасиет Жаман қасиет Жақсы қасиет Жаман қасиет






Абай Құнанбайұлы
Отыз сегізінші қарасөзі

Шығарманың бас кейіпкері бар ма?
Бар болса кім? Абайдың қарасөзі кімнің
ойын білдіреді? Абай бар асыл сөзді кімге арнайды? Шығарманың негізгі мақсаты не?


Ұстаз өтілетін жаңа тақырыпқа алдын ала тапсырма беріп, ой тастайды да сабақтың өн бойында ол шешуші роль атқарып отырады. Үй тапсырмасы, жаңа сабақ, оларды бекіту, қорытындылау кезеңдерін бірлікте қарастырып бүтінге айналып кетеді. Сабақтың өн бойында, әр кезеңдерінде оқушылар «ой тастауда» белгіленген ауқымды мақсатқа жетудің жолдары жүйелі түрде ойландыру; ойлау іс әрекеттері арқылы жүзеге асып отырады.
Қ. О. Бітібаеваның әдебиетті оқытудағы инновациялық технологиялары - баланы ізденімпаздыққа, өз бетімен білімін жетілдіруге, өзінің ішкі мүмкіндіктерін тануға жетелейтін озық әдістер мен тәсілдер. Қазіргі таңда қолданыста жүрген «модель», «жоба», «бағалау парағы», «постер жасау», «миға шабуыл», «технологиялық карта» терминдері ұстаз еңбегінде, оның білім беру әдіс - тәсілдерінде бұрыннан да бар екендігін еңбектерінен көре
аламыз.
Тілді дамыту, сөздік қорды қалыптастыру орыс мектебіндегі қазақ тілі мұғалімдерінің басты міндеті. Елбасы қазіргі таңда тілді дамыту мәселесін бірнеше кезеңге бөліп отыр. Сөз соңында ойымды еліміздің көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың мына сөзімен аяқтасам деп едім: Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса, қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орамында әрі қару, әрі қалқан, әрі батыр, әрі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: жанар (08.12.2016) | Автор: Баймуратова Жанар E
Просмотров: 307 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2017
    Сайт управляется системой uCoz