Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 26.06.2017, 08:33

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [29]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [7]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [49]
Информатика [60]
История [57]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [187]
Математика [86]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [43]
Музыка [103]
Начальная школа [406]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [134]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [21]
Технология [21]
Физика [21]
Химия [31]
Экологическое воспитание [14]
Самопознание [36]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1584
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

«Табиғат - тіршілік көзі»
«Өзін-өзі тану» гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Ахмет Айгүл Сүйеубайқызы

Сабақтың тақырыбы: «Табиғат - тіршілік көзі»
Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі идеясын ашу.Тапсырмалар арқылы алған білім сапасын анықтау, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік: Табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп, меңгерту, танымдық қабілетін арттыру;
Дамытушылық: интерактивті тақтадан суреттер көрсету арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру;
Тәрбиелік: Балаларды табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілік материал: интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелі қағаздар, тірек- сызба, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, іздендіру, дәлелдеу, шығармашылық жұмыс
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, ән- күй, сурет.
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру.
І. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына тоқталу.
Ал, бүгінгі сабағымыз табиғат –тіршілік көзі, оны қорғау жайында болмақ.
Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғатта болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жеріне әсерін тигізеді. Сондықтан да табиғаттың бір бөлшегін жою, өзіңе зиян келтіреді, сол арқылы адам баласының күн көрісіне залалын тигізеді.

қОсымша мағлұмат (слаид арқылы көрсетіп, ауызша әңгімелету)
1. Мына қорықтар әлемге әйгілі:
Наурызым қорығы 1934 жылы құрылды. Мұнда бірегей дала қарағайлы орманы бар.
Қорғалжын қорығы - дүниежүзілік маңызы бар суда жүзетін құстардың мекен орны ретінде Теңіз-Қорғалжын көлдерінің табиғи кешенін қорғау үшін 1968 жылы құрылды. Ақсу-Жабағылы қорығы - 1926 жылы құрылған. Қорықта марал, елік, арқар, сібірлік таутеке, ақтырнақ аю, ілбіс, доңыз, жайра, ұлар өмір сүреді.
Барсакелмес қорығы - бұл шөл кешенін қорғау және соған тән жануарлардың санын қалпына келтіру үшін Арал теңізіндегі аралда 1939 жылы құрылды. Аралда құлан, бөкен, қарақұйрық өмір сүреді;
Алматы қорығы - 1964 жылы құрылды. Қорықта марал, ілбіс, арқар, сібірлік таутеке, ақтырнақ аю, ұлар, қырғауыл, кекілік, құр өмір сүреді.
Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылды. Мұнда сүтқоректілердің 40 түрі өмір сүреді. Олардың ішінде қоңыр аю, бұлғын, марал, құстардың 200-ге жуық түрлері бар.
2. Сүйікті ұл-қыздарын бәйтерекке, ақ қайыңға, жауқазынға, құралайға, елікке теңеген. Сұлулықты, нәзіктікті- аққуға, мөлдір бұлаққа, батылдықты, батырлықты-сұңқарға, қыранға балаған. Ер азаматын-асқар тауым, қара орманым деп қастерлеген. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», «Су ішкен құдығыңа түкірме», т.б. деген мақал-мәтелдерде терең ой, тәлім – тәрбиелік бастау жатыр.
3. Табиғат арқылы адам бойына сұлулық пен әсемдік дамыту идеясы қазақ ағартушылары мен жазушыларының, ақындарының еңбектері мен өлеңдерінде толық көрсетілген. Мысалы Абай, Сәкеннің, Шоқанның, Ыбырайдың, Мағжан, Жамбыл, Ілияс пен Қасымның, Мұқағали ағаларыңның өлең-жырларынан көркем жазылған табиғат суреттерімен танысып жан рухына бөленуге болады. Мыс:
Алып Жер – адамның бесігі,
Тербесін сәбиін, тербесін.
Адамзат, бақыт нәсібің
Абайла, төгіле көрмесін , - деп Мұқағали ақын жырлағандай қазақ жерін сүю, табиғатын қастерлеу, табиғатына бас ию- әрбір адам борышы.
1. « Қазақстанның табиғаты» туралы интерактивті тақтадан бейнефильм көрсету, тыңдату, диалог құрастыру.
2. «Табиғатты аялайық!» мәтінін мәнерлеп оқыту, сұрақ- жауап әдісі арқылы әңгімелету.
3. Ассоцияция құру. «Табиғат» деген сөзді естігенде сендер қандай ассоцияцияларды көз алдарыңа елестетесіңдер?
« Табиғат» -

4. Суретпен жұмыс. Табиғатқа зиян келтіретін не деп ойлайсыңдар?
Табиғатқа зиянды нәрсе – адамның тіршілік заңын жақсы білмеуі.
Табиғатқа зиянды нәрсенің бір көзі – автокөліктер. Адамдардың көбі табиғатқа жанашырлықпен қарамайды. Мысалы, су жағасына қоқыс төгеді. Сол себепті, су қоймаларының көпшілігі су ішуге жарамсыз болып қалады
Сабақты қорыту.
Ал, балалар табиғатты қорғау біздің міндетіміз дедік. Ендеше табиғатты қорғаудың жолдарын атап өтейікші? Мыс:
а) Табиғи ортаны таза ұстау, жақсарту, бұлақ көздерін ашу.
ә) Табиғатты қорғау жөнінде үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу.
б) Табиғи орынды сақтау. Ауаны, суды ластамау, т.б.
Сабақты бекіту.
Табиғат күллі тіршілік алушының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт берекесі.
Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік!!!
Сабақты бағалау.
Берілген тапсырмаларды қалай орындағанына және сұрақтарға жауап бергеніне байланысты бағалаймын.
Үй тапсырмасы:
«Табиғат» туралы шағын эссе жазып келу.
3-4 мақал- мәтел жаттап келу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ТатьянаТатьянка (23.02.2017) | Автор: Ахмет Айгүл Сүйеубайқызы E
Просмотров: 103 | Теги: Табиғат | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2017
    Сайт управляется системой uCoz