Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 14.12.2017, 18:24

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [29]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [7]
Внеклассное чтение [16]
География [23]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [49]
Информатика [60]
История [57]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [195]
Математика [87]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [43]
Музыка [106]
Начальная школа [407]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [135]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [21]
Технология [21]
Физика [21]
Химия [31]
Экологическое воспитание [14]
Самопознание [37]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1611
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Тақырып: Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі.
Пән : Дүниетану
Тақырып: Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты Жануарлардың әртүрлілігі,пайдасы және олардың алуан түрлілігін топтық белгілерін ажырата білу,сұрақ қоя білу;
Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсіндіре алу.
Жануарлардың тұрақ атауларын түсіндіре алу.
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар білу керек:
Жануарлардың топтарын ажырата біледі.Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды айта алады.
Көпшілігі: Жануарлар түрлерін топтастыра алады.
Кейбір оқушылар: Жануарлардың қайда тұратынын түсіндіре алады.
Тілдік мақсаты Жануарлардың топтары ,тіршілігіне қажетті жағдай, тұрақ атаулары, мекендеу ортасына қарай : қоректенуіне қарай:
Айтып бере аласыз ба неге ...?
..... кейбір жануарлар өсімдікқоректі жануарлар деп аталады?
.....кейбір жануарлар жыртқыш жануарлар деп аталады?
.....кейбір жануарлар жәндікқоректі жануарлар деп аталады?
Жетістік критерийлері Оқушылар жануарлардың алуан түрлілігін топтық белгілерімен танысады;
Оқушылар жануарлар тіршілігіне не қажет екенін түсінеді.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларға жануарлардың аялауға үйретіп, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сөздік қор
Жабайы, табу, өсімдікқоректі, жәндікқоректі, қосмекенділер,жорғалаушылар,бунақденелілер,сүтқоректілер,кәрез,апан,ін,қора.
Пәнаралық байланыстар Дүниетану. Жануарларды қолға үйрету.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар

Сабақтың басы
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. «Тыныштық әлемінде».
Мақсаты:Бала бойында сабырлылықты, ұстамдылықты қалыптастыру.
Көзімізді жұмамыз. Денеміздегі қысымды жіберіп, денемізді бос қоямыз. Баршамыз жанға жайлы үлкен бір тыныштық әлемінде ұшып жүрміз. Керемет, өте тамаша, бұнда біз өзімізді өте еркін таңғажайып сезінеміз. Біздің барлық денеміз көзіміз, бетіміз, кірпігіміз, аяқ-қолымыз түгелдей дем алып жатыр. Мен өзімнің жеңілдегенімді сезіп көгілдір мұхит үстінде ұшып барамын.Айнала өте әдемі. Алыстағы өте әдемі таулар, көгілдір мұхит, жасыл орман бәрі менің жанымда. Бұлттарға көтерілуге болады. Мен сол бұлттарға көтеріліп қуаныш сезімін сезініп тұрмын. Міне менің жүрегімде қуанғаннан алып-ұшып соғып тұр. Бұл менің бақытты кездегі қуанғанда соғатын жүрек қағысым. Тіпті тоқтар емес, тоқтай алар емес.Маған өте жайлы және қолайлы. Мен сабырлымын және керемет дем алып тыныштық әлемінде ұшып жүрмін.Барлық табиғат сайраған құс, жүгірген аң, жәндіктерде бәрі-бәрі менің сабырлы болғанымды қалап тұрғандай. Тыныштық әлемі өте тамаша, жайлы, қолайлы, керемет. Жайлап көзімізді ашамыз.
Ал,балалар көз алдарыңа не елестеді?
Оқушылардың жаңа сабақтың тақырыбын айту, мұқият тыңдау, ажырата алу дағдыларын байқау үшін бірнеше дыбыстарды тыңдатамын.
-Балалар қазір біз сендермен әртүрлі дыбыстарды тыңдаймыз
(Табиғаттағы құстар жан-жануарлар дауысын естиді)
-Балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақ не туралы болмақ? (Жануарлар туралы)
Слайд арқылы сабақтың мақсатын көрсетемін:
Бүгінгі сабақта біз:
Жануарлардың әртүрлілігі,пайдасы және олардың алуан түрлілігін топтық белгілерін ажырата білу,сұрақ қоя білу;
Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсіндіре алу.
Жануарлардың тұрақ атауларын түсіндіре алу.
Балалар,кәне бәріміз еске түсіріп көрейікші.
Жануарлар қандай топтарға бөлінеді.
Үй жануарлары;
жабайы жануарлар;
балықтар;
қосмекенділер;
жорғалаушылар;
құстар.
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу үшін суреттер беремін. (жануарлар суретін беру)
(Т) Топпен жұмыс.Топқа бөлу барысы (жеке бағалау)Енді осы суретке байланысты топтасыңдар. Оқушылар қолдарындағы сурет бойынша 4 топқа бөлінеді.
1 топ: Үй жануарлары
2 топ: Жабайы аңдар
3 топ: Қосмекенділер
4 топ: Құстар
Сынып төрт топқа бөлініп отырады.Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптаытыру, жаңа сабақпен таныстыру мақсатында топпен жұмыс ұйымдастырамын.

АКТ, жануарлар суреттері

Сабақтың ортасы
(Т) Топпен жұмыс.
(Оқушылар топпен жұмыстар орындау барысында түртіп алу, топтық бағалауды пайдаланамын)
Әр топқа түрлі тапсырмалар беріледі. Топпен тапсырмалар орындау барысында берілген сілтемемен «Жануарлар әлемі» тақырыбына бейнекөріністі қоямын.
1 топ.
Жануарлар әлемін топтастыру.
Суреттегі жануарлардың қайсысы қандай топқа жататынын ажырату.
Құстар,сүтқоректілер, балықтар,бунақденелілер,қосмекенділер,жорғалау-
шылар.
2 топ.
Жануарлардың мекен ету ортасына байланысты жабайы және үй жануарлары деп топтастыру,ұқсастығы мен айырмашылығын,ортақ қасиетін табады.
3 топ.
Жануарлардың қоректенуіне байланысты топтастру.
Олардың аталу себебін, қорегі, тіршілігі, оларды қорғау керектігі туралы білетіндерін айтады.
4топ.
Жануарлардың тіршілігіне не қажет? Қажетті жағдайларды жазу.
Балалар,өздерің айтып өткендей жануарлар бірнеше топқа бөлінеді.Үй жануарының да тіпті жыртқыш жануарлардың да пайдасы бар.Оларды қорғау керекпіз.

Сергіту сәті
Берілген суретте жануарлардың тұрағын анықтау.Тапқан дұрыс жауаптарын үш тілде айту.
Мысалы, қазақша –аю,орысша-медведь,ағылшынша-bear.

(Қ) Оқушылармен қалыптастырушы бағалау жұмысын ұйымдастырамын.
Сабақты қорытындылау мақсатында төмендегі сұрақтарды қоямын.
1.Бүгінгі сабақта не үйрендік?
2. Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
3.Жануарлар тіршілігіне не қажет?
«Ыстық орындық»


Венн диаграммасы,постер,
түсті қарындаш,суреттер


Слайд

Слайд



Сабақтың соңы Кері байланыс:
«Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» - сабақ ұнаса белгілейді.
«Минус» - түсініксіз болса, белгілейді.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Айару6308 (17.03.2017) | Автор: Феруза E
Просмотров: 205 | Теги: Қуатова, Баймырзақызы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2017
    Сайт управляется системой uCoz