Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 11.12.2017, 20:16

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [29]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [7]
Внеклассное чтение [16]
География [23]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [49]
Информатика [60]
История [57]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [195]
Математика [87]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [43]
Музыка [106]
Начальная школа [407]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [135]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [21]
Технология [21]
Физика [21]
Химия [31]
Экологическое воспитание [14]
Самопознание [37]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1611
Статистика

Онлайн всего: 9
Гостей: 9
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Қазақ тілін оқытудағы инновациялық әдістемелерді қолданудың тиімділігі
«Қазақ тілін оқытудағы инновациялық әдістемелерді қолданудың тиімділігі»

Н.С. Байбашкарова
Қазақстан, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №2 Аршалы орта мектебі

Тақырыптың өзектілігі: Заманауи қоғамға тән ерекшелігі дамуы адамгершілік тұлғалық өсуіне үнемі қызығушылықтың жоғарылауы. Мектептегі сабақ оқылым, тыңдалым, жазылым,айтылымнан басталады. Ойын технологияларына сүйене отырып, ұстаздар төменгі буын оқушыларын алғаш рет білім негізімен сусындатады. Бастауыш сыныптарда білім алу процессі ойын технологиясы арқылы жүзеге асырылады. Бұл жұмыс, өз сабақтарын құру барысында шәкірттерінің ойлау және танымдық, қызығушылық қабілетін ояту бағытында интеллектуалдық-психологиялық мүмкіндігін кеңейтуге, оны өмірлік дағдыларға ұластыруға, қазақ тілін сапалы оқытуға, оқушылардың танымын кеңейтіп, ой-өрісін нығайтуға, өз сөзін дәлелді жеткізуге дағдыландыруды көздеп, қызығушылығын сан қырлы алмастыру мүмкіндігіне итермелейтін барлық шығармашылық жолында ізденістегі ұстаздарға қызықты болатынына сенімдімін.
Мақсаты: «Ойын технологиясын жас ерекшеліктеріне қарай тиімді қолдану» арқылы оқушының тілге деген қызығушылығын дамытып, қалыптастыру.
Ұлттық ойын элементтерін қолдану арқылы салт-дәстүрді білуге, сүюге тәрбиелеу негізінде, өзім дайындаған материалдарды сабаққа енгізіп, практика барысындағы нәтижелеріммен бөлісу.
Міндеттері:
1. Теориялық дереккөздерді оқып білу. Бастауыш сыныптарда ойын технологияларын қазақ тілі сабағында қолданудың теориялық негізімен таныстыру;
2. Өз тәжірибиемде ойын элементтері негізінде сабаққа материалдар дайындап оны қолдану, яғни, негізгі ойын түрлерінің технологиялары мен классификациялық мінездемесін, сонымен қатар, қазақ тілі сабағында ойын технологияларын қолдану методикасын құру;
3. Білім сапасын көтеруге және бастауыш буын оқушыларының ойын түрлері негізінде ой өрісін кеңейтуге бағытталатын тапсырмалар мен жаттығуларды қолдану. Қазақ тілі сабағында ойын технологияларын қолдану арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамытуды экспериментальді оқыту, ойын кезінде оқушының дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал
жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында.»
(Н. Ә. Назарбаев.)

Әр мұғалімнің мақсаты – сабағын қызықты және тартымды өткізу. Менің ойымша, бұл мақсатқа ойын түрлерін сабақта дұрыс қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ойын элементтерін қолдана отырып, ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Бұл – әдіс тәсілдер, орыс тілінде жүргізілетін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгеру дәрежесін, сөздік қорын ескере отырып, сабақты қызықты өткізу мақсатында қолданылатын қосымша құрал. «Ой – ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын арттыратын – ойын. Өзімнің сабақта қолданған жұмыстарым В.П.Беспалько, Л.С. Выготский және т.б. еңбектерінің негізінде жүзеге асырылады.
Оқушылардың негізгі іс-әрекеті ретінде қарасақ, ойын психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызды қызмет атқарады. Ойын баланың дамуын, танымдық көзқарасына, білімділігіне, тәрбиелігіне, дамытушылығына, сабақтағы белгілі бір бағыттағы материалдарды игеруіне, жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Жастайынан әр адам ойын ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Оқушылардың қалыптасуына ойынның түрі әрқалай әсер етеді, біреулері ойында шынайы өмірді бейнелесе, кейбіреуі ішкі сезімін білдіреді. Оқушылар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады». Сабақтағы ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер, ойын ережесі. Ойынның түпкі ниеті — ол сабақ тақырыбымен ойын тәсілдерін байланыстыра отырып, оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу қабілетін арттыру.
Қазіргі таңдағы орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері ұстаздарының басты мәселесі, ол өзге ұлт өкілдері балаларының қанша жыл оқығанымен қазақ тілін ұғыну мен сөйлеудегі пайыздық мөлшерінің төмендігі. Кез келген мәселені шешу оның түп тамырынан басталады. Яғни, бастауыш буын арасында ойын элементтерін қолдану, қазақ тілін меңгеруде үлкен жетістікке әкеледі. Өзімнің көпжылдық тәжірибеме сүйене отырып, кез келген тақырыпты жоспарлауда, ойындарды кезең бойынша бөлуді мұқият ойластырудың маңызы зор деген шешімге келдім. Сабақтарымның басында ойынды қолданудың мақсаты - балалардың белсенділігін ынталандыру, оларды қызықтыру мен ұйымдастыру. Ойынды сабақтың ортасында қолдану арқылы оқушылардың тақырыпты меңгеру тапсырмасын шешудің жолы болып табылады. Ал сабақтың соңында, ойын ізденістік сипатта болуы мүмкін. Осы тұжырыммен сіздерге жеткізгім келгені: ойын келесідей талаптарға сәйкес болуы қажет, қызықты, тартымды, қолжетімді және қызметтің әр түріне оқушыларды кіргізе алуы қажет. Осылайша, ойын сабақтың әр кезеңінде, онымен бірге, сабақтың әр түрінде өткізілуі мүмкін. Ойындық технологиялар біртұтас педагогикалық үдерісіне кіріп, бастауыш буын оқушыларының тәрбиесінде және оқу нысандарының басқа түрлерімен өзара байланысты және үйлесімді болып келеді, ойынды сын-тұрғысынан ойлау элементтерімен ұштастыру мүмкіндігі сапалы нәтиже береді.
Төмендегі ойындар арқылы бұл әдіс-тәсілдің нәтижелігін түсіндіруге болады:
1. Қазақ тілін жетілдіру.
1. «Ыстық орындық» ойыны. Бұл ойын арқылы оқушылардың сөздік қорларын тексеру мүмкін болады. Яғни, жаңа сөзді атау барысында оқушының орындығы алға қарай ұмтылады. Мәреге жеткен алғашқы оқушы жеңімпаз болады.
2. Өзіндік ойыны. Белгілі бір жауапқа қатысты сұрақ құрастыра білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
2. Шығармашылық қиялдың дамуы немесе сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттыру.
Оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы қиялдың және икемді, қалыптан тыс ойлау қабілетінің дамуын тұспалдайды. Шығармашылық көбісінде, өз сезімін білдіру арқылы, әлемді әр түрлі тәсілдермен ұсынуды көздейді. Ол үшін тапсырмаларды шешуде шығармашылық мүмкіндіктерді қолданып, өз қиялын қолдауды талап етеді. Бұл мақсатты көздеуде маған келесі ойындар мүмкіндік береді:
1. «Бұл неге ұқсас?» ойыны. Бұл ойында әр түрлі заттардың атауы аталады, оқушылардың ол затқа ұқсас басқа атауларды атау қажеттілігі туады. Қолшатыр – санырауқұлаққа ұқсайды; үй - ?; жаңбыр тамшылары - ?.
2. Сөздерді жалғасытырып, сәйкестендіру ойындары. Мысалға, жүргізуші автокөліксіз болуы мүмкін емес, дәрігер - ?; мұғалім - ?.
3. «Сөйлемді жалғастыр» ойыны. «Жақсы өмір – бұл...» , «Айнаға қарағанда …» және т.б.
3. Психикалық үдерістің (ойлау, зейін, жад қабілеттерінің) дамуы үшін ойындар.
Зейіннің алғашқы құрылу кезеңінде анықталған рөлдің бірі ересектерге жатқызылады. Ересектің «Сілтеу-стимулдары» оқушының зейінің бағыттайды, сыртқы тәртіптеудің қызметін орындайды. Кейін оқушы өз зейінің өзіндік басқаруға ауысады. Зейін мен жады тапсырмалар мен жаттығуда дамиды. Оған төмендегілер оң әсерін тигізеді:
- Материалдың сабақта ұсыну нысаны, мұғалімнің эмоционалды баяндамасы оқушылардың зейінің сақтауда көмектеседі;
- Сабақтың жақсы ұйымдастырылуы, мақсаттың нақты қойылуы;
- Қызмет түрлерінің ауысуы зейінді сақтауға көмектеседі, мысалы, диалогтық әңгіме тыңдалым мен жауап беруді қарастырады;
- Тәжірибелік жұмыс оқушыларды қызықтандырады, олар қызығушылықпен жұмыс жасайды;
- Сабақтағы жұмыстың оңтайлы қарқыны;
- Ұсынылатын материалдың көлемі.
Ақпаратты өндірудың түрлері бойынша жадыны механикалық және мағыналық деп бөледі. Адамда мағыналық жады механикалық жадыға қарағанда 25 есе жақсы, сондықтан бастауыш буын оқушыларымен жұмыс жүргізуде мағыналық жадыға сүйеніп, құрастыру қажет.
1. Оқушы өз сөзімен жеткізгені тез әрі жақсы есте сақталады. Яғни, өз пікірін жеткізу арқылы оқушының материалды жетік меңгеруін айтады.
2. Мәтінмен жұмыс жүргізген кезде сұрақтарды мәтінді оқудан алдын қою қажет. Мәтінді оқу алдында сұрақты қою, оқушының мәтінді оқу барысында сұраққа жауапты ізденуге, және жадының сақтау қабілетін дамытуға көмегін тигізеді және т.с.с.
Өз тәжірибемде жадыны, зейінді дамытуда келесідей ойындарды қолданамын:
1. Создермен ассоциация құрастыру: аспан-бұлт; бұлт – мақта; мақта – аурухана және т.б.
2. «Сөздер алқасы» ойыны 10-15 сөз айтылады, 1 минуттың әшәнде бұл сөздерді реттілігі бойынша қайта еске түсіру қажет болады.
3. «Зейінді бол» зейінділікті дамыту ойыны. Мұғалім оқушылармен «» 1-2-3 рет шапалақтайтыны туралы келіседі, ал оқушылар оған сәйкесті қалыпқа тұру қажет. (1 шапалақта – ләйләк қалпында, 2 шапалақта – бақа кейіпінде, 3 шапалақта – «топ-топ» кейіпін сақтау қажет.)
Осылайша, бұл жұмысыммен жеткізбек болған сөзім – баланың өй-өрісінің, жадының, зейіннің,шығармашылығының дамуын, тілді меңгерудегі қызығушылығын ояту ойын арқылы мүмкін болады.
Сабақта ойынды қолданудың нәтижелілігі, біріншіден, оларды жүйелі түрде қолданумен байланысты, ал екіншіден, таңдалған ойындар бағдарламасының жаттығулармен үйлесімді мақсаттылығына байланысты.
Өз сабақтарымды жоспарлауда, мен оқушылардың жаңа сөздерді, не болсамын граматикалық құрылымды ғана есте сақтаудан басқа, онымен бірге, әр баланың жеке қабілеттілігінің дамуы үшін барлық мүмкіндіктерді құруды көздеймін.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Nursulu1967 (27.11.2017) | Автор: Нурсулу E
Просмотров: 12 | Теги: казахская литература и казахский яз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2017
    Сайт управляется системой uCoz