Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 11.12.2017, 20:18

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [29]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [7]
Внеклассное чтение [16]
География [23]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [49]
Информатика [60]
История [57]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [195]
Математика [87]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [43]
Музыка [106]
Начальная школа [407]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [135]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [21]
Технология [21]
Физика [21]
Химия [31]
Экологическое воспитание [14]
Самопознание [37]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1611
Статистика

Онлайн всего: 9
Гостей: 9
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

«Витагендік технологияны» сабақта қолдану арқылы оқушылардың тіл білімдерін жетілдіру және тілге деген қызығушылығын ояту.
$IMAGE1$Байбашкарова Нұрсұлу Сапарбековна , қазақ тілі пәнінің мұғалімі ,
№ 2 Аршалы орта мектебі, Аршалы ауданы, Ақмола облысы
Тақырыптың өзектілігі : бұл жұмыс оқушылардың интеллектуалдық-
психологиялық мүмкіндігін кеңейтуге, оны өмірлік дағдыларға ұластыруға,
қазақ тілін сапалы оқытуға, оқушылардың танымын кеңейтіп, ой өрісін
нығайтуға, өз сөзін дәлелді жеткізуге дағдыландыруды көздеп, қызығушы-
лығын сан қырлы алмастыруға мүмкіндік береді.
Витаген сөзі - Vita латынша өмір деген мағынасын білдірсе, gen гректің тәжірибе деген сөзінен шыққан.
Витагендік технологияның алғашқы ашушы академик, педагогика ғылымдарының докторы, А.С.Белкин: «Витагендік оқыту дегеніміз – мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекетінің белгілі бір мақсатқа бағытталуы, сабақ үдерісінің оқушының жинақтаған тәжірибесі арқылы ұйымдастырылуы, оқушылардың ұжымдық тәжірибелерінің жүзеге асуы. Витагендік оқытуды ұйымдастыру сабақ жүйесі мен технологиясын өзгертуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұғалімнің оқушыларға берілетін материалдағы витагендік ақпараттан хабардар болуы тиіс. Ең бастысы, витагендік оқыту оқушылардың тәжірибелерін белсендірумен қатар, жинақтаған өмірлік тәжірибелерін жүзеге асыратын витагендік мүмкіндіктерін қалыптастырады» – дейді [2, 25 б.].
Бір сөзбен айтқанда бұл технология оқушылардың білімдерін шынайы өмірде қолдануға, және сабақты шынайы өмір тәжірибиесімен ұштастыра салыстыра өткізу арқылы оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі. Бұл менің өзімнің ойлап тапқан технологиям болмағанмен, сабақтарымда кеңінен қолданатын технологияларымның бірі.Осы технологияны қолдану арқылы оқушыларымның сабаққа деген қызығушылығының жоғарылағанын байқадым.
Мақсаты:
Витагендік технология негізінде сабаққа өзім дайындаған материалдарды енгізіп оқыту.
Міндеттері:
1. Теориялық дереккөздерді оқып білу.
2. Өз тәжірибиемде витагендік технология негізінде сабаққа материалдар дайындап оны қолдану.
3. Білім сапасын көтеруге және орта ,жоғары буын оқушыларының витагендік бағытта ой өрісін кеңейтуге бағытталатын тапсырмалар мен жаттығуларды қолданып байқау.
Ұстаздар сабағын қазықты және оқушыларға тиімді өткізу мақсатында әрдайым ізденісте болады, көптеген технологиялар мен әдіс тәсілдер қолданады, бағдарламалармен танысып оны іс жүзінде жүзеге асырады.
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп данышпан Абай айтқандай осы жұмыстардың бәрі оқушыларымыздың мына әр қилы және іліктес әлемде өз орындарын таба білуіне көмегіміз екенін естен шығармағанымыз жөн; басқа адамдардың құқығы мен бостандығын құрметтеуге үйрету, әр баланың қабілеті мен даралық дамуын қамтамасыздандыру мақсатында.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « XXI ғасырда білімін дамыта алмаған ел алға баспайды» деген болатын .
Міне, сондықтан сабаққа дайындалу –үйлесімді тәсіл мен тәлім тәрбие пішіндерін таңдауды талап ететін шығармашылық үдеріс.
XXI -ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін, жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті көп оқитын, көп білетін, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын оқушының өз бетінше білім алуына үйрете алатын болуы керек. Қазіргі мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік, сараптамалық қабілеттері болуы тиіс. Ол сонымен бірге ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгерген, ғаламдасуға байланысты «Интернет» жүйесін меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу керек. XXI -ғасыр ақпараттық-қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына байланысты, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Мұғалім - қоғам айнасы. Бүгінгі мұғалім кім ? Бүгінгі мұғалім –ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері, оқытушы, ұстаз, оқулық авторы, технолог, жаңалықты дәріптеуші, таратушы. Педагогикалық еңбекті ұйымдастырудың моделін жасау –қоғамдық-экономикалық сферадағы өзгерістерге сай шығармашылық жаңашылдық білім беру жолдарын талап етеді. Сондықтан мектептерде мұғалімнің кәсіби шеберлігі, мәдениеті, жоғары болып, шығармашылықпен жұмыс атқарып, өз білімін үнемі көтеру қажеттігі туындайды.
Өзімнің тәжірибиелік қызметімде жаңа заманауи біліми технологиялардың элементтерін қолданамын және оларды әр сабақта ой елегінен өткізіп, оқушылардың білім деңгейін, сабақ тақырыптарының ерекшешіктерін ескере отырып қолданысқа енгіземін, өз біліктілігімді әр қилы курстарда оқу арқылы жоғарылатып отырамын. Оқыту нәтижесі қолданылатын әдіс тәсілдерді жетік игере білуге байланысты деп ойлаймын.
Сабақта оқушыларға еркіндік бергенді ерекше бағалаймын, витагендік технологияны қолданғанда, СТО, рөлдік ойындар, кейс – технологиясы, Шаталовтың трек сызбаларын, АКТ т.б.технологиялар элементтерін кеңінен қолданамын.
Негізінен ұстаздардың сөзге шебер көп сөйлейтіні көпке мәлім, дегенмен кембридж әдісімен оқыту жеті модулін оқып білгеннен бері сабақтағы өз рөлімді қайта қарап сараптадым. Оқушыларымыздың сөзге шорқақ, ұялшақтығын жою жолындағы ізденісімде витагендік технологияға тоқталдым, оқушылардың аз да болса өз ойларын айта бастағанда қуанышымда шек болған жоқ. Өмір бір жерде тұрмайды, кейінірек сабақ беру әдісі өзгерер, ал қазіргі витагендік технология маған өте ұнайды.
Оқушыларға да ұнайды.

Қазақ тілін меңгертуде витагендік оқыту технологиясының мынадай

артықшылықтары бар:

• біріншіден, оқушылар тілді үйренудің өзі үшін қаншалықты маңызды екенін саналы түсінеді;

• екіншіден, әр түрлі сипаттағы мәтіндермен жұмыс жасау арқылы ақпараттарды игеру дағдылары дұрыс қалыптасады;

• үшіншіден, витагендік технологияның әсерінен оқушылардың тілді үйренуге деген танымдық қызығушылығы артады.

Яғни, мемлекеттік тілді үйрету негізінде оқушылардың қатысымдық

құзіреттілігін қалыптастыру витагендік тәжірибе құндылықтарымен тығыз

сабақтасып отырады.

Осы салаға тікелей қатысты бар толығырақ мәліметті Әлібаева М .С.

«Кәсіби қазақ тілін витагендік технология арқылы оқыту әдістемесі

(экономика мамандығы бойынша)» атты 2010

жылы диссертациялық жұмыс қорғау барысында талдап көрсетеді.

Бұл жалпы Қазақстандағы витагендік тәжірибе, витагендік технология

т.б мағлұматтарының мәнін ашып,танытатын бірегей жұмыс болып табылады.

Бірінші артықшылығы бойынша түсініктеме
Тіл үйренудің оқушылар өздеріне қаншалықты маңызды екенін түсініп біледі (зейін, жады, ой)
Витагендік оқыту технологиясы арқылы оқушы өзіне қажетті білім

көзін таба алады. Адамның өмірлік тәжірибесінің негізі ретінде оның

жадында ұзақ уақыт сақталатын, кез келген уақытта, түрлі жағдаяттарда

жарыққа шығуға дайын тұратын витагендік ақпарат алынады. Бұл дара

тұлғаның өмір сүруінде маңызды рөл атқаратын ойлау жүйесінің, білімінің,

эмоциясының, түрлі іс-әрекеттерінің және т.б. өзіндік ерекшелігі ретінде

қалыптасады. Витагендік ақпарат оқушының ой - өрісімен, сезімімен,

мінезімен, қылығымен, яғни адамның өмірлік дағдысына тірек болатын

барлық іс-әрекеттерімен тығыз байланыста болады.

Өмірлік тәжірибе – белгілі бір құндылықтарды қажет ететін

адамның бұрынғы не жаңа өмірімен тығыз байланыста жүзеге

асатын витагендік ақпарат.

Ал витагендік тәжірибе – адамның белгілі бір тұлға ретінде

қалыптасуында маңызды қызмет атқаратын, өмір бойы жинақталған

тәжірибесінің нәтижесі. Сондай-ақ, витагендік тәжірибенің адамның

болашағын болжауға және айқындауға негіз болатын әлеуметтік маңызы да

зор. Витагендік тәжірибе жинақтау үдерісі өмір бойы еш үзіліссіз жүріп

отырады. Оқу үдерісінде витагендік тәжірибеге сүйену оқушылардың белгілі

бір табысқа жетуіне, танымдық қызығушылықтарын дамытуына,

дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруына, коммуникативтік мәдениетін

тәрбиелеуіне, өзін-өзі бағалауына септігін тигізеді. Демек, витагендік

технология ұғымы адамның өмірге, шеберлікке бейімделуін білдіреді. Оқыту

үдерісінде витагендік технологияны қолдану оқушыларды сабақта ізденуге,

дара тұлғалық қасиеттерінің дамуына, шешімді таңдаудағы еркіндігіне жол

ашады.
- сабаққа қажетті материалдарды оқушыларға ұсына білу,назарларын сабаққа аудару;
- нақтылап, сабақтың мақсатын айқындау;
- тыңдау және жауап беруді көздеген диалогты тілдесім;
- тәжірибелік жұмыс балаларды қызықтырады, олар жұмысқа жауаптылықпен қарайды ;
- сабақта жылдамдықпен жұмыс істейді;
- қолданылатын материалдар көлемі.
Берілген ақпараттарды игеру барысында мағыналық және механикалы жадты қолданады. Адамның мағыналы жады миханикалы жадынан жиырма бес рет жоғары сондықтан мағыналық жадын қалыптастыру және соған сүйену пайдалы .
Екінші артықшылығы бойынша түсіндірме
1. Оқушының ойын сөзімен айтқаны есте жақсы сақталады.Ойлау арқылы елестетеміз, көз алдымызға елестету арқылы есте сақтау қабілетін күшейтеміз.
2. Мәтінмен жұмыста ой елегіне жетелейтін сұрақтарды оқу алдында қойған жөн деп есептеймін, сонда оқу барысында оқушылар ол сұрақтың жауабын іздеп есте сақтауына себеп болады. .
3. Еске түсіру кезінде қиындыққа кезігуі, ұзақ мерзімді жадыда ол ақпараттың болмауы емес,оған жету жолының қиындығында.Мұндайда жеңіл сұрақтар еске түсіруге жақсы көмек.
4. Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін құрылым бойынша материалдарды топтастырған дұрыс:
- мәтін бойынша мағына шешуші сөз;
- мәтіннің кейбір бөлігіндегі шешуші сөз;
- бір сөйлемдегі шешуші сөз;
(шешуші сөз одан әрі ақпарат іздеуге көмектеседі.)
5. Мәтінді шынайы өмір мәселесімен салыстыру.
6. Мәтінді өз ойымен толықтыру.
7. Мәтін бойынша шешуші сөзге ұйқас өлең
8. Мәтіннің мағынасын шешетін мақал мәтел айту
Үшінші айырмашылығы шығармашылық жұмыстарын дамыту арқылы қызығушылығын ояту
Шығармашылық жұмыстар ой өрісін кеңейтеді, сыни ойлау қабілетін арттырады. Өмірді өз көздерімен көріп суреттеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ғаламшарға жүгіну тиімдірек.Дарынды оқушылармен жұмыстар, рөлдік ойындар. Тапсырманы орындағанда оқушылардың еркін кимылдап өздерін еркін сезінуі тиімді
1. Презинтациялық тапсырмалар
2. Жағдаятты тапсырмалар
3. Суретті кеңейте әңгімелеу т.б.

Қортынды : Оқушылар тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім бойынша айтылған ақпараттардың мазмұнын, бұқаралық ақпарат құралдарынан берілген жаңалықтарды, әңгімелесу кезіндегі сөз болған мәселенің негізгі тақырыбын және мақсатын айқындап ұғынады; кез-келген ортада өзінің пікірін еркін айтуға, қазақша мақала жазып, ой түюге, мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізуге дағдыланады; мәтіндегі ақпараттарды толық түсініп оқи алады.
Витагендік оқыту технологиясының басты мақсаты – тiл үйретудiң тиiмдi жолдарын тоғыстыра келiп, тiлдi қарым-қатынас құралы ретiнде меңгерту; тілді тәжірибеде қолдана білуге баулу. Витагендік оқыту технологиясының негізінде ұйымдастырылған жаттығулар өзінің мазмұндық-құрылымдық сипатына қарай аналитикалық, проблемалық, шеберлік және шығармашылық жаттығулар болып бөлінді.
Витагендік технология арқылы тілді оқыту барысында жаттығулар жұмысының атқаратын қызметі ерекше. Жаттығу жұмыстары оқушылардың грамматикалық, лексикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, қазақша еркін сөйлеуіне жол ашады, дағдыландырады.
Витагендік технология арқылы жүзеге асатын аналитикалық жаттығулардың қатысымдық бағыты, ақпараттық қызметі, тәжірибелік маңыздылығының айқындалуы оқушыларға грамматикалық, лексикалық тұрғыдан білім бере отырып, сөйлеуге машықтандыруға жол ашты. Проблемалық жаттығулар оқушыларға тың проблема қоя отырып, жаңа ақпарат беруді көздеді. Шеберлік жаттығулар арқылы оқушылардың мамандыққа сай алған ақпараттарын сарапқа салып, не үйренді, нені үйренгісі келетіндігі жөнінде сөйлеу шеберлігі жетілдірілді. Ал шығармашылық жаттығулар арқылы меңгерген жаңа тілдік, сөйлеу материалдары арқылы қоғамдық өзгерістерге, жаңалықтарға ойын, пікірін, көзқарасын еркін жеткізе отырып; әлеуметтік, кәсіби, дербестік тілдесімі қалыптасты.
Қазіргі таңда қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді сауатты, кәсіби деңгейде игеру. Кәсіби іс-әрекет шеңберін жемісті бейімдеудің негізгі шарты кәсіби қазақ тілінде еркін сөйлеу болып табылады. Кәсіби қазақ тілін игерудің практикалық дағдыларын, қазақ тілін оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін іздеу қажеттігін туындатады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Nursulu1967 (27.11.2017) | Автор: Нурсулу E
Просмотров: 13 | Теги: казахская литература и казахский яз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2017
    Сайт управляется системой uCoz