Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 22.06.2018, 14:24

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [29]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [7]
Внеклассное чтение [16]
География [23]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [49]
Информатика [62]
История [57]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [50]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [196]
Математика [88]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [43]
Музыка [108]
Начальная школа [408]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [135]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [21]
Технология [22]
Физика [21]
Химия [31]
Экологическое воспитание [14]
Самопознание [40]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1645
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Сабақтын мақсаты:оқушыларға ертегілерді дауыстап оқу арқылы кітап оқуға тарту. Көркем әдебиет ,газет-журналды оқуға үйрету арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасын артырып қазақ тілін байытып, сана сезімдерін жетілдіріп, білімге деген ізденістерін калыптастыру.
Көрнекілігі: слайттар, шарлар,жалаушалар.
Сабақтын барысы: Балапан бір ағаштың жанында ойнап отырып ,құлап қалады, апасы жүгіріп келіп:Ой балапан, сен мені бүгін шаршаттын ғой-дейді.

Балапан:Апа ,екеуміз бір жаққа қыдырайықшы.
Апасы:Жарайды екеуіміз “Ертегілер еліне саяхатқа”барайық.

Екуіне жолдан кірпі жолығады .

Кірпі балапанды көріп:Ой балапан, мен сені жеймін.
Балапан қорқып апасының артына тығылады.
Апасы: Кірпі сен балапанды жеме, оданда бізбен бірге “Ертегілер еліне саяхатқа” шығайық.
Кірпі,балапан және апасы үшеуі келе жатады,оларға қоян жолығады.

Қоян:ой қандай әдемі балапан, мен сені жеймін.
Балапан қорқып апасына қарай тығылды.
Апасы:Қоян сен балапанды жеме, жүр бізбен бірге “Ертегілер еліне саяхатқа ” шығайық.
Кірпі, балапан қоян және апасы төртеуі келе жатады, олардың алдынан қорқынышты қасқыр шыға келеді.

Қасқыр:Ой менің қарным аш, мен мына балапанды жеймін.

Балапан қорқып апасынын артына тығылады.
Апасы:Қасқыр сен балапанды жеме ,оданда бізбен бірге “Ертегілер еліне саяхатқа ” барайық.

Кірпі, балапан,қоян,қасқыр және апасы барлығы “Ертегілер еліне саяхатқа” 3” Г” сыныбына келеді.
Қоян : Апатай ,енді бізге ертегіні кім айтып береді?
Апасы:Барлығымыз бірге шақырайық “Кітап ханшайымы”,”Кітап ханзада”
Барлығы хормен”Ханшайым ,Ханзада”.

Кітапханшайым: Сәлеметсіздер ме,кұрметі қонақтар,оқушылар және достарым!
Біздін қыздар ертекші,
Көп ертегі біледі
Қай кезде сұрасан, ертегі айтып береді.
“Ертегілер еліне саяхатқа ” шығу үшін ертегішілерімізді шақырамыз.
Балалар: Бәрі бірігіп хормен Ертекшілер 2рет
Ертекшілер: Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар, оқушылар және достарым!

Ертегіш “ Дүниеде не күшті” ертегісін ертегі кейіпкерлерініңрөлімен дауыстап оқиды.
Кітапханзада:Балалар сендерге ертегі ұнады ма ?Бүл ертегідегі ең күшті кейіпкер кім екен? Кұмысқа неліктен күшті болды?
Балапан:Құмырысқа көп еңбек етеді, сондықтан ол күшті.
Балалар кім еңбек туралы мақал-мәтел біледі?
Оқушылар:
«Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті»
«Еңбек бәрін де жеңбек»
«Еңбек түбі- береке»
«Кім еңбек етсе, сол-тоқ»
Осы кезде қасқыр- менің қарным аш , мен балапанды жеймін,-деп бүлк шығарады.

Кітапханшайым:Қасқыр сен балапанды жеуге асықпа, бізде тағы да қызық ертегі бар, кәне достар,”Құмырсқаның қанағаты”. атты ертегіні тыңдайық.
Ертегіш: “Құмырсқа қанағаты”атты ертегісін мәнерлеп дауыстап оқиды.

Кітапханзад:Балалар сендерге ертегі ұнады ма? Бұл ертегіде кімге қай кейіпкер ұнады?
Кірпі:Маған құмырсқа ұнады.
Кітапханшайым: Кірпі , неліктен саған құмырсқа ұнады?
Кірпі:Себебі , құмырсқа өте қанағатшыл, тамақты үнемдеп аз жейді. Қасқыр сияқты қомағай емес.
Кітапханзада: Балалар сендерге ертегіде қай кейіпке ұнаған жоқ?
Қоян: Маған данышпан адам ұнаған жоқ,ол құмырсқаны қорапқа салып қамап қойды,құмырсқа болса өліп қалуы мүмкүн еді.
Кітапханзада:Қасқыр саған ертегі ұнады ма?
Қасқыр: Маған ертегі ұнауын ұнады ғой, менің балапанды жегім келіп отыр.
Кітапханзада: Қасқыр сен балапанды жеуге асықпа ,бізде қызық ойын бар. Ол ойын”Ойлан тап” деп аталады.

Ойлан тап.
1-тапсырма. Жұмбақтарды шешу.
Арқасында тауы бар,
Иір мойыны тағы бар,
Шөлге төзіп су татпай,
Ұзақ жолдан табылар.

(

Төлі –егіз,өзі- семіз,
Терісі-тон , сондай жылы кисеңіз,
Айтыңызшы,бұл қай түлік білсеңіз?

Түйе)

(Қой)

Алшан-алшан басады,
Құйрығында шашағы,
Аң біткен одан қашады.

(Арыстан)


Болмаса да қалқасы,
Инеге толы арқасы.
Домалана қалады-
Жақпаса жүрген ортасы.

(Кірпі)

2-тапсырма.
Тақпақтар сайысы

Кітапханзада:Балалар мен сендерді кітапханаға оқырман болуға шақырамын.
Қасқыр: Мен енді балапанды жемеймін, сендермен дос боламын.
Барлығы “ біз доспыз, доспыз қол “ алысады.
Кітапханшайым және Кітапханзада:Ендеше, балалар біздің достығымыздың құрметіне барлығымызды ән салуға шақырамын.
Ән:Ерден Атайдың әні
Сөзі: Ә.Асылбековтікі
Әні: Е.Хасанғалиевтікі
Кел,балалар,тұрмаңдар
Бізде қызық думан бар.
Атамыздың алуан
Ертегісін тыңдаңдар
Қайырмасы:
Ерте,ерте,ерте,екен,
Ешкі-ай жүні бөрте екен.
Ертегі сөз қашанда
Тамашаның көркі екен
Түрлі-түрлі ертегі,
Тұла бойды ертеді.
Ерте өткен ерлердің,
Ерлік ісін шертеді.
Қайырмасы:
Қиялдаймыз,самғаймыз,
Кең әлемді шарлаймыз.
Ертегісін атайдың
Тыңдаудан біз талмаймыз
Қайырмасы:
Кітапханшайым және Кітапханзада: осымен біздің
«Ертегілер еліне саяхат » атты ертегіміз аяқталды, келесі кездескенше.
Тақпақтар
Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалын салалап
Құмарымды таратқам,
Жер мен көкті аралап .
Ертегілер еліне,
Бір шегетін сапары,
Ардақтаймын өмірде,
Асқар таудай атамды.
Жақсылыққа үйреткен
Жамандықтан шектейді
Ертегі айтып беретін,
Әжеге ешкім жетпейді.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: mmdoskaraeva (09.06.2018) | Автор: Доскараева Меруерт Досынбековна E
Просмотров: 12 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Хочу поделиться
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2018
    Сайт управляется системой uCoz