Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 19:16

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Көлемді шығармаларды оқыту
№ 1 2008 г.

 

Сафура  Сәлімбайқызы,

№ 128 мектеп

Мысал ретінде, сабақтан үзінділерге тоқтала кетейік, 8-сыныпта Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасын өту барысында оқушылардың қызығушылығын ояту үшін иллюстрациялық суреттер немесе цитаталық жоспар пайдалануға болады.    * Оқып шығып, шығармада не туралы баяндалатынын болжап  көр.  
 1.”Қалқаман қыз айттырмай жүреді екен,

 

Мамырды жас күнінен біледі екен.”

 

2.«Тағдыр бізді тоспады айып етпе,Ертең құда түседі біреу маған.”3.”Мінді де екі ғашық кетіп  қалды.”

 

 4.”Бір күні төркініне амандасаМамыр келді, тағдыр ғой сол баяғы.”

 

5.«Қалқаман, аман бол!»-деп көзін ашты,Опасыз   бұл   жалғанға    амандасты.”

 

6.”Ел қылып Тобықтыны тұра алмаймын,Ешкіммен ойнап-күліп жүре  алмаймын.”

 

Мағынаны ажырату кезеңінде конэз әдісі бойынша топпен жұмыс жүргізуге болады.

 

Қойылатын сауал:  *Көкенайдың Мамырды атуы  қажет пе еді?

 

Оқушылар екі топқа бөлініп, екі түрлі жауапты қорғайды. Қалыс қалғандар “білмеймін” деген  жауапты   қорғайды.

 

Ой толғаныс кезеңінде  шығармашылықпен жұмыс жасау үшін балаға еркіндік беріледі. Бұл-сабақтың нәтиже беретін шешуші кезеңі.            *Автор  ретінде  поэманы  ары    қарай  өрбітіп  көр.

 

Оқушының еркін  жазуынан үзінді:

 

Қалқаман Тобықты  руынан кеткен соң Бұқар жаққа барады. Онда ол батырлығымен, кедейлерге көмектесуімен көзге түседі. Үнемі ескі әдет-ғұрыптың шырмауына түскен жастарға көмек береді.  Атағы сан рулы елге тарайды. Бір-біріне ынтыққан жастарды көріп Мамырды есіне алатын Қалқаман   бірнеше жылдан соң үйленіп, тұңғышын Мамыр деп атайды. Тобықты  елі осындай  ерді жоғалтқанына қатты өкінеді..           

 

Әдебиет сабағында бала оқумен  ғана шектелмей, сол оқығанын   өз кәдесіне жарата білуге дағдыланғаны жөн. Ең алдымен, оқушының танысқалы отырған шығарманы оқуға құштарлығын ояту-негізгі  мәселе.  Қызыққан оқушы ғана қай тақырыптағы шығарманы болмасын  тыңғылықты, түсініп оқуға тырысады. Сонда  ғана өзіне  кажетін алып, еркін шығармашылықпен айналысуына жол ашылады. Өз ой-пікір,  көзқарасын  білдіреді,белсенділігі пртады.

 

Жоғарыда атап  көрсеткен алғашқы жұмыс түрінен  гөрі соңғы  уақытта оқу үрдісінде жиі  қолданылып  жүрген екінші жұмыс түрі  нәтижелі  болары  сөзсіз.  

 

 
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: teacher-almaty (15.07.2008)
Просмотров: 2669 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz