Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 20:35

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1520
Статистика

Онлайн всего: 10
Гостей: 10
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Қазіргі білім беру жүйесіндегі тәрбиені ұйымдастырудың этногенездік бағыттары 5-6 сыныптарда қазақ тілінен лексика саласын оқыту барысында
№ 1 2008 г.

5-6 сыныптарда лексика саласын оқыту барсында оқушы сөзді жазу барсында қате жіберуі мүмкін. Оқушы мына жағдайларда қате жіберуі ықтимал.    

1.Оқушының сөз мағынасын дұрыс жете түсінбеуінен.

2.Тілдік практикасы аздығынан. 

Ол жағдайларда мұғалім оқушымен қандай, қалай жұмыс жүргізуі тиіс? Оқушы алғаш 5-сыныпқа өткен кезде мұғалім баланың лексика саласы бойынша қандай бөлімі бар екенін анықтау мақсатында жазба жұмысын (диктант) жүргізіп, лексика саласы бойынша төменгі сыныптарда өтілген тақырыптарға сәйкес тапсырмалар ұсынып, деңгейін тексеріп алғаны жөн. Бұл мұғалімге баланың нені меңгергенін, нені білмейтінін тексеруге, келешекте қай баламен қалай жұмыс істеуі керектігіне көмектеседі. Осы мақсатта 5«в» сыныбында жыл басында  «Хайуанаттар  паркі»  атты диктант алынды. Диктант жазып болған соң балалардың лексика саласы бойынша төменгі сыныптардағы білімін анықтау үшін, тура, ауыспалы мағыналарда қолданылған сөздерді табуға тапсырдым. Осы тапсырма бойынша балалар мынадай деңгей көрсетті: Қолжазбасы-38%. Тура мағынада қолданылған сөз-41%. Ауыспалы мағынада қолданылған сөз - 35%.

5-сыныптарда лексика саласын оқыту барысында мұғалімнің кітапхана қорында түсіндірме сөздік әр сабақта қажетінше пайдаланып, оқушы түсінбеген сөздер арнайы сөздік дәптерге жазылып, ұмытылып қалмай, келесі сабақта сөздің білдіретін мағынасы сұралып отыруы керек. Немесе көркем мәтіннен мысалдар жазып келуге үйге тапсырма беруге де болады.  Мысалы: «Адырна», «Атамекен» мәтіндерін ауызша мазмұндау барысында оқушылар мынадай сөздердің мағынасын түсіне алмай қиналды:  «көн», «сөз», «рух», «мұра». Бұл сөздер түсіндірме сөздіктен табылып, әр мағынасы мысалмен ашылды.

Лексика саласын оқыту барысында қате жібермеудің тағы бір жолы-мәтіндегі көп нүктенің орнына мағынасына сәйкес сөздерді қойып жазу. Мысалы: «Нөсер» деген өлеңді алып көрейік.

Қапырық. Күн ыстық,

Тым-тырыс,  тыныштық.

Шашудай төгілсе,

Төбемнен күміс шық!

Желдетті, тер кетті.

Кенеттен селдетті!

Селдетті ақ нөсер.

Аймалап жер-көкті!

Аспаннан нұр құлап,

Жасанды гүл, қияқ.

Тамшылар секірсе,

Дүбірлер мың тұяқ!

Даламның алабы

Сел болып барады.

Ақ жаңбыр шашымды

Тарады, тарады.

Осы өлеңнің әр жолының алғашқы бастамаларын алып, оқушылар ұсынуға болады. Оларды бастамалары керекті сөздер ретінде араластырып беріледі. Оқушы мағынасы сәйкесін орнына қойып жазуы  керек. Сөздің мағынасын терең білуге үйретудің тағы бір жолы- жұмбақтар жасыру немесе жұмбақтарды оқушының өзіне құрастырту. Егер оқушы жұмбақты тез шешсе, сөздің мағынасың түсінгендігінің дәлелі. Мысалы, бірнеше жұмбақтар оқып көрейік.     

Қайсы күні қандай сабақ.

Қалай менің үлгерімім.

Еш жаңалық қалмай санап

Жүреді ылғи …..лі…..

Ой маржанын тере білген

Әр жазушың, әр  ақының.

Әр сөзіңді емемін мен

Ана сүті-… ….

Достастырып әріптермен,

Білімге жол салып берген,

Алдымнан шам жағып берген

Айналайын……………….

Тіл-ырысың, өрісің де,

Тіл көктегі ғажап күнің.

Осы сияқты жұмбақтарды алып, пайдалана беруге болады.

Оқушылар қате жібермеуінің тағы бір жолы-жаңылтпаштар айтқызу. Оқушы жанылтпаш айту барысында  бір сөздің мағынасын екінші сөздің мағынасынан айыра білуге үйренеді.’’Мысалы:

Ақ халатты,

Ақ қалақты.

Аққал атты апайды

Ақатай да ақ апай деп атайды.

Осы жаңылтпашта  халат сөзін, қалақ сөзімен немесе Аққал деген адамның есімін  бірімен бірін шатыстырып алу өте мүмкін. Ал оқушы сөздің мағынасын түсінетін болса, ондай қателіктерге жол бермеуге болады.

Сөз мағынасын түсіне білуге қызықтыра түсу үшін жүргізілетін жұмыстың бірі - өлеңге құралған жұмбақ есептерді шешу. Бұл тапсырмалар оқушыны есепті дұрыс шешуге талпындырумен қатар, сөздің мағынасын барынша түсініп алуға ұмтылдырады, өйткені сөздің мағынасын түсінбесе, есепті де шешу мүмкін емес. Мысалы, 6- сыныпта «Сан есім» тақырыбын өту барысында мынадай өлеңге құрылған жұмбақтарды оқушы назарына ұсындым.

Ғажап менің өнерім,

Ойыңды айтып беремін.

Бір сан жасыр сен маған,

1 - ді, 3 – ті қос енді оған.

Қосындыдан ал енді,

Жұмбақ санды әуелгі.

Шыққан санға 1 – ді қос,

Бес шықты ғой,

Білдім, дос.

        Есімдікті өту барысында мынадай жұмбақ есептер пайдаланылады.

Қаншадамыз?

Үлкеніміз Мүсілімнен,

Дәл екі жас кішімін мен.

Онға толып,

Туған күнін

Тойлап отыр Нұрлан інім.

Бойы озып тұрғанменен,

Үш жас кіші Нұрлан менен.

            Нұрланның дәл жарым жасын,

Жасап отыр қарындасым.

Тапқыш болсаң,  ал, сана, біз,

Әр қайсымыз қаншадамыз?

(Бұл есеп басқаша, былай берілсе, қандай тәсілмен шешер едің?)

Үлкеніміз Мүсілімнен,

Дәп екі жас кішімін мен.

Бойы озып тұрғанменен,

Үш жас кіші Нұрлан менен,

Нұрланның дәл жарым жасын,

Жасап отыр қарындасым.

Жасымыздың бәрін қоссаң,

Қырық үш дер ең жаңылмастан.

Көп ойланбай, ал, сана, біз,

Әрқайсымыз қаншадамыз?

Қате жібермеу жолында орындалған жұмыстың тағы бірі – берілген мәтіндегі кей сөздердің орнын тұрақты сөз тіркесімен ауыстырып жазу. Бұл орайда «Абылай», «Атамұра», «Атамекен», «Азаматтық парыз» мәтіндерімен жұмыс жасалады. Осы орайда 6 – сыныпқа мынадай жұмыс ұсынылады.

Қате жібермеудің тағы бір жолы – сөздің мағынасына байланысты тапсырмалар беру. Мысалы «Тері» деген диктантты жазып болған соң мынадай тапсырмалар берілді.

Тапсырма:

1.         Мәтіннен антоним сөздерді тап.

2.         Шұғыл, бақылайды  деген сөздердің синонимдік қатарын тап.

3.         «Тері» сөзі көп мағыналы сөз бола ала ма?

Осы орайда істелетін жұмыстың бірі – оқушыларға белгілі бір тақырыптар беріп, шағын әңгіме, шығармаларды жиі жаздыру. Мысалы, 6 – сыныпта оқушыларға үш түрлі тақырып ұсындым, себебі, олардың бірі ауылда болмаса, бірі жайлауға бармауы  мүмкін, сондықтан оқушының өскен ортасын ескере отырып «Жайлауда», «Саябақта», «Серуенде» деген тақырыптар ұсынылды. Тағы бір сабақта «Екі дос», «Оқиға ізімен» деген тақырыптар берілді. Осындай жұмыстардан кейін оқушылар жұмыстарының дұрысы таңдалып «Жас талант» журналына топтастырылды. Сонымен қатар әдебиет сабағын қазақ тілі сабағымен байланыстыру мақсатында С. Мұратбековтың «Жусан иісі» деген әңгімесін өткен кезде Аянның «Баяғыда бір жетім бала болыпты» деп басталатын ертегісін, Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін, Әмірқанның аяқталмай қалған «Ақтамақ жайындағы әңгімесін» өз қиялдарымен жалғастырып жаздық.

Осы жұмыстарды орындай келе 5 – сыныптарда қорытынды диктант алынып, лексикалық талдау жасалынды. 5 – сынып бойынша мынадай білім деңгейі анықталды.

1. Сөздің тура  мағынасы бойынша – 87 %

2. Туынды мағынасы – 80%

3. Тіркесу сипатына байланысты туған мағынасы – 73%

4. Стилистикалық сипатына байланысты туған мағына – 73%

 

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: teacher-almaty (15.07.2008)
Просмотров: 7013 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.2/4
Всего комментариев: 1
1 Ғани   (28.09.2009 22:23)
Математикадан 5-сынып олемпидо сұрақтары керек

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz