Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 23:24

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

“Үздік сынып жетекшісі -2008” байқауының 2-орынды жүлдегері
№ 2, 2008 г.

 Ұ. Қ. Тұрбекова,

№ 41 мектеп

Сынып жетекшісі ретінде жеке тұлғаны қалыптастыру

Қазақ баласының бойында Абай атамыз айтқандай «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы-өмір сүрүдің басты заңдылығы болса, осы үш қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру - ұстаздың міндеті екені даусыз. Сынып жетекшісі ретінде осы қағиданы берік ұстана отырып, «ыстық қайрат дегеніміз - спортқа баулу, нұрлы ақыл-санасына білім нәрін құю, жылы жүрек- эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру»-деп түснемін.

І. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы мақсатым:

Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы оқушы дүние танымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып, иманды, қайырымды, білімді, салауатты “Қазақстан-2030” ұрпағын тәрбиелеу. Тәрбие үрдісінің құрылымы осы үрдістің шешімін табуға бағытталған міндеттерінің реттігін көрсетеді. Сынып жетекшісі - тәрбие жүйесінің негізгі ұйтқысы болғандықтан, біздің сыныптағы тәрбие үрдісі мынандай бағыттары төмендегідей:

1.  Саяси және құқықтық мәдениет тәрбиесі. Оқушыларды ғылым, мәдениет, өнер аясында қоғамдық құндылықтарға бейімдеу. Өмірлік ұстанымы-жеке тұлғаның құқығы.

2.  Ұлтжандылық тәрбиесі. Жеке тұлғаның мүмкіндігі мен қалауын әлеуметтік талаптарын ескере отырып, бейімділігін, қабілеттілігі мен қызығушылығын дамыту.

3. Рухани - адамгершілік тәрбиесі. Оқушылардың жеке және қоғамдық түсінігін дамытатын танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.

4. Есірткілік және басқа да зиянды заттарды қолдануды болдырмау іс-шаралары. Жеке тұлғаның дамуын жан-жақты, үйлесімді қалыптастыру демократиялық қоғамның қайта құрылуына сәйкес келетіндей етіп тәрбиелеу. Зиянды заттарды қолданудың алдын алу. Бала, педагог, ата-ана болып, ,алаларды тәрбиелеудегі бірлікті қамтамасыз ету.

ІІ. Бала тәрбиесіндегі негізгі міндеттерім:

Бірінші міндет - тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Себебі, ұйымдастыру қызметі болмаған жерде тәрбие де болмайды;

Екіші міндет - ұжымды ұйымдастыру және дамыту;

Үшінші міндет - оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.

Төртінші міндет - gатриоттық тәрбиені нығайту. Оқушылардың бойында ұлтаралық және этникалық қарым-қатынас мәдениетін көтеру. Тәрбие жұмысына ата-аналарды көбірек тартуда олардың педагогтармен ынтымақтастығын дамыту мен оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынас ұйымдастырғанда сыныпта төрт түрлі міндеттер атқарылады.

Бірінші-әлеуметтік міндет. Бұл баланы қорғау көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу т.б.;

Екінші диагностикалық міндет. Мұғалім өз оқушыларының дара ерекшеліктерін, қасиеттерін білуі;

Үшінші адамгершілік міндет. Ол баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына бағытталған;

Төртінші міндет - жеке-дара практикалық сипаттағы міндеттер.Оларға оқушылармен жұмыс ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алуды, өз жұмысын жоспарлауды, талдау, түзетуді жатқызуға болады.

Тәрбие жүйесін дұрыс ұйымдастыру үшін де теориялық Тұжырымдама қажет. Оны үш түрге бөлуге болады:

1.Дидактикалық жүйе

2.Тәрбиелік жүйе.

3.Қарым-қатынас жүйесі.

Ата-аналардан сауалнама алу арқылы отбасының тәрбиелігін зерттеп, олардың жауапкершілігін арттыруға болады. Өзім жетекшілік ететін сыныптың ата-аналарын бала тәрбиесі мәселесінде қызықтыру мақсатымен анкеталық сұхбат жүргіздім. Әртүрлі анкеталық сұрақтар таратылды.

Мысалы: «Балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?», «Бала кезіңізде қандай ұлттық ойындарды ойнадыңыз, балаңызға үйреттіңіз бе?»-деген сұрақтар қою арқылы ата-аналарды ынталандырып, жауаптарын білдім. Сынып жетекшісі үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Мұндай міндетті шешу үшін тәрбие жұмысы жоспарымда:

1-ден оқушылардың отбасын зерттеу;

2-ден ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру;

3-ден сыныптағы ұжымдық істерге ата-аналарды тарту;

4-ден ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу, тәрбие үрдісінің барысымен жүйелі таныстыруды қамтамассыз ету жұмыстары міндетті түрде қамтылған.

Осы мақсатта 2002-2003 оқу жылынан бастап сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін «Дарын» атты шығармашылық топ ұйымдастырдым. Сыныптағы бұл ғылыми ұйымның негізгі міндеті-оқушылардың өзіндік шығармашылық іскерлігін арттыру және жоғары дәрежедегі зерделі тұлғаны дайындау мен оқушылардың ғылыми ізденушілігін, оқу-танымдық қызметін жандандыру, дарынды жас зерттеушілерді қолдау. Сондай-ақ оқушылардың ой-таным және шығармашылық қабілеттерінің қозғалыстарын диагностикалау, оқу-тәрбие үрдісінде псхологиялық зерттеулердің көрсеткіштерін пайдалану, білім мазмұнын арттыру арқылы жеке тұлғаға жан-жақты жағдай жасап, бағыт беру. Оқушылардың ғылыми ұжымының қалыптасуы мен жұмыс жасау барысында қазіргі таңда сыныбымызда жоба жұмыстарына дайындау технологиясы жасалған. Осындай жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін көрсете бастады.

- 2004-2005 оку жылында Серікбаева Фариза, Жангерова Әсел, Ахметжанова Ақбота аудандық «Абай оқуы», қалалық «Оралхан Бөкей» көркем сөз оқуы және “Менің елім - Тәуелсіз Қазақстан” - атты көркем өнер жарыстарында қала мектептерінің арасынан оқушыларым бас жүлдені жеңіп алды.

- 2005-2006 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиет, тарих, физика пәндерінен оқушыларым аудандық олимпиада да II, III орындарды иемденіп дарынды балалар атанды.

- 2006-2007 оқу жылында қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен өткен қала мектептерінің дарынды балаларының ғылыми-жоба  жарысында қазақ тілі мен әдебиет секциясынан бір сыныптың 11 оқушысы әр тақырыпта ғылыми-жоба қорғап, 6 оқушым түрлі номинацияға иеленіп, 5 оқушым қалалық «Мектеп оқушылары ғылыми жұмыстарының қалалық бәйгесі» кітабына еніп, Ахметжанова Ақбота, Мұқаев Азамат қалалық ғылыми жоба қорғау жарысында I - II жүлделі орындарды жеңіп алды. Сынып ішінен ғылымен шұғылдануға талаптанатын оқушылар күннен-күнге көбейіп келеді. Қазіргі таңда сыныпта 16 оқушы бар. Оның 4-і оқу озаты 7-і оқу екпіндісі.

Мен үшін шәкірт- жас ұлан, көзімнің ағы менен қарасы,

Үйретсем деймін ұрпаққа саналы сөздің сарасын.

Төл тілін еміп арда өскен, елінің ойлар парасын.

Жеткізсем деймін биікке, Қазақтың қара баласын! - дей келе, тілді меңгертіп, тіл арқылы халқымыздың әдебиетін, мәдениетін, өнерін танытып, жүзеге асыру арқылы Егемен еліміздің білімді, өнерлі, ұлттық тәрбиемен сусындаған жеткіншектерін өсіріп шығаруды көздеймін. Өз мамандығымның қиындығына мойымай, келешек ұрпақ тағдырына жауапкершілікпен қарап, олардың бойларына халқымыздың қымбат қазынасын, асыл қасиеттерін сіңіре білу- менің ұстаздық парызым.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: teacher-almaty (25.09.2008)
Просмотров: 9945 | Рейтинг: 4.0/14
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz