Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 16:36

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1520
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

М. Мағауиннің кейіпкерлер бейнесі
№ 3, 2008 г.

Б. З. Қайыпова,

№ 138 гуманитарлық-өнер гимназиясы

Сабақтың мақсаты:

1)         білімділігі: Әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау, іс-әрекеті арқылы оларға баға беру.

2)         дамытушылық: Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, ізденіс жұмыстары арқылы логикалық ой қабілеттерін, ішкі мәдениеттілігін, көркем сөйлеу, өз ойларын жеткізе біліу, шығармашылық қабілеттері мен сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Өзіндік ой қорыту.

3)         тәрбиелік: Қазақтың біртуар азаматтарының асыл мұраларын қадірлей білетін көздері ашық, көкіректері ояу ұл-қыздары болуға тәрбиелеу.

Адамгершілік, имандылық, қайырымдылық, бірлік, достық рухында тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау сабағы.

Әдіс- тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке, топтық, жұптық ізденіс жұмыстары, қорытынды жасау, талдау, жинақтау, салыстыру, әнгімелеу, баяндау әдістері.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, сурет.

Сабақтың көрнекілігі: Жазушы суреті, кітаптары, нақыл сөздер, үлестірме қағаздары, сызбалар, плакат.

Негізгі әдебиеттер: 6- сынып “Қазақ әдебиеті” оқулығы 249 – 264 беттер, христоматиясымен.

Қосымша әдебиет: М.Мағауинның “Бір атаның балалары”, “Өмір жыры”, “Көк кептер”, “Көк мұнар”, т.б. шығармалар жинағы.Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (1 минут)

1.         Амандасу.           

2.         Оқушыларды түгендеу.

3.         Оқушы зейінін тұрақтандыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: ( 5 минут)

Өткен сабақта қазыр алыс шетел Прага қаласында тұрып жатқан Қазақстанның Халық Жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, аса көрнекті жазушы Мұхтар Мағауинның 1973 жылы балалармен жастарға арналған үздік шығармалардың Республикалық жабық конкурсінде 1 бәйге алған “Бір атаның балалары” туындысымен танысқан болатынбыз. Олай болса, біз бүгін сол әңгімеде көтерілген негізгі мәселе, түйінді ой, кейіпкерлер әлеміне бірлесіп талдау жасаймыз. Яғни 2 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. Жаңа сабағымызға кіріспес бұрын, үйге берілген тапсырмаға назар аударайық. Үйге жазушы шығармашылығымен танысу берілген.

І топ “Ізденушілер”

Жазушы өмірбаянын хронология бойынша әнгімелеу.

ІІ “Зеріттеушілер”

Әр жылдары жазылған еңбектерімен таныстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Білім қажеттігін уағыздау. (5 минут)

І. Ой қозғау. Ал енді бәріміз назарларымызды мына суретке аударайық. (Соғыс жылдарындағы ауыл тұрмысы, жауынгер азаматтар т.б. суреттер көрсетіледі) Осы суретті көз алдымызға ой елегінен өткізіп, бір сәт ойланып көрейікші. Олай болса, әсерлі ойымыз бізді қайда жетелейді?

(“Бір атаның балалары” повесіне)

Ендеше осы сурет пен әңгіменің арасында қандай байланыс бар?

(Иә, әңгімеде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұрыс майданындағы ауыртпалық пен қарапайым халықтың күйзелісі баяндалады. Шығармада осындай көріністер айқын суреттеледі).

Олай болса, бізде міне сурет арқылы шығарманың өн бойына еніп, тереңіне үңіліп талдау жасап көрсек.

ІІ Мағынаны тану. (10 минут)

А) Шығармаға аннотациялық талдау. Мына бос графаны топ болып бірлесіп толтырамыз. Әңгіменің негізгі оқиғасы, кейіпкерлер тағдыры және оқырманға жеткізуде жазушы қолданған тәсіл қандай?

Тапсырма орындалып болса, әр топ өз жұмыстарын қорғасын.

Ә) Кубизм. (5 минут)

Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе-кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе, соған жауап бересіз. Дайынбыз ба?

1.         Суретте. Жетім қалған жас үрпек балалар портретін суреттеңіз.

2.         Салыстыр. Қарт Ахмет пен Зигфридке мінездеме бер.

3.         Зертте. Ұлы Отан соғысы жылдары туралы, сұм соғыс туралы не білеміз?

4.         Қолдан. Ахметтің неміс баласын асырап алу туралы ауыл адамдары не ойлайды?

5.         Дәлелде. Повесте суреттелген ауыл тұрмысы қандай? Қандай салт-дәстүр үлгілерін кездестіруге болады?

6.         Талда. Зигфрид балалар республикасының тең құқығы азаматы болып қалай атанды?

Б) Сәйкестендір, фоторобот. (7 минут)

І топ

Зигфрид пен Ахмет қарттың портреттеріне сүйене отырып фоторобот жасайды.

ІІ топ

Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен портреттеріне сәйкестендіреді.

В)  Еркін жауп. (3 минут)

Сабағымызды жалғастыра отырып, проблемалық сипаттағы талдау сұрақтарына еркін жауап берсек.

1.         Шығармада соғыс зардабы, ауыл адамдарының көнбес тіршілігі кімнің сөзімен, қалай берілген?

2.         Ахмет қарттың бала таңдауында қандай сыр бар? Оған сендер қалай қарайсыңдар?

3.         Ахмет қарттың отбасында Зигфридтің бауыр басып кетуіне кімдердің, қандай әрекеттері себеп болды?

4.         Зигфрид үшін Ахмет қарт қандай әрекеттерге барды?

5.         Зигфрид мінезінен Ахмет қарттың үмітін ақтарлық қандай нышанды байқадыңдар?

6.         Жазушы бас кейіпкерлердің тағдырын дұрыс шешкенбе? Ол шешімге келісесіңдер ме?

7.         Осындай соғыс жылдарында жетім қалған балалардың тағдырын көрсетуге автор нені мақсат еткен? Бүгінгі заман шындығымен байланысы бар ма?

Г)  Топтастыру (3 минут)

І топ

Кейіпкерлер бойындағы адами қасиеттерді топтастырыңыз. Қалған кейіпкерлері бойынша.

                                    аңғал                  қонақжай         ашушаң

ұяң                                          Кейіпкерлер әлемі                 өмір мінезді

                                    жомарт           діншіл  мейірімді         жайдарлы

  

ІІ топ

Осы шығарманың тәрбиелік мәні немесе мен қандай тәрбие аламын?

                        адамгершілік       мейірімділік              әдептілік

Намысшыл болу                                Тәрбие әлемі              жамандық атаулыдан           

                       жирену

                    имандылық              тазалық            достық

ІV Жаңа сабақты бекіту (2 минут)

Балалар шығармадағы кейіпкерлер әлемі сіздерге ұнады ма? Қалай ойлайсыңдар, повестің атауы дұрыс таңдалған ба? Зигфридің тағдыры арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастады?

V  Үй тапсырмасы (2 минут)

І топ

Зигфридің қазіргі замандас достарына хаты (Болашаққа хат)

ІІ топ

Зигфридке хат жазу

VІ Білімді бағалау (2 минут)

Оқушылардың орындаған тапсырмаларының нәтижесінде жинаған ұпайлары бойынша және сұрақтарға берген жауаптарын ескере отырып білімдерін бағалау.

VІІ Сабақты қорыту (1минут)

Балалар, Ұлы Отан соғысы біздің жүрегімізде өшпестей із қалдырды. Өткен тарих деп санамыздан алып тастау мүмкін емес. Сондықтан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында балаларынан айырылған ата-аналар мен жетім қалған балалар тағдыры суреттелген Мұхтар Мағауиннің “Бір атаның балалары” шығармасы мәңгі жадымызда қалары сөзсіз. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев “Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – бүгінгі мектеп     партасында отырған оқушылар мен жастар” деген екен. Еліміздің болашағы, сіздер!

 

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: teacher-almaty (15.12.2008)
Просмотров: 9542 | Рейтинг: 2.9/7
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz