Бұхар жырау шығармаларының тақырыбы мен идеясы - Казахский язык и литература - Мастерская учителя - Каталог статей - Интернет-портал учителей Алматы
Интернет-портал учителей Алматы
Пятница, 29.08.2014, 18:01
Меню сайта
Категории раздела
Биология [23]
ИЗО [7]
Профессиональное обучение [3]
Внеклассное чтение [12]
География [13]
Духовные ценности [8]
Если хочешь быть здоров [33]
Информатика [42]
История [39]
Иностранный язык [80]
Книжная полка [12]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [121]
Математика [59]
Мир науки [10]
Моя Родина - Казахстан [31]
Музыка [66]
Начальная школа [325]
Общество семи муз [11]
Психологический клуб [9]
Русский язык и литература [106]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [17]
Технология [14]
Физика [11]
Химия [21]
Экологическое воспитание [7]
Самопознание [21]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 719
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Бұхар жырау шығармаларының тақырыбы мен идеясы
№ 3, 2008 г.

Н. Құдабаева, № 139 мектеп

 Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Жырау толғауларын түрлі тақырыбы бойынша топтап, талдау  

барысында оқушыларға толғауларның өзекті тақырыбы мен идеясын  

аңғарту, түсіндіру.

ә) Тәрбиелік: Жырау толғауларындағы ақыл – нақылдарды негіз ете отырып  

оқушыларды адамгершілікке, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Елін  

сүюге, қорғауға шақырыу.

б) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал  

ету, сөз байлығын арттыру; есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап, карточкамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Бұқар жыраудың сөзі жазылған плакат, Абылайдың портреті, Үш

бидің суреті бар буклет және жыраудың арғы аталары мен

ұрпақтары туралы схема.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру: Сыныпты сабаққа әзірлеу; Сәлемдесу, түгендеу, класс тазалығына

көңіл бөлу, оқушылардың назарын сабаққа аудару; ол үшін:

Ел бастау қиын емес,

Қонақтын жерден көл табылады

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады.

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ. – деген кім айтып еді?

              Бұқар жырау Қалқаманұлы.

              Дұрыс айтасындар? Онда үйге қандай тапсырма беріледі?

Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге берілген тапсырма: Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы және өлеңдерін жатқа оқу. Бұқар жайындағы ел аузындағы аңыздарды тауып, дайындалып келу. Сұрақ – жауап әдісі бойынша өмірі мен шығармашылығы туралы сұрау Аңыздарды дайындалып келгендер болса сұрау. Бір – екі оқушылардан жатқа сұрау.

Білімді тексеру: Ол үшін: үй тапсырмасы сұралып жатқанда, жалпы жыраулар поэзиясынан білімдерін анықтау үшін карточкалар тарату.

1) Жоғары қарап оқ атпа,

Жуық түсер қасыңа

Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа

......................... Авторы кім? (ары қарай жалғастыр).

Күндердің күні болғанда

Сол жаман айғақ болар басыңа.

Авторы – Шалкиіз жырау.

2) Қазтуған жыраудың қандай жырларын білесің? Аты: «Мадақ жыры», «Белгілі

биік көк сеңгір», «Алаң да алаң, алаң жұрт».

3) Жыраулар поэзиясы қай кезеңнен басталады? Оның басты өкілдері кім?

XV ғасырдан басталады. Өкілдері: Асан Қайғы, Доспамбет, Ақтанберді,

Қазтуған, Үмбетей, Шалкиіз, Жиембет жыраулар.

4) «Көшпенділер философы» деген сөз кім туралы айтылған? Бұл сөзді кім айтты?

Асан Қайғы туралы: Шоқан Уәлиханов.

5)  «Айналайын Ақ жайық

Ат салмай өтер күн қайда,

Еңісі биік боз орда

Еңеке кірер күн қайда», - деп арман айтқан өай жырау?

Доспамбет жырау

6) Есім ханның «қолына сүйесін; қолтығына демесін» болған кім еді?

Жиембет жырау

7) Балпаң, балпаң кім баспас,

Басарға балтып шыдамас,

Батырмын деп кім айтпас,

Барарға жүрек шыдамас.

.......... (ары қарай жалғастыр) Кімнің жыры?

Ақтанберді жырау

8) Жыраулар поэзиясынан қандай ой аңғарылады. Ерекшелігі қандай?

Жыраулар толғауларынан бәрінің де халқының қамын ойлағаның, бейбіт, тыныш заманды аңсағанын, елді бірлікке шақырғанын аңғарамыз. Сөздері ақыл – нақылға толы болып келеді.

Мақсат қою: Ал балалар, біз қазір жырдың өмірі мен шығармашылығы туралы айттық. Өлеңдерін жатқа оқып жатырмыз. Енді жырау толғауларының негізгі тақырыбы, идеясы не екеніне назар аударайық. Жырау толғауларына, мағынасына саяхат жасаймыз. Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазып қояйық.

Сәуірдің он бірі

Бұқар жырау толғауларының басты тақырыбы мен идеясы.

Жаңа білімді түсіндіру, меңгерту.

Әуелі мына тақтада тұрған сөзді жазып алайық. Бұл сөз бүгінгі сабағымыздың эпиграфы болады:

 «Айнала алмай ат өлсін,

Айыра алмайжат өлсін,

Жат бойынан түңілсін,

Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз».

Бұқар жырау толғауларын үлкен төрт топқа бөлуімізге болады.

1.             Өмір жайлы талғаулары.

2.             Адам өмірінің кезеңдері жайлы.

3.             Ел бірлігі жайлы.

4.             Абылай ханға арнаған толғаулары жайлы.

Өмір жайлы талғауларынан жыраудың табиғат құбылыстарына көз жібере отырып, солардың бәрінің де өліп, өшіп, өзгеріп отыратының нанымды дәлелдегенін көреміз. Жыраудың сөздері тұнып тұрған ақыл, өнегелі, ғибратты сөздер. «Қара құлам жүйрік деп», «Ай не болар күннен соң», «Ежелгі дос жау болмас», «Жар басына қонбаңыз», «Жол құрығы қаба деп», «Қара арғымақ арыса», «Жарқ – жарқ еткен жайда бар», «Асқар таудың өлгені», т.б. Биік тауға жарасар «Асқар таудың өлгені» дегең өлеңінде жырау «өлмегенде не өлмейді?» сұрағына «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», – деп жауап беріп, бүкіл ой – білімін, талант – дарынын, өмірін, адамзаттың асыл арманы үшін сарп еткен адамдардың есімі де, олардың артына қалдырған аталы сөздері де ғасырларға кете береді деген түйін жасады.

Адам өмірінің кезең – кезеңдері туралы толғауларының да ғибраты мол. Бұл тақырыптағы өлеңдеріне «Жиырма жасыңда», «Ей Абылай, сен он бір жасыңда», «Атам болған жиырма бес» – ті жатқызуға болады. Адамзаттың жас кезінен бастап қартайған шағына дейінгі өмірін суреттейді.

  «Атам болған жиырма бес» деген  өленңнде жастық пен кәрілікті қарама қарсы қойып суреттесе, «Жиырма деген жасыңыз» деген өлеңінде жиырмадан тоқсанға дейінгі кезеңді жеке – жеке жырлайды.

Бұқардың қай талғауын алсақ та, елді бірлікке шақыру идеясы аңғарылады. Ел бірлігін, ел тыныштығын, тәуелсіздігін, бейбіт өмірін жырына арқау еткен жыраудың бұл тақырыптағы өлеңдері «Керей, қайда барасың», «Бірі етек, бірі жең болған», «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» т.б. көптеген өлендерін атауға болады.

«Ағайынның арызы, елдің сәнін кетірер».

Абысынның арызы, ауыл сәнін кетірер,

Бірі етек, бірі жең болған,

Ежелден саған ел болған,

Орта жүзден кісің жоқ,

Найзасының ұшы алтын.

Кіші жүзден кісің жоқ, - деп оны басқа шығармаларында одан әрі тереңдетеді.

 «Айнала алмай ат өлсін,

Айыра алмай жат өлсін,

Жат бойынан түнілсін,

Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз», - деп өсиет айтады. Ел бірлігін сақтап қалу үшін не керек екенің анық айтып береді. Ел бірлігі болса, алынбайтың қамал жоқ екеніне көз жеткізеді. «Тірек», «Керей, қайда барасың?» деген өлеңдерінде айтылатын ой да ел бірлігін сақтаудан туған.

Абылай есімімен байланысты өлендерінен де ел бірлігін көздеген ойымен қатар, ханға айтқан ақылын, ханның ел басқарудағы жақсы істері мен кемшіліктерін жырлағаның көреміз.

Қырық беске келгенде,

Жақсы мен жаман демедің.

Елу жасқа келгенде,

Үш жүздің баласының

Атының басын бір кезеңге тіредің.

Абылайды Абылай еткен, оған бақ – абырай әперген, бір жағынан, «елдігі болса», екіншіден «бар күшін қазақтың абыройы мен ары үшін сарп етіп» ел қамын ойлаған қаһарлы батырлары еді деген әділ пікір айтқан. Абылайға көп өлеңдер арналуының бір себебі – қазақ елін хан айналасына топтастыру еді.

Жалпы, жыраудың толғауларын бірінен – бірін бөліп қарау мүмкін емес. Себебі әр өлеңінде тақырып пен идея ел бірлігі, татулығын дәріптей келіп, бір бірімен сабақтасып жатқан үлгі өнегеге толы жырлар екенін көреміз.

Сабақты түсінгендігін тексеру

Бұқар жырау толғауларындағы негізгі тақырып пен идея қандай?

Адам өмірінің кезендерін суреттеген қандай өлеңдер бар?

Ел бірлігін сақтау идеясы жырау толғауларынан қалай көрініс береді?

Карточка тарату.

Бекіту: Бұқар жырау шығармаларынан ел бірлігін көздеген сұңғылалықты, татулықты аңсаған ақыл иесі екенің көреміз (жыраудың).

Жырау өз жырына заманның түрлері құбылыстарын жақсы мен жаман, достық, адалдық, мейірімділік т.б. жайындағы ойды да арқау еткен. Абылай образын ашуда да үлесі зор екенің көреміз.

Адам баласының кей кездегі пендешіліктерін, барға қанағат етпей, шүкіршілік жасамай, тәубеден тайып кететін сәттерін мына жырында әдемі өрнектеп берген. «Үмітсіз шайтан»

Әлемді түгел көрсе де,

Алтын үйге кірсе де,

Аспанда жұлдыз аралап,

Ай нұрын ұстап мінсе де –

Қызыққа тоймас адамзат!

Ілімді түгел білсе де,

Қызығын қолмен бөлсе де,

Қызықты күні қырындап,

Қисынсыз күйге түссе де –

Өмірге тоймас адамзат!

Жақындап ажал тұрса да,

Қалжырап, көңлі қарайып,

Қарауытып көзі тұрса да –

Үмітін қоймас адамзат!

Үйге тапсырма; бағалау

Бұқар талғауларының басты тақырыбы мен идеясы. Жыраудың жырларынан нақыл сөздерін теріп жазып келу. Өлеңдерін мағынасына қарай айқындау.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: teacher-almaty (15.12.2008)
Просмотров: 20415 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.7/16
Всего комментариев: 1
1 Makhsat   (26.12.2009 21:10)
Қадірлі ұстаз, жұмысыңыз жемісті болсын.
Бұқар жырау және қазақтың жыраулық дәстүрін насихаттау, оқыту ісінде табыс тілемйн!
тарихшы Махсат

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Форма входа