Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 11.12.2016, 01:25

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Сын есім

Сабақтың тақырыбы:

Сын есім

Сабақтың мақсаты:

 

а) Білімділік

Сын есім жайында берілген білімді еске түсіру, жаттығу жұмыстарын орындау барысында сын есімдерді тауып, сұрақ қоя білу.

ә) Дамытушылық:

Сауатты, көркем жазуға дағдылану, оқушының сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

б) Тәрбиелілік:

Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу, табиғат құбылыстарының мезгілдік өзгерістерін байқауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Бекіту сабағы

Сабақтың әдісі:

Түсіндіру, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс:

Ана тілі, дүниетану

Сабақтың көрнекілігі:

Қазақстаннның табиғат зоналар картасы, Ә.Табылдиевтың портреті, «Әдептілік әліппесі» кітабы, 3-ші сыныптың «Қазақ тілі» электрондық оқулығы, үнтаспа, компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім –

деп ғұлама, ақындарымыз жырлағандай туған тіліміз – қазақ тілі.

Біздің өтетін сабағымыз да «Қазақ тілі».

Бүгінгі сабағымызға, балалар, қонақтар келіп отыр. Ендеше, қонақтармен амандасайық

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз

 

«Кім көп біледі?» ойыны

Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою.

 

1.    Қандай сөздерді түбірлес сөздер деп атайды?

2.    Туынды сөз дегеніміз не?

3.    Негізгі және туынды зат есімді айт.

4.    Етістіктің негізгі және туынды түріне мысал келтір?

5.    Болымды, болымсыз етістік дегеніміз не?

 

-                                      Бүгінгі сабақта сын есім жайында білімімізді еске түсіріп, сөйлемдерден сын есімдер тауып, сұрақ қоямыз. Мәндес, қарсы мәндес сын есімдерді табамыз.

-                                      Балалар, біздің еліміз қалай аталады?

-                                      Қазақстан Республикасы

-                                      Қазақстан Республикасының жері ұлан-байтақ. Оның табиғаты да әр түрлі. Оңтүстік пен шығысты биік таулар жиектеп жатса, қалған көп бөлігі жазықта орналасқан. Солтүстікте орманды дала, одан соң құнарлы дала өңірі, шөлді дала өңірі алып жатыр. Бүгінгі сабақта дала өңірі жайында айтамыз. Дала өңірі еліміздің 26-28% алып жатыр. Топырағы құнарлы бұл жерлерде көбіне астық өсірумен айналысады. Ауа райы қатаң, қысы суық, аязды болса, жазы ыстық, жауын-шашыны аз болады. Ал көктем қандай болады екен? Оны 363-жаттығудан оқып білеміз?

-                                      Өлеңді жазған кім?

-                                      Әбдібай Табылдиев

-                                      Ә.Табылдиевтің біз қандай тақпақтарын, әндерін, әңгімелерін жаттап, оқыдық?

-                                      Ізетті бала, Айналайын інімнен, Ағатайым, Мейман, Атаның өнегесі

-                                      Әбдібай Табылдиев – балалар ақыны, балаларға арнап өлеңдер, ертегілер, пьесалар жазған.

-                                      Өлеңді дауыстап оқу, мағынасын түсіндіру. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.

-                                      Бұл сөздерге қандай сұрақтар қоямыз?

-                                      Қандай?

-                                      Бұл сөздерді қай сөз табына жатқызамыз?

-                                      Сын есімдерге

-                                      Сын есімнің ережесін еске түсірейік.

-                                      Заттың сынын, сипатын, түрін, көлемін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.

ІІІ. Электронды оқулықпен жұмыс.

Мәтін тыңдап, сын есімдерді тауып интерактивті тақтаға жазу.

(Кең, көрікті, асқар, сары, әйгілі, мәңгі, аппақ) Бұл сөздерге қандай сұрақтар қоямыз? Қай сөз табына жатады.

ІУ. Дәптермен жұмыс.

Дәптерді ашып, күннің ретін жазу

Каллиграфиямен жұмыс

К к

Көк көңілді көкшіл көгілдір керемет

(Сөйлем құрастырып жаздырту, оқыту)

 

364-жаттығу

Керекті сөздерді көп нүктенің орнына қойып жазу.

Ақ мақта, тәтті алма, қою айран, кең дала, биік тау, терең көл

 

Зат есімге қатысты бірнеше сын есім табу. Осы сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыру.

У. Электронды оқулықпен жұмыс

Сөз тіркестерін толықтырып жазу.

УІ. Тапсырманы жақсы орындадық. Сәл демалайық. «Далаға саяхат». Көктемнің жылы, шуақты күні шалғынды далаға серуен жасайық. Айналамызда жасыл шөп, жусан өскен кең дала. Қызыл, сары гүлдер далаға көрік беріп тұр. Жоғарыда көк аспан, сайраған құстар.

-                                      Далада не істегіміз келеді?

-                                      Ойнағымыз секіргіміз, жүгіргіміз.

-                                      Суретке қарап отырып бізге қандай ой келіп тұр?

-                                      Даламыз қандай кең, гүлдер қандай тамаша!

-                                      Осындай кең-байтақ даламызды ата-бабамыз бізге мұра етіп қалдырды, ешбір жауға бермеді. Осы даланы қорғайтын, өркендететін өздеріңсіңдер. Егін егіп, мал өсіретін, қала салатын да өздеріңсіңдер.

-                                      Даламызды қорғаймыз ба? Гүлдерді жұлмаймыз ба? Дала туралы сергіту жасайық.

Балауса белдерім

Көгілдір көлдерім

Жайқалған алтын дән

Жазира кең далам

УІІ. 365-жаттығу

Мақалды оқу, мазмұнын түсіндіру.

Мақалды жатқа жазу.

                Жақсы сөзге жан семіреді

                Жаман сөзден жан қорқады

Мақалды жатқа жазып тексеру. Сын есімді тауып, байланысқан сөзін сызбамен көрсету.

УІІІ. «Ой-толғау» жазу.

Сюжетті сурет бойынша ой толғау жазу. Оны бірнеше балаға оқытып, талдау.

-                                      Қайрат қателігін түсінген сияқты. Жоғарғы сынып оқушылары қалай түсіндіреді? Жақсы сөздер айтып, жаймен түсіндіреді ме, әлде жаман сөздер айтып, ұрыстыма? Қай сөз сөздерді жиі айтқан дұрыс? Неге?

-                                      Жақсы сөздер жағымды әсер етеді, тиімді болады. Ендеше, жақсы сөздер көп айтып, жиі қолданайық.

ІХ. Электронды оқулықпен жұмыс

Жақсы-жаман деген сөздердің мағынасы қандай? (Қарама-қарсы)

Мағынасы қарсы сөздерді антонимдер дейміз. Ендеше электронды оқулықпен тапсырма орындап, қарсы мәндес сөздерді табайық. (Аласа-биік, ұзын-қысқа).

Х. Электронды оқулықпен жұмыс.

Сын есімдер жайында білімімізді мақсатында 10 сұрақтан тұратын тест жұмыстарын орындайық.

Қандай? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.

а) бірінші

ә) берді

б) әсем

в) оқушы

ХІ. Бүгінгі сабақта не үйрендік, не істедік?

Балаларды бағалау. Қорытынды жасау.

Үйге тапсырма беру. 366-жаттығу. Талдау. Ә.Табылдиевтің тақпақтарын, әндерін іздеп тауып жаттап келу.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: teacher-almaty (08.06.2009) | Автор: teacher-almaty
Просмотров: 10875 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.4/11
Всего комментариев: 1
1 Рымтай   (08.10.2009 11:23)
керемет!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz