Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 11.12.2016, 01:24

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

конспект урока по казахской литературе в 7 классе
Кәрібаева Г.Т.
Қостанай қаласы
№1 орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі
7 сынып. Қазақ әдебиеті.
Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен Саққұлақ шешен.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының қоғам қайраткері туралы толық мағлұмат беру.
2.Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін жетілдіру,өз ой-тұжырымдарын айта білуін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қазақ халқының атақты адамдарын құрметтеуге баулу, олардың ісін үлгі ету, шешендікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, әңгімелеу, бақылау.
Білу керек: қазақ халқының тарихи қайраткерлерін білу керек, шешендер туралы білімі болу керек.
Істеу керек: Тақырып бойынша өз ойларын айту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, тірек кестелер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Амандасу
ә) сыныпты түгендеу
б)сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
2. Тіл дамыту. Сұрақ-жауап.
1. Төле би қай жылы туған?
2. Ол қай жерде туған?
3. Төле бидің әкесі кім болған?
4. Төле би кім?
5. Ол неше жасынан елге танымал болған?

Үй тапсырмасын сұрау. «Тест» 10-сұрақ (Интерактивті тақтадан сұрақтар көрсетіледі)
1. Шешендік сөздер дегеніміз не?
а)сказки б) басня в) слова красноречье
2. Шешендік сөздерді айтқан
а) би б) ақын в) жазушы
3. «Дау» сөзінің аудармасын табу.
а) драка б) состезание в) спор
4. «Шешен» сөзінің аудармасын тап.
а) судья б) оратор в) певец
5. Шешендік сөздерді қайда айтқан?
а) дау-дамайда б) үйленгенде в) бала туғанда
6. Шешендік сөздерге не жатады?
а) өлең б) бата в) ертегі
7. Қазақ шешендерінің бірі
а) Жамбыл б) Төле би в) Ыбырай
8. Би-шешендер көбінесе кімді қорғаған?
а) Байларды б) кедейлерді в) хандарды
9. Шешендер қандай болған?
а) әділ б) мақтаншақ в) өзімшіл
10. Шешен сөзіне синонимді тап.
а) жазушы б) майталман в) аудармашы
Тестің кілті (оқушылар тақтада көрсетілген кілт бойынша бір-бірін тексеріп бағалайды)
1.в 6.б
2.а 7.б
3.в 8.б
4.б 9.а
5.а 10.б
Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
10 сұрақ – «5»
9 сұрақ – «4,5»
8 сұрақ – «4»
7 сұрақ – «3,5»
6 сұрақ – «3»
5 сұрақ – «2,5»
4 сұрақ – «2»
Балалар үй тапсырмасын ары қарай жалғастырамыз.
Экранда берілген тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын айту.
Жамбыл обылысы, 1663 жыл, Шу өзені, әкесі Әлібек, шешен, қоғам қайраткері, 15-20 жасында. (2-3 оқушы әңгімелейді)
Жаңа тақырып:
Ал енді оқушылар экранда берілген сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлем құраңдар.
Саяхатшы, кадет корпусы, зерттеуші, Құсмұрын, Мұхамедханафия, жерлестеріміз.
Ал енді оқушылар мына сөздер кімге қатысты деп ойлайсыңдар?
Жауап: Ол адам Шоқан Уәлиханов. ( 2 оқушы)
(экранда Шоқанның портреті көрсетіледі)
Оқушыларға сұрақ қойылады.
Бізге таныс шешен кісілерді атап өтейік.
Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би, Жиренше, Сырым, Досбол т.б.
Осы кісілермен бірге тағы бір шешендігімен тарихта аты қалған шешен кісімен танысқалы отырмыз.
Ол кісі Саққұлақ шешен.
Мәтінмен жұмыс. Шоқан мен Саққұлақ шешен.
Оқушылар мәтінді рөлге бөліп оқиды. (3 оқушы оқиды)
Мәтін бойынша кесте толтырылады. (Оқушылар интерактивтік тақтада берілген кестені толтырады)
Шоқанның сұрағы Саққұлақтың жауабы
Біреу адасса
Көне адасса
Көргенді адасса
Көп адасса Көнеден сұрайды
Көргендіден сұрайды
Көптен сұрайды
Көп оқығаннан сұрайды

Оқушылар интерактивтік тақтада берілген кестені толтырады.
Шоқанның сұрағы жазулы Саққұлақтың жауабын өздері ауып жазады.
Ассоцограмма толтыру.
Көп оқыған қай уақытта адаспайды?
2. Саққұлақтың батасы:
- Асылы, ақыл-адамды аздырмайтын ем.
- Білім таусылмайтын кен!
- Адамның басшысы – ақыл,
- Жетекшісі – талап,
- Шолғыншысы – ой,
- Жоласы – кәсіп,
- Қорғаны – сабыр,
- Қорғаушысы – мінез,
Біліп туған бала екенсің,
Тумысыңнан дана екенсің,
1. Мұғалім оқиды
2. Хормен оқу
3. 1-2 оқушы оқиды
4. Кесте толтыру
Саққұлақтың Шоқанға берген батасындағы сөздерді сәйкестендіру.
Бата
Білім жетекшісі
Ақыл қорғаны
Талап кен
Ой адамның басшысы
Кәсіп қорғаушысы
Сабыр жолдасы
Мінез шолғыншысы
Міне оқушылар осы жеті түрлі қасиет Шоқанның бойында бар екен.
Жазба жұмысы: Кестелерді дәптерлеріне жазып отырады.
Мәтінде кездесетін мына сөздердің синонимдік қатарын табу.
Тосын – кенет
Ақсақал – қария
Көнеден – көпті көрген адам
Көргенді – тәрбиелі
Күдіктену – сенбеу
Көп – елден, жұрттан
Тумысыңнан – туғаныңнан
Қорытынды: Сонымен адам баласы өмірде өз жолын дұрыс таба білу үшін не керек екенін білдік. Ол білім, ғылым.
Осы тақырыптарға байланысты мақал-мәтелдер білеміз бе?
(5-6 оқушы оқу, білім, адамгершілік, еңбек туралы мақал-мәтелдер айтады).
Үй тапсырмасы : Батаны жаттау.
Бағалау.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Шипина (11.11.2010) | Автор: Карибаева Ганди Токтаровна E
Просмотров: 5816 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz