Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 09:24

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Оқушыларға көмек
Қостанай қаласы
№1 орта мектеп
Торғаева Б.А.
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Фонетикалық талдау
1) Сөзді буынға бөліп, буын түрін анықтау.
2) Сөз құрамынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай талдау.
3) Сөз құрамынан дауыссыз дыбыстарды тауып, қатаң, ұяң, үнді дауыссыздың қайсысына жататынын анықтап, жасалу жолын да көрсету.
4) Сөз құрамындағы дыбыс пен әріптің санын көрсету.
5) Сөздегі үндестік заңына сәйкес құбылысты анықтау.
Талдау үлгісі:
Ұқыпсыздық (небрежность)– ұқ-ып-сыз-дық, төрт буынды:
1-тұйық, 2-тұйық, 3-бітеу, 4-бітеу буын немесе
АВ, АВ, ВАВ, ВАВ.
[ұ] – дауысты, жуан, қысаң, еріндік
[қ] – дауыссыз, қатаң, тіл арты
[ы] – дауысты, жуан, қысаң, езулік
[п] – дауыссыз, қатаң, тіл арты
[с] – дауыссыз, қатаң, тіл арты
[з] – дауыссыз, ұяң, тіл алды
[д] – дауыссыз, қатаң, тіл арты
Сөзде 10 дыбыс, 10 әріп бар.
а) сөздің бірінші буындағы [ұ] дыбысының әсерінен
екінші буындағы [ы] дыбысы [ұ] болып айтылады. ұқ-ұп-сыз-дық
ә) сөздің барлық буынындағы дауысты дыбыстардың
жуан болуы үндестік заңына жатады.
Сөз құрамына талдау
1) Сөздің негізгі түбірін тауып, қай сөз табына қатыстылығын, мағынасына, құрамына қарай түрін анықтаймыз.
2) Туынды түбірлерді белгілейміз, сөз табын көрсетеміз.
3) Сөз құрамындағы әрбір қосымшаны жеке-жеке алып, қандай қосымша екенін белгілеу керек, жалғаудың түрін көрсетіп, жұрнақтың қай сөз табына тиістілігін анықтау қажет.
Үлгі 2: Темірханмен
Темірхан – зат есім, жалқы, деректі.
Сөз екі түбірден тұрады, күрделі, оның ішінде біріккен сөз.
Темір – зат есім, дара, жалпы.
-хан - зат есім, дара, жалпы.
-мен – көмектес септігінің жалғауы.
Үлгі 3: оқымағансыңдар
оқы – етістік.
-ма – етістіктің болымсыз жұрнағы.
-ған – есімшенің жұрнағы.
-сың – жіктік жалғауының ІІ жағы.
-дар – көптік жалғауы.
Сөз тіркесіне талдау
1) Байланысып тұрған сөздерді тауып аламыз.
2) Бағыныңқы, басыңқы сыңарларының байланысу тәсілін табамыз.
3) Сөз табы, тұлғасы жағынан талдау арқылы байланыс түрін анықтаймыз.
4) Синтаксистік қатынасты көрсетеміз.
Талдау үлгісі:
Мен Әміредей әншіні бірінші рет кездестірдім.
Мен кездестірдім.
Жіктік жалғауының І жағы. Байланысу тәсілі – жалғау арқылы.
1) жіктеу есімдік, атау тұлғада, жекеше, 2) етістік, жедел өткен шақ, жіктік жалғауда. Байланысу түрі-қиысу.
Бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынас.
Әншіні кездестірдім.
Табыс септігінің жалғауы. Байланысу тәсілі – жалғау арқылы.
1) Зат есім, табыс септікте, 2) етістік, өткен шақ, жіктік жалғауда. Байланысу түрі-меңгеру.
Толықтауыштық қатынас.
Морфологиялық талдау үлгісі:
Ол кітап оқығанды жақсы көреді.
ол – сілтеу есімдігі, жекеше түрі
кітап – зат есім, жалпы, деректі, дара
оқығанды – заттанған есімше, етістік
оқы – етістік
-ған – есімшенің жұрнағы
-ды – табыс септігінің жалғауы
жақсы көреді – күрделі, болымды, сабақты етістік, қимыл атауы, ашық рай, осы шақта.
Синтаксистік талдау үлгісі:
1) Оқушылар қолдарындағы гүлшоқтарын мұғалімдеріне ұсынып жатыр. (жай сөйлем, хабарлы, жақты, толымды, жайылма)
2) Оқушылар қолдарындағы гүлшоқтарын мұғалімдеріне (не істеп жатыр)? - ұсынып жатыр. [күрделі баяндауыш]
3) (Кімдер) қолдарындағы гүлшоқтарын мұғалімдеріне ұсынып жатыр? – Оқушылар. [дара бастауыш]
4) Оқушылар (қайдағы) гүлшоқтарын мұғалімдеріне ұсынып жатыр?- қолдарындағы. [пысықтауыш]
5) Оқушылар қолдарындағы (нелерін) мұғалімдеріне ұсынып жатыр?- гүлшоқтарын. [тура толықтауыш]
6) Оқушылар қолдарындағы гүлшоқтарын (кімдеріне) ұсынып жатыр?- мұғалімдеріне. [жанама толықтауыш]

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: 01233210 (07.12.2010) | Автор: Боранкуль E
Просмотров: 36248 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 3.4/43
Всего комментариев: 3
3 789987   (01.06.2011 12:49)
презентация дайындадың ба?

2 6654456   (23.12.2010 21:57)
Жақсы көмек!

1 6654456   (23.12.2010 21:56)
biggrin

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz