Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 09:26

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 10
Гостей: 10
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Отандық, әлемдік тәжірибе мен орнықты ұстанымдары...
Отандық, әлемдік тәжірибе мен орнықты ұстанымдары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңғырту.
 Г. Оспанова, № 26 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.
 
Мектептегі білім берудің жаңа сапалы деңгейі нәтижеге негізделген мазмұндық және құрылымдық өзгерістегі білім жүйесіне тікелей байланысты. Жалпы орта білім беру үздіксіз білім алудың буыны бола тұра, ондағы сапалы өзгеріс оқушының әр пәннен алған білімі, білік, дағдысымен өлшенбейді. Оның негізгі көрсеткішіне мектеп бітірушінің өмірлік өзіндік ұстанымы мен еңбек етуге саналы таңдау жасай білуі жатады. Бұл оқушыға дара тұлға ретінде қарауды талап етеді. Ал оқушының дара тұлғалық сапалары оқушы бойындағы бейімділік, икемділік, компетенттіліктер негізінде айқындалады. Осындағы компетент тілік білімнің тұлғалық және әлеуметтік мәнін байланыстыратын ұғым ретінде педагогикаға еніп отыр.

Методикалық терминдер сөздігінде «Компетенттілік (латынның competentes – бейін сөзінен) – қандай да бір пәнді оқу процесінде қалыптасатын білім, білік, дағды жиынтығы, сонымен қатар қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттігі» - делінген.

Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде (С.И.Ожегов және т.б.) компетенттілік сөзі – хабардар болу, беделді болу деген ұғымды білдіреді. Ал компетенция: 1.Адамның қандай да бір мәселе, сұрақ, құбылыс бойынша бедел, таным, тәжірибеге ие болуы (хабардар болуы). 2.Біреудің құзырына тиесілі нәрсе.

Оқушы өмірде өз рөлін атқаруға қажетті алынатын нәтижелерге жетуге жауапты деп есептейді. Нәтижеге бағдарланған білім моделін құрастырған жұмысшы топтың бір үлгісінде тұлғадан күтілетін базалық компетенциялар нұсқасы төмендегіше беріледі:

1.             Әлемнің ғылыми бейнесін түсіну, іздену-зерттеу, шығармашылық әрекеттерге тән дағдыларды меңгеру.

2.             Өз Отанының елжанды азаматы болу, азаматтық белсенділік көрсету, саяси жүйесін түсіну, болып жатқан әлеуметтік оқиғаларға баға бере алу.

3.             Экономикалық тепе-теңдікті сақтауға байланысты білімдерін қолдана алу, жоғары технологияларды меңгеру жағдайын ескере отырып қоршаған ортаны сақтауға қамқорлық жасау.

4.             Мемлекеттік тіл – қазақ тілінде және ұлтаралық қатынас тілінде, шетел тілінде қарым-қатынас дағдыларын меңгеру, ана тілінде қарым-қатынас жасауға мүдделі болу.

5.             Жаңа ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдана алу, оның ішінде нарықтық қатынас жағдайында өз бағытын және кәсіби өсуін анықтай алу.

6.             Әлеуметтік дағдыларды қолдана білу, отбасында, қоғамда, басқа адамдармен бірлескен қызметте өзінің әлеуметтік рөлін орындай алу.

7.             Әрекетті шындыққа сай жоспарлау мен ұйымдастыруды өз мүмкіндіктерімен, жеке басының жетістіктерімен сәйкестендіре алу, өзінің өмірі мен жасаған әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну.

8.             Өз халқының мәдениетін және әлемнің көп қырлы мәдениетін түсіну және бағалау, рухани келісім мен төзімділік (толеранттық) идеяларын ұстану.

9.             Салауатты өмір салты және әлеуметтік қызметке қатысты дағдыларды меңгеру.

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген Шоқан Уәлиханов.

Ж.Аймауытов бұдан 70-80 жыл бұрын «Тәрбиеге жетекші» деген еңбегінде: «Ана тілі халық болып жаралғаннан бергі жан-дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі... Жүректің терең сырларын, жанның барлық толқындарын тұқымнан-тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы – сол халықтың тілі» деген болатын. Кезінде Ахмет Байтұрсыновтың да: «Сөзі /тілі/ жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін азғыруға тырысады» деген ұлағатты ойы бүгінге дейін мән-мағынасын жоғалтқан жоқ. Бүгінде «мәңгүрттер» делініп жүргендердің пайда болуы отарлық тіл саясатының жемісі екенін ұмытуға болмайды.

Қазақстан Республикасында орта білім беру жүйесін дамытудың Мемлекеттік тұжырымдамасында, 2005-2010 жылдарға арналған «Білім» Мемлекеттік бағдарламасында және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, т.б. стратегиялық құжаттарда жеке тұлғаның рухани мүмкіндіктерін ашу, жеке адамның шығармашылық әлеуетін ашуға, қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызу – ең негізгі міндеттер екендігін көрсетілген.

«Бала -  жүректің миуасы » деп қарайтын балажан халықтардың бірі – қазақ халқы ежелден болашағым деп қараған, игі де зор үміт артқан, әрбір қазақ арманын ұрпағына аманат қып тапсырған.

Ұлылардың ұлылығының өзі - өз заманы шегінде қалып қоймай, әр дәуір, әр кезеңде қайта жаңғырып, жаңа ой, сөз айтуында, кейінгі буынның көкейіндегісін, көңілдегісін тауып қабысуында ғой деп ойлайсың. Талантты ақын М.Жұмабаев кезінде былай деп жазды: «Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебіне салмақ. Бір елдің тағдыры – мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе. Бұл – ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Тарихты аз ғана болса да ақтарған кісі мұны біледі. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт».

Бұрын мектептегі пәндер тек еуропалық жолмен оқытылып келді. Басқа елдің тарихын, сол ел жүйесін, үлгісін үгіттеп, насихаттадық. Қазір уақыт басқа, заман жаңарып келеді. Тәуелсіздіктің тізгіні қолымызға тиген уақытта жас ұрпақты мұғалімдер арқылы ұлттық мақтаныш пен ұлттық патриотизмге ұлттық құндылықтар жүйесінде тәрбиелесек – бұл педагогикалық аса маңызды мәселе.

Халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған жақсы адамгершілік мінез-құлқына, этикалық қарым-қатынасына негізделген педагогикалық бай тәжірибесін үлгі-өнеге ете отырып, жастарды жан-жақты дамыған, білімді, саналы, абзал азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі өскелең өмір талабы. 

Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен.

Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына  жетудің бірден-бір жолы. Қазақ тілін оқыту барысында туған тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден орнын таба алатын өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу – бүгінгі таңның басты мәселесі.

Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты – тәуелсіз елімізде қолданылу аясы кеңіген ана тіліміздің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, қазақ тілінің сан-салалы қызметін меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.

Қазақ тілі де басқа тілдер сияқты танымдық іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Сондықтан да болашақ қоғам иелерін тәрбиелейтін жалпы білім беретін мектептерде оқылатын қазақ тілі пәнінің маңызы үлкен.

Мектеп жасында-ақ балаларға «Қазақ тілі» пәні арқылы тілдің үш түрлі қызметін:

1) теориялық мәселелердің практикалық дағдының базасы болатынын пайымдауға үйренетін  білімдік қызметі;

2) адамзат жинаған тарихи-мәдени рухани мұраларды тіл арқылы меңгеруге болатын және өз ойын жеткізудің, өзін-өзі тану мен өзгені танудың бірден-бір құралы тіл екендігіне көз жеткізетін танымдық қызметін;                  

3) алған білімді практикалық тұрғыда қалай қолдану  іскерліктерін жетілдіруге бағыттайтын коммуникативтік қызметін тану міндеті  тұр.

Жаңа буын «Қазақ тілі» пәні тек қазақ тілінің ғылыми курсынан білім беруді ғана көздемейді, өркениетті елдің өскелең ұрпағына лайық жан-жақты білім және ұлттық рух пен ұлттық сананы тәрбиелеуге қызмет ететін тарихи материалдар мен бүгінгі күні өзекті мәселелеріне арналған публицистикалық материалда «Қазақ тілі» пәнінде жаттығу мәтіндері арқылы  беріледі. Әр күнгі сабақ жоспарында көрсетілетін білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары оқулықтағы жаттығу мәтіндерінен шығарылуы тиіс.

Кейбір балалар тумысынан зерек болса да, оларда жан-жақты білім, ысылып сөйлеу тәжірибесі жетпей жатуы, енді біреулердің топ алдында сөйлеуге қызығушылығы,  дүниетануға құштарлығы кейін оянуы мүмкін.

Дүниежүзілік бәсекеге түскен белсенді қоғамымыз ұрпағының енжар, самарқау болғанын қаламайды. Қарыштап алға басқан өмір ағымына ілесіп, өз мүддесі мен халық мүддесін қатар алып жүретін ойлы, ұғымтал, көреген, ынтымақшыл, жауапты, іскер азамат қалыптастыру – басқа пәндерге қарағанда, сөйлеу өнеріне төселдіретін «Қазақ тілі» оқулығының маңдайында жазылған бақыт.

Қазақ тілі пәні – болашақ ел иелерін тәрбиелейтін, жалпы білім беретін мектептің білім беру жүйесінде өзіндік орны бөлек жетекші пән. Өйткені ана тілі жас ұрпақтың дүниені тануының көзі болып саналады. Сондықтан бұл пән тек тіл білімі туралы, ғылым туралы білім беріп, соған сәйкес іскерлік дағдыларды меңгертумен, яғни жеке пәндік қызмет атқарумен шектелмейді. Ол басқа пәндік білімді меңгертудің құралын – тілдік біліктіліктерді де қалыптастыратындықтан, жалпы пәндік қызмет те атқарады.

Қазақ тілінің мазмұндық-құрылымдық жүйесін жаңартуда осы мәселелерге айрықша назар аударылды. Соған орай тілдің әдістемесі әлеуметтік дамудағы тілдің ролі туралы, тіл мен сананың, сөйлеу мен ойлаудың байланысы туралы лингвистикалық және психологиялық тұжырымдамаларға сүйене отырып меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу деп белгіледі. Бұл мақсат – қазіргі білім беру жүйесін реформалауға негіз болған жалпы білім беретін мектептің түпкі мақсатымен ұштасып жатыр.

Өздеріңізге белгілі, біздің саламыз бойынша тәуелсіздік алғаннан бергі елеулі үлкен өзгеріс Елбасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасымен Білім беру туралы Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілді. Жас ұрпақ орта білім алуға міндетті болды. Білім беру бағдарламасы  мемлекеттік стандарты негізінде жасалады. Демек, бағдарлама талаптарын орындау – білім берудің мемлекеттік стандартын орындау деген сөз.

Бүгінгі мектептің мақсаты – кеңестік кезеңде көрсетілгендей «Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» емес, қоғамда өмір сүруге бейім, өз көзқарастарын, пікірін қорғай алуға қабілетті дара тұлғаны дамыту. Ең негізгі, жетекші пән ретінде қазақ тілі де әрбір дара тұлғаның дамуына жол ашуы тиіс. «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі – ой өсіреді» деген қағиданы берік ұстана отырып, тілді осы ойды өсірудің басты тетігі ретінде меңгертудің жолдары іздестірілді.

1.Қазақ тілі оқулықтары өзіне дейінгі бірнеше тұғырнамалық еңбектерден бастау алып жатқанын атап айту керек.

2.Екіншіден, тілді оқытудағы жаңа талаптар қазіргі білім беру жүйесіндегі жетекші тенденциялық-демократияландыру секілді стратегиялық бағыттармен де ұштасып жатыр. Мұнда тілді ой еркіндігіне баулудың, ізгілікке тәрбиелеудің құралы ретінде меңгертудің маңыздылығы ескерілді.

3.Үшіншіден бүгінгі білім өзегінен алынып отырған үш таған Мәдениет – Білім – Тарих бірлігі де тілдің тарихы мен бүгінін сабақтастыратын саналы білімнің дара тұлға мәдениетін қалыптастыруға бағытталуын қажет етті.

 Осындай тұғырнамалық тұжырымдар пән мазмұнын түбегейлі өзгертуге алғы шарт қалыптастырды. Пән міндетін нақтылауды қажет етті. Әдетте  қандай пәннің болмасын міндетін белгілеуге маңызды рол атқаратын үш фактор болатыны белгілі.

Олар: 1) қоғамдық-әлеуметтік сұраным;

 2) пән негізіне алынатын ғылымның даму деңгейі;

 3) педагогика, балалар психологиясы және ана тілін оқыту әдістемесінің бірлігі. Осы үш фактор да тілдің жаңа мазмұнын айқындауда ескеріледі. Сонымен қоса және бір айтылуы тиіс мәселе – ол Қазақстандағы білім реформасының айқын көрінісі жалпы білім беретін мектептің үш сатылы жүйеге негізделуі. Ендеше пән мазмұнын дұрыс айқындау осы  сатылардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігін  ескерумен де тығыз байланысты  болды. Біз  білім  беру  адамзаттың  ортақ мүддесіне айналған  дәуірде  өмір сүрудеміз. Бір елде  жаңалық ашылса, басқа жерде оны дер кезінде тез  үйреніп үлгеруде. Біздің  міндетіміз-дүниежүзілік жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отрырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Олай етпесек, көштен қаламыз. Өйткені  ғасырымызда барлық салада даму өте жедел  жүзеге  асуда. Әрине, дамудың негізі-білімде.

      Қазіргі таңда жеке адамның жан-жақты дамуына үлкен мән беріліп отыр. Жас жеткіншектің қабілеті, талабы, ерік күші айқын болуы керек. «Өзіне сенімі жоқ адам өзгелердің уысынан шыға алмайды» деген қанатты сөз бекерге айтылмаған. Баланың ойына өзіне деген сенімділік, жауапкершілік сезімдерін үйде ата-анасы, мектепте ұстаздары сіңіруі абзал.

      Сондықтан бала жас кезінен-ақ еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге бейімделгені жөн. 

      ХХI-ғасыр қарыштап дамыган  білім ғасыры. Бүгінгі жастардың өмірдің  өзінен үйренері көп-ақ. Сондықтан олар  мұғалімге, оның өткізген әрбір сабағына сын көзбен  қарайды. Олардың таңдандыру, қызықтыру үшін әрбір сабақ жаналық болу керек. Ол мұғалімнің көп ізденісін қажет етеді.

      

       

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: teacher-almaty (14.10.2007)
Просмотров: 5663 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 3
3 Айгерим   (20.10.2008 17:25)
Болады осылай жазу керек

2 Магжан   (20.10.2008 17:24)
так себя

1 Айна   (20.10.2008 17:24)
маган ұнады осындай малиметтер к\оп енгизсе екен Пока

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz