Главная | Регистрация | Вход | RSSВторник, 06.12.2016, 13:09

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Тақырыбы: «Жұлдызды сәт». (4кл)
Тақырыбы: «Жұлдызды сәт».

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, шапшандықтарын,
тапқырлықтарын, есте сақтау мүмкіндіктерін, өз білімін көрсете білу
танымдығын, сөздік қорының барлығын өз ара ат салыса жарыста көр-
сете білуін дағдыландыру.Өзін-өзі достарының алдында көрсетуіне ба
ғыт беру.Қазақ тіліне құрмет сезімін тәрбиелеу.

Барысы:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазір сіздер 4- сыныптар арасында өтетін «Жұлдызды сәт» ойынын тамашалайсыздар.
«Жұлдызды сәт» ойынымызға қатысушы оқушыларды ортаға шақырайық.
4а сынып оқушылары: Рябинина Ира, Соснин Михаил, Шляхов Артур.
4б сынып оқушылары: Апакова Вера, Галактионов Владислав, Чухлебова Милена.
Ойынымызды бастамас бұрын, ойынның өту барысымен таныстырып өтейін.
Ойын бес турдан тұрады. Егер кімде-кім сұраққа жауап беруге дайын болса, алдындағы таяқшаларды көтереді.
Жауабы дұрыс болса,жұлдызшылар беріліп отырылады. Ең соңында жұлдызшасы көп екі оқушы финалға шығады. Ал енді дайын болсақ, ойынымызды бастайық.

I-тур.
«Артық сөзді тап» деп аталады. Мұнда мен заттарды атаймын, сендер соның ішінен сол затқа сәйкес емес заттың атын, яғни артық сөзді табасыңдар. Кім бұрын тапса, таяқшаны көрсетеді.

1. Оқушының оқу құралдары: сызғыш, қалам, оқулық, өшіргіш, қасық, дәптер, күнделік.

2. Қыстап қалатын құстар: кептер, торғай, сауысқан, үйрек, суықторғай.

3. Үнді дауыссыз дыбыстар: л, н, ң, м, р, б, й.

4. Жеті күнді ата: дүйсенбі, сейсенбі, сәуір, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

5.Төрт түлік мал: жылқы, сиыр, түйе, ешкі, елік, қой, шошқа, ит, мысық.

6.Жемістер қатары: сәбіз, қияр, қызанақ, пияз, сарымсақ, картоп, алма, қызылша, бұрыш, бұршақ.

7.Уақыт бірліктері: сағат, минут, секунд, литр, апта, тәулік, ғасыр, ай, жыл.

8.Кісінің аты: Марат, Ринат, Ертіс, Айнара, Наргиз, Гаухар.

Осымен I- тур аяқталды.

II -тур.

Тек бітеу буыннан құралған сөзді тап:
• айран, ас, қала, сызғыш, балық
• шеше, әпке, қарындас, қарбыз, жаттығу
• елтаңба, мемлекет, пәндер, домбыра, әке
• ермексаз, көйлек, суретші, әңгіме, ту
• мамандық, наубайхана,тұрғындар, аспаз, ән
• достасу, ақылды, зерек, адалдық,тапқыр
• саябақ, көрме, мектеп, әуежай, театр

III-тур.

Берілген сөйлемдерден мәтін құрастыру.
Әр қатысушыға бетке жазылған сөйлемдер беріледі. Мағынасына қарай сөйлемдерді рет-ретімен қойып, шыққан мәтінді оқып беру қажет.Тапсырма берілген уақыт аралығында орындалады.

IV-тур.

«Кім ең жылдам оқиды?»
Қатысушыларға мәтіндер беріледі. Әрқайсысы кезекпен берілген 1 минутта қанша сөз оқып шығытандары анықталады. Оқығанда сөз саны ғана емес, сонымен қатар әріптердің дұрыс, қатесіз оқылуы, мәнерлеп оқулары ескеріледі.

V-тур.

«Сөз құра, тез құра» деп аталады.
Мұнда бір ұзақ сөзден жеке-жеке сөздер құрау керек. Егер кім көп құраса, сол женімпаз атанады.
«Шаңсорғыш» деген сөз.

Финал.
Финалға шыққан екі оқушыға «Менің отбасым» тақырыбына сұхбат береді.

Қорытындылау.
Ойынға қатысқан барлық оқушыларға сыйлықтар беріледі.Женімпаз оқушыға мадақтама беріледі.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Mis_40 (28.02.2011) | Автор: Каирова Гаухар Нурсоветовна E
Просмотров: 3947 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Хайдарова   (23.11.2013 16:40)
Гаухар, материалыңызға рахмет.  Жақында мен де сыныптан тыс сабақ өткізгелі отырмын. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту мақсатында, кейбір тапсырмаларыңызды үлгі ретінде алуға болады.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz