Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 14:36

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

М.Әуезов "Әжемнің әңгімесі"
Қазақ әдебиеті пәні бойынша
өткізілген ашық сабақ
жоспары

Сыныбы: 6 «В»
Пән мұғалімі: Баймұратова Ж.Ш.

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі»

Сабақтың міндеттері:

білімділік - қазақтың ұлы ақыны Абайдың балалық шағы туралы мәлімет беру. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның айтқан ертегілері мен әңгімелерінің жас Абайға әсері.
Шығарманы талдау.

дамытушылық - оқушыларды сауатты, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге дағдылау, баулу. Көру, есту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту. Қазақ
әдебиетіне, тіліне деген құштарлықтарын арттыру.

тәрбиелік - ауыз әдебиетінің үлгілері мен қазақтың салт-дәстүрлеріндегі үлгі-өнегені
оқушылардың бойына дарыту. Ата-анаға, үлкенге деген құрмет сезімдерін ояту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, әдебиет
теориясы туралы, сөздік жұмысы.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: эпиграф, бейне слайдтар, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып үш топқа бөлініп отырады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ-жауап:

1. Шоқан Уәлиханов туралы не білдіңдер?
2. Шоқан Мысықпен қай жерде кездесті?
3. Мысық Шоқанның келгеніне неге қуанды?
4. Мысықтың негізгі ермегі не?
5. Мысық жасаған мүсіндерді Шоқан қалай бағалады?
6. Шоқан қандай бала?
7. Шоқан Мысыққа өзінің қандай киімдерін берді?
8. Мысық ненің мүсіндерін жасады?
9. Сапарғали Бегалин кім?
Сонымен балалар өткен сабақты қорытайық. С. Бегалин – біздің жерлесіміз екен. Балалар жазушысы С.Бегалин туралы мәлімети алдық. Сонымен бірге қазақтың зерттеушісі, ғалымы Ш. Уәлихановтың балалық шағы туралы да білдік Бүгінгі жаңа сабағымыз да қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың балалық шағы туралы білмекпіз.
Сол себептен, балалар, мына портреттердегі қазақ халқының ұлы ақын-жазушыларының туған жері туралы Қазақстанның қандай жерін көз алдарыңызға елестете аласыңдар?
- Ия, бұл Семей жері – Абай, Шәкәрім, Мұхтар, Сапарғали Бегалин және тағы басқа атақты тұлғалардың шыққан қасиетті жері дейміз.
(№ 1 слайд)
(№ 2 слайд)

«Абай жолы» романынан үзінді берілген. Ең бірінші сөздікпен жұмыс жасайық.
(№ 3 слайд)
(№ 4 слайд)

Кейде өзі қаладан әкелген кітаптарының ішінен «Жүсіп-Зылиқа» сияқты қиссаларды оқып береді.
(№ 5 слайд)
(№ 6 слайд)

Балалар бүгінгі әңгіме арқылы біз әдебиет теориясы бойынша портрет деген не соны білеміз?
(№ 7 слайд)

Балалар шығарманы үйден оқып, мазмұнымен таныстыңдар. Енді осы сабақ барысында біз шығарманы талдаймыз.

ІІІ деңгей № 1
Үзіндінің авторы Үзіндінің атауы кейіпкерлері Кімнің балалық шағы
М. Әуезов «Әжемнің әңгімесі» Абай, әжесі – Зере
Анасы – Ұлжан, Барлас ақын,
Байкөкше жыршы Абайдың балалық шағы

ІІ деңгей № 1 үзіндідегі бала Абай портреті
Есімі Жасы Денесі Бойы Қол-аяғы Шашы Өңі
Абай 13 Орташа бір аралық кейіпте өскен ұзырған Сұйық, қоңыр бозғылданған

І деңгей №1 Мұхтар Әуезов. «Әжемнің әңгімесі» үзінді
Абайдың әжесі Абайдың анасы Шоқанның шешесі Ұқсастықтары
Зере Ұлжан мейірімді ана
шебер әңгімеші көп әңгіме білетін ақкөңіл Балаларын жақсы көреді
қызық сөйлейді өлең сөзден айтады жомарт жомарт
дәмді, қызықты айтады оқымаған қолы ашық мейірімді
қонақжай

ІІІ деңгей № 2
Келген бөгде
қонақтар Байкөкше
кім? Барлас
кім? Барластың
сыйы
екеу:
Байкөкше мен Барлас жыршы ақын Бата тілеп, домбырасын сыйға тартты.

ІІ деңгей № 2 үзіндідегі қонақтардың бейнесі мен іс-әрекеті
Байкөкше Барлас «Қобыланды батыр» жыры Абайдың алған әсері
Жыршы
жас Ақын
қартаң Сұлу жыр, ең бір әсерлі жыр, күшті жыр Ол көпке дейін ұйықтай алмады.

І деңгей №2
Бала Абайдың сыртқы келбеті
(портреті) Бала Шоқанның ішкі келбеті
(мінезі) ұқсастықтары
Мейірімді, қарапайым, адал дос, уәдеге берік Бала
Зейінді, әдемілікті, сұлулықты сезетін балалар
Жомарт, қолы ашық

І деңгей № 3
1. Абайдың әжесі – Зере, анасы – Ұлжан
қандай ертегі-әңгімелер оқып берді?
2. Мәтіннен кім батаны тауып оқиды?
ІІ деңгей № 3
1. Бір күні Абайдың үйіне қандай қонақтар келді?
2. Барлас ақын қай батыр туралы жырды айтып берді?
3. «Қобыланды батыр» жыры Абайға қалай әсер етті?

ІІІ деңгей №3
1. Барлас Абайдың зеректігіне сүйсініп
қандай сый тартты және не айтты?
2. Анасы келген қонақтарға қандай сыйлық берді?
3. Абай шешесіне ризалығын қалай білдірді?

Шығарманың мазмұнымен талдау арқылы толық таныстық. Осы жүргізген жұмыстарың бойынша
білімдеріңді бағалаймын.
Үйге тапсырма:
1. Мәтінді үйден оқу.
2. «Әже» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
3. Бата беру, сый тарту деген салт-дәстүр туралы

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: жанар (31.03.2011) | Автор: М.Әуезов "Әжемнің әңгімесі" E
Просмотров: 14666 | Рейтинг: 2.4/13
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz