Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 19:14

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 17
Гостей: 17
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

"Білім-казино" сайысы
Өткізген қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Баймуратова Ж.Ш.
Н.Г. Чернышевский атындағы №1 орта мектебі

«Білім-казино» сайысы

Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тілге деген қызығушылығын іскерлік
ойындар арқылы шыңдау. Есте сақтау қабілеті мен білімдік
дағдыларын сыныптан тыс іс-шараларда байқау.
Дамытушылық: білімдері мен ой-танымын жан-жақты дамыту, қосымша
ізденуге баулу. Оқушылардың экономика, нарық, үнемшілдік туралы
түсінігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: елжанды болуға тәрбиелеу. Туған елі мен жеріне деген құрметі мен
ықыласын ояту.

Көрнекі құралдар: «Казино» жазуы, әр түрлі сұрақ-жауап белгілері.
«Менің Отаным – Қазақстан» атты қабырға газеті.
Төс және үстел белгілері, ұпайлар, тірек белгілері

Сыныптан тыс іс-шараның өту барысы:

Жүргізуші:
Тыңдаңдар, мөлдір аспан, бұйра қырат
Таулардан сылдырап бір құла бұлақ!
Тыңдаңдар, балдырғандар әсем әнін.
Көпшілік салыңыздар жырға құлақ!

Жүргізуші:
Жарқырап жанған күндей азаттығы
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы
Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз
Өйткені ол – Ұлт күні, Қазақ күні!

Бүгінгі «Білім-казино» сайысы 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналады. Сондықтан сендерге қызықты, тартымды болып өтуі үшін сайыстың аты «Білім-казино» деп аталады. Бұл сайыста сендер тек Отанымыз, туған жеріміз, атамекеніміз туралы білім алып қана қоймай, сонымен бірге өздеріңнің экономика, нарық, үнемшілдік туралы да білімдеріңді сынайсыңдар.

Ойын шарты: алдын-ала 4 үстелде отырған 4 топқа ұпай беріледі (150 ұпайдан).
Тақтада казино таблицасы жазылып тұрады. Ең бірінші сұрақ оқылмай жатып, әр топ өзінің сол сұраққа тігетін ұпайларын айтады. Ол ұпайлар тақтаға жазылады. Содан кейін сұрақ оқылады. Сұрақтың үш нұсқасы болады. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Әр үстелде жауаптың үш нұсқасын көрсететін «1,2,3» деген сандар жатады. 1 минут өткен соң, барлық топ сұрақтың дұрыс жауабын (үстелде жатқан) сандар жазылған тірек белгілер арқылы бір уақытта бірдей көтеріп көрсетеді. Ұтылған топтан тіккен ұпайлары алынады, ал ұтқан топқа ұпай беріліп отырады.
Жарыстар өтсін әр алуан
Сынасын күшін барлық жан
Жүлдесін алып шаттансын
Білімді мықты әрбір жан.
Ал, келіңдер, келіңдер
Бір-біріңе еріңдер
Біліміңді тексеріп
Сайысқа қатысып көріңдер!

1-сұрақ: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қай жылы алды?
1) 1993 15-қараша 2) 1992 4-маусым 3) 1991 16-желтоқсан

2-сұрақ: Қазақстанның ұлттық теңгесі, валютасы қай жылы шықты?
1) 1989 22-қыркүйек 2) 1993 15-қараша 3) 1995 30-тамыз

3-сұрақ: Қазақтың атақты суретшісі кім?
1) Әбілхан Қастеев 2) Ыбырай Алтынсарин 3) Ахмет Байтұрсынов

4-сұрақ: Абайдың шын аты, есімі кім?
1) Мұхтар 2) Ибрагим 3) Әбдірахман

5-сұрақ: Қазақстан Республикасының Ата заңын қабылдаған күн.
1) 25-қазан 2) 16-желтоқсан 3) 30-тамыз

6-сұрақ: Тоқтар Әубәкіров кім?
1) ғалым 2) суретші 3) ғарышкер

7-сұрақ: Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың тілдер күні.
1) 22-наурыз 2) 22-қыркүйек 3) 22-қазан

8-сұрақ: Қобызды ең алғаш жасаған кім?
1) Құрманғазы 2) Асан қайғы 3) Қорқыт

9-сұрақ: Дәл қазіргі уақытта Қазақстан халқының саны қанша?
1) 14 млн. 2) 16 млн. 3) 18 млн.

10-сұрақ: Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?
1) 10 2) 9 3) 8

11-сұрақ: Абай, Мұхтар, Шәкәрім дүниеге келген қасиетті жер.
1) Семей 2) Тараз 3) Түркістан

12-сұрақ: «Тәуелсіздік» сөзінің синонимін тап.
1) еркін 2) тәуелді 3) зайырлы

13-сұрақ: Жылқының сүтінен дайындалған сусынның аты қалай?
1) сүт 2) қымыз 3) шұбат-сұрақ

14-сұрақ: Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
1) 19 2) 15 3) 14

15-сұрақ: Қазақ ертегісіндегі айлакер, қу кейіпкер кім? (безбородый обманчик)
1) Қожанасыр 2) Қожа 3) Алдар көсе

16-сұрақ: Аң аулауға көмектесетін құс.
1) бүркіт 2) сұңқар 3) көгершін

Ойын аяқталған соң, әр топ өзінің жинаған ұпайларын санайды. Ұпай санына қарай қай топтың жүйрік, білімді екенін анықтаймыз. Жүлделі орындарын белгілеп, қошеметтеп, ұпай санына қарай сыйлықтарын береміз.
Жүргізуші:
Бұл жеңіс – сенің жеңісің,
Бұл достықпен байланысқан қол ұшың
Бұл өнерлі оқушының тасқыны
Бұл ересен, сынып толы, қол ұшы.
Мақтан, ............. желпін, жеңіс желіне
Ие болдың абырой-атақ, сенімге
Бүгінгі алғыс арналады өзіңе
Білімді, ұрпақ, мақтан тұтар еліңе!

Сонымен, бүгінгі сайыста өз білімдерін сынап көрген алғыр да батыл оқушыларға рахметімізді айтамыз. Келесі ойында кездескенше, аман-сау болыңыздар!
Тағы да мерекелеріңізбен! Тәуелсіздік туы ашық аспанымызда желбіреп тұрсын!

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: жанар (31.03.2011) | Автор: "Білім-казино" сайысы E
Просмотров: 3052 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 aigulya   (05.06.2012 12:34)
Сіздің бұл іс шараның жоспары маған өте ұнады, сізден мол тәжирибие алуға болады, жұмысыңызға сәттілік тілеймін

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz