Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 07:28

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1519
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Барсакелмес қорығы
Сабақтың тақырыбы: «Барсакелмес» қорығы
Сабақтың мақсаты: Қорықтардың қажеттілігін анықтау.
1. «Барсакеилмес» қорығы туралы БББ кестесін толтыру арқылы мәліметтер алады; оның орналасқан жері, жағдайы, құрылғаан жылы, мақсаты туралы, мекендейтін жануарлар, құстар, өсімдіктер туралы.
2. Оқушылар оздерінің оқу, түсіну дағдыларын арттыра түседі; сөздік қорын кеңейтеді; сабақтас құрмалас сөйлемдерді қайталайды; орысшадан қазақшаға аудару мүмкіндіктерін байқайды.
3. Тәртіп, силастық, көмек деген түсініктерді қаншалықты қолдана алатындығын байқау; жер, жер арқылы табиғат, қоғамның құнджылығын түсінуге тырысады; азаматтың өмірі табиғатппен тығыз байланысты екенін анықтайды; қорықтардың қажеттілігін дәлелдейді.
Сабақтың түрі: интерактивті тақтаны қолдану арқылы, сын тұрғысынан жазу мен ойлау технологиясы бойынша (ЦДО «Сорос Қазақстан») өткізілген дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, «БББ» кестесі, қима қағаздар, географиялық карта, А-4 парағы, түрлі-түсті қаламдар, бағалау парағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «БББ» әдісі, оқу, аудирование, мәтінмен жұмыс, сөздікпен жұмыс, 5 жол өлең, Венн диаграммасы, ой-толғау(эссе), жеке, фронталды сұрау.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, география, биология, экология.
Бағалау: бағалау парағы арқылы.
Сабақтың жоспары
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру (қорықтар туралы мәліметтер жиинау, презентация дайындау)
3. Жаңа сабақ: ой қозғау (1,2 слайд);
4. Реализация (3-9 слайдтар арқылы кестені толтыру);
5. Рефлексия (10-14 слайдтармен жұмыс)
6. Үйге тапсырма: 10 слайд
7. Бағалау.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу.
2. Бүгін біз топпен жұмыс істейміз, сондықтан бір-бірімізді тексеріп, көмектесіп отыруды ұмытпаймыз. Өйткені негізгі баға топқа қойылады, содан соң жеке әркім өз бағасын алады.
Үстелдеріңде бағалау парағы жатыр. Әр тоиптың үй жұмысын бағалайсыңдар.

Қорықтың аты Баға Не ұнады?

Ал мына бағалау парағы бойынша өздеріңді бағаилайсыңдар.

Топтың бағасы Оқушының бағасы Неге?

Әр топтың спикеирі бар, таныстырып өтсеңдер.
Өткен сабақтағы тақырыбымыз Қазақстан қорықтары тақырыбына кіріспе сабақ болды.

(1слайд)

Қазақстанның қандай қорықтарын білесіңдер? (2 слайд)

Қазір әр топ тақтаға шығып карта бойынша өздерінің қорығын тауып, үй жұмысымен таныстырады. Ал басқа тыңдаушы топ оқушылары тыңдап отырып, бағалауды ұмытпайды. Соңынан бағалау парақтарын толтырып, коментарий беруге дайындалы отырады.
Енді осы тақырыпты жалпғастыра отырып, «Барсакелмес» қорығын қарастырамыз. Қорық туралы мәлімет аламыз, басқа қориықтардан қандай ерекшелігі бар екендігін анықтаймыз.
Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазып қойыңдар. Тақырып «Барпсакелмес» қорығы.
Бірінші тапсырма:
Білемін
Білдім
Білгім келеді (Сабақтың соңында толтырылады)
Кестесінің бірінші «Білемін» деген бөлімін толтырамыз. Әр топ алдында жатқан А-4 парағын толтырады, тақтаға іліп қорнғайды. «Барсакелмес» қорығы туралы не білеміз деген сұраққа жауап берулерің керек.
Екінші тапсырма:
Мына кестенің бірінші бөлігін толтырдық. Енді екінші бөлігін толтыруға кірісеміз. Ол үшін жаңа тақырыпты бірге қарастырамыз, керек деген мағлұматтарыңды дәптерлеріңе жазып отырыңдар. 3 слайд

Мынау «Барсакеилмес» қорығының қысқаша мінездемесі. Ал мынау сол қорықтың таңбасы. Не деп жазылған? «Мемлекеттік табиғи» деген сөзді қалай түсінеміз? Бейімделу, арал деген сөздерді жазып аламыз.
Бейімделу –
Арал- остров
4 слайд
.

Қорықтың табиғаты жалпы осындай. Өздерің көрген басқа қорықтардан қандай айырмашылық бар? Алдарыңда жатқан парақтарға Венн диаграммасын толтырыңдар.
5 слайд.

Ал енді мына слайдтағы суреттерге көңіл бөліңдерші. Бұл қорықтың табиғаты туралы суретті әңгіме. Не түсіндіңдер? Жауап бермес бұрын мына сөздерді қаклай ттүсінесіңдер, соны анықтап алайық. Құм жоталар-6-ші сурет, сортаң шөл - 3-5 суреттер, сөзджіктеріңе жазып алыңдар.
Мына суреттерге қарап аралдың барлығы құм жоталар мен сортаң шөл деген ұғым туындамау керек. Әдемі жерлері де бар.
6 слайд.

Бұл қорық болғаннан кейін онда жануарлардың сирек кездесетін түрлері мекендейді. Қорықтыиң міндеті қандай? Онда жануарларды не істейді? (Қорғайды, сақтайды, зерттепийді). Суреттке қарап бұл қантдай жануарлар екенін анықтай аласыңдар ма? Сөздікке жазып алыңдар
Қарақұйрық-джайран
Ақбөкен- сайгак
Құлан-кулан
Қазіргі кезде құландарды сақтап қалу үшін басқа қорықтарға ауыстырды.
7 слайд.

Мына суреттердегі жануарлардың аттары қызылмен жазылған. Неге деп ойлайсыңдар? (Қызыл кітапқа енгізілген).
8 слайд.

Мына өсімдіктер де қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездеседі, бірақ олар аралда бар.
9 слайд.

Мына құстар, өте әдемі құстар. Аттары әр түрлі түспен жазылған неге деп ойлайсыңдар? Оныиң мынандай сыры бар. Бұйра, алқызыл бірқазан, аққулар бұрын қорықта мекендейтін, ал қазіргі кезде олар аралға өте сирек келеді. Ал зуек пен рябок әлі де мекендейді.
Осы аталған аңдар,құстар, өсімдіктер барлығы дерлік қызыл кітапқа енгізілген. Құландар басқа қорықтарға көшірілген. Құстар аралға кеилмейтін болды. Неге? Неліктен? Қалай ойлайсыңдар?Осы сұраққа ойланып жауап беріңдерші.
10 слайд.

Арал теңізінің тартылуы себебінен аралдың экосистемасы өзгерді. Ішетін тұщы су қалмады. Сондықтан жануарлар көше бастады және сақтап қалу үшін көшіре бастады.
«Арал теңізі» сөз тіркесімен 5 жол өлең құраңдар.
Келесі жұмысымыз – каирточкалармен жұмыс. Әр топ өзінеарналған тапсырманы алып белгілі уақыттың іршінде орындап шығуы керек.
1, 2 флип чарт. Бірінші топтың тапсырмасы.
Берілген сөздермен дұрыс сөйлем құраңдар.
«Барсакелмес», бірнеше түрі, қызыл, қорығында, енген, жануарлардың, кітапөқа, бар.
(Море+І.с)суының тартылуына (связи) сол (остров+Б.с) құстардың кейбіреуі (не прилетают).
Екінші топтың тапсырмасы.
Екі жай сөйлемнен бір сабақтас бағыныңқы құрмалас сөйлем құраңдар.

Қорықта сирек кездесетін жануарлардың сианы азайып бара жатыр. Оларды шөлді далада өсіруге бағытталған жан-жақты жұыс жүргізетін арнаулы топ бар.

Үшінші топтың тапсырмасы.
Берілген сөйлемдерден екі түрлі құрмалас сөйлем құраңдар.
«Барсакелмес» қорығының табиғаты өзгерді. Арал теңізінің қасында орналасқан.

Төртінші топтың тапсырмасы.
Сөйлемді аяқтаңдар.
Қорықта құландардың саны азая түсті, ...

Қазақ тіліне аудар.
Чтобы сохранить куланов, их перевезли в другие заповедники.

Төрт топ жұмыстарын орындап болғаннан кейін тақтаға шығып орындайды, қалған топ оқушылары тексеиреді, дәптерлеріне жазып алады.
Неліктен біз бүгін Арал теңізі туралы әңгіме қозғап отырмыз? Өйткнені арал осы аталмыш теңізде орналасқан. Сондықтан Барсакелмес – экологиялық апат аймағында орналасқан әлемдік қорық ретінде қарастырамыз. Теңіз тартыла-тартыла Барсакелмес аралы құрлыққа қосылып жартылай арал болып қалды. «Қазірдің өзінде шет ел ғалымдары оссы жерде үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр»,-дейді қорық директоры. Бұл табиғи апат қаншама зиян әкелді? Ал адамдардың өздері қолдан жасаған жасанды апаттар қаншама көп. Алысқа бармай, біздің қарағайлы орманды алсақ та жетіп жатыр. Оған не болды? Білеміз бе?
Олар бізге, жергілікті тұрғындарға қандай зиян әкелді? Осы сұрақтың жауабына бәріміз ойлануымыз керек деп ойлаймын.
11слайд.

Ал енді мына суреттке көңіл бөліңдер. Осы суретпен біз өзіміздің сабағымызды аяқтаймыз, сабақтың қорытындысы деп айтуға келе ме? Табиғат адамзаттан не күтеді? Әрине, көмек. Осы суретке қарап әр топ өзінің қорытынды сөзін, яғни слоган құрастырады.
Бүгінгі тақырып бойынша не білгілерің келеді. Кестенің үшінші бөлімін толтырып тапсырыңдар. (Менің білгім кеилетіні Барсакелместің құпиясы- неге барсакепилмес деп аталғани.)
Үйге тапсырма : «Табиғат және адамзат», «Барсакелместің құпиясы», «Көмек күткен табиғат» деген тақырыпта эссе жазу.Әркім өз тақырыбын таңдап алады.
Бағалау: бағалау парағы бойынша.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Айнур (08.04.2011) | Автор: Кусманова Айнур Есенбековна E
Просмотров: 8311 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz