Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 20:38

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1520
Статистика

Онлайн всего: 12
Гостей: 12
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Тағам
Рудный қаласа №13 орта мектебі
Тоқпаева Айгүл Әшімқызы

Сабақтың тақырыбы: ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР
Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты меңгерту.
Біліктілік: Оқушылардың елтану туралы білімдерін кеңейту, алған білімін тексеру, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
Дамытушылық.. Қазақтың асыл мұрасына жататын ұлттық тағамдармен терендете таныстыру.
Тәрбиелік. Қазақ ұлттының тұрмыстық мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: суреттер, интерактивтік тақта.

Сабақтын әдістері: сұрақ- жауап, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: Партаның үстінде ұлттық тағамдардың суреттері немесе интеарктивтік тақтада көрсетіп тұр.
Мұғалім:
-Біз бүгін қазақтың ұллтық дастарханына қонаққа келіп тұрмыз. Қазақтың киелі ақ дастарханы біздің алдымызға жайылып, тағамдарын сыйлап тұр. Бірақ бұл дастарханға отыру үшін біз жұмбақ шешуіміз керек.
/Тақтада әшекейленіп жазылып тұрады./

«Дәмді- дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды».
/Дастархан/.
«Асты тас, үсті тас,
Ортасында піскен ас »
/Таба нан/.

«Бір үйім бар ақ тас,
Есігін ешкім ашпас».
/Жұмыртқа/.

Мұғалім: -Ал, енді, өздерің жұмбақ білесіңдер ме?
Оқушылар: /Қонақтар/.
«Арқасында азығы,
Бауырында қазығы».
/Үстел/.
«Онсыз астың дәмі жоқ,
Ассыз оның мәні жоқ».
/Тұз/.
«Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртымда.
Бәрі содан шығады
Ірімшік, май, құртың да».

/Сүт/.


Мұғалім: - Рахмет, жұмбақтар өте ұнады. Дастархан, ұлттық тағамдар туралы жұмбақ көп біледі екенсіздер. Ал енді жаңа сөздермен танысайық, сөз тіркестерді құрастырайық. 122 бет. Дәптерге жазамыз.
Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
Мұғалім: - Осы киелі дастарханның үстінде қандай тағамдар бар?
Оқушылар: - Бауырсақ, таба нан, құрт, ірімшік, шұжық, қазы, айран, шай, қант, сары май.
Дастарханның иесі: -Осы дастарханға барлық тағамдар сыйып кетуі мүмкін емес. Сондықтан қазақ халқында тағы қандай тағамдар бар?
Қонақтар: - Бесбармақ, сорпа, куырдақ, қуыйрық, бауыр, жал-жая, тоқаш, қоспа, шұбат, қаймақ, қатық, палау, самса, кеспе, балқаймақ, шелпек.
Мұғалім:- Өте жақсы! Қазақ халқы дастархан байлығына өте үлкен мән берген. Негізгі асы – сүт пен ет. Қазақтар тағам түрлерін ақ/сүт тағамдары/, қызыл/ ет/ және ұн тағамдары деп үшке бөлген.
Ал енді осы аты аталған тағамдардың ішінде, қай тағам ең қасиетті, киелі деп аталатын тағам?
Оқушылар: - наннан істелген тағамдар/ таба нан, бауырсақ, тоқаш, т.б./
Қазақ халқының басты асы- нан, нансыз өмір жоқ, сондықтан дастарханға алдымен нан қойылады.
Мұғалім: нан туралы қандай тыим сөздер білесіндер?
Оқушылар: Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға болмайды.
Мұғалім: -Неге нанды киелі деп атайды?
Оқушылар:- Жерде жатқан нан болса көтеріп, адам баспайтын жерге қою керек.
Таңертен нан ауыз тимей үйден шықпау керек.
Мұғалім: - енді нан туралы өлең тындайық.
Оқушы: - Нан- ардақты адал ас

Мұғалімдер: нан, басқа тағамдар туралы мақал-мәтел, жаңылтпаштар айтайық.
Қонақтар:

1. Нан болса – ойнап күлеміз,
Нан болса – еркін жүреміз.
2. Нан –қасиет,
Нан береке,
Нан- мереке.
3.Ас біткеннің анасы,
Қасиетті нан – осы.
4. Сорпа іштік,
Сорпа ыстық,
Сондықтан қорқа іштік.


Мұғалім:
-Рақмет! Ал енді, тағамдарды түр-түрімен топтастырайық.
Қазір дастарханда тұрған тағамдармен танысайық.

1.Сүт тағамдары

2. Ет тағамдары

3. Ұн тағамдары

Мұғалім:- Кім қандай тағамның дәмін татты?
Оқушылар: - Қай тағамның дәмі қандай ,неден істелгенін кім айтып береді?
Мұғалім: Кәнеки балалар оқулықтарына назар аударайық. 122 бет 3 тапсырма диалогты толықтыру
Үйге тапсырма 123 бет мәтіннің мазмұнын айтып беру.
Қорытынды.
Мұғалім: Біз бүгін қандай тақырыпты өттік?
Сабақтың ұранымыз қандай болды?
Ұлттық тағамдар неше түрге бөлінеді?
Олар туралы не айта аласыңдар?
Бағалау

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: aigulya (06.05.2011) | Автор: Айгуль E
Просмотров: 10375 | Комментарии: 2 | Теги: казахский, язык, урок | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 2
2 Эльвирок   (25.01.2014 03:30)
Айгүл Әшімқызы, сабағыңыздың жоспарын құру үшін жан-жақты ізденгеніңіз байқалады.Рақмет!

1 Ася4150   (08.01.2012 20:32)
Сабақ оқушылар үшін өте қызықты өтті деп ойлаймын.Үйлеріне бара сала ата-аналарына ас үйде көмектескен шығар.Ұлттық тәрбие беру арқылы еліміздің нағыз патриот азаматын тәрбиелейміз. Шығармашылық табыстар тілеймін!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz