Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 21:39

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 23
Гостей: 23
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Жамбыл Жабаев « Балама хат»
Мұқанова Әсия Нұртасқызы
№1 ОМ қазақ тілінің мұғалімі
Қостанай қаласы

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев « Балама хат»
Сабақтың мақсаты: білімділік) қазақ халқының бір тума ұлы Жамбыл Жабаевтың өмірбаянының мәліметтерімен таныстыру ; Ұлы Отан соғысы жылдарын еске түсіру; дамытушылық) оқушылардың әдеби білік дағдыларын: ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту; тәрбиелік) бейбітшілікке, Отанды сүюге баулу
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру сабағы
Сабақтың көрнекіліктері: Ж.Жабаевтың портреті, сызба, сөздер.
Сабақтың әдістері: түсіндіру әдісі, әңгімелеу, іздендіру, өздігінен білім алу әдісі, талдау әдісі, сөздік жұмысы
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бүгінгі сабақтың ұраны: Отан үшін отқа түс, күймейсің! Балалар, Ұлы Отан соғыс кезінде біздің батыл жауынгерлеріміз жаулардан Отанымызды қорғап, зор ерлігін көрсете білді. Келесі ұрпаққа бейбіт өмір, бақыт, береке тілей отырды. Біз жауынгерліміздің ерлігін ешқашан ұмытпаймыз, оларды қадір тұтамыз.
3 топқа бөлу, балаларды ынталандыру үшін суретін көрсету, қай топ баспалдақпен бірінші көтерілсе, сол топ жеңімпаз болып шығады.
ІІІ « Бірлік түбі - тірлік». Балалар, сабақта бірігіп жұмыс жасасаңдар, өз қойылған мақсатыңа жете бересіңдер. Үй жұмысын тексеру: фишкаларды жинау
• Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны жөнінде мәлімет айту; 2
• А.Байтұрсыновтың «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалының түйінді сөзін жатқа айту. 3
Тұжырым: Сұрақ жауап: 5
1. Ахмет Байтұрсынұлы қашан, қайда дүниеге келген?
2. «Қырық мысал» кітабын қай жылы, қайда басылып шығарған?
3. Мысал дегеніміз қандай туынды?
4. Аллегория деген не?
5. Мысалдың қай жерінде түйінді сөз орналасқан?
Қай топ бір баспалдаққа көтерілді?
ІV кезең: « Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын». Жамбыл Жабаев туралы мәлімет алу 48 бет
Қай топ берілген сызбаны тез толтырады?
• Ақын қашан, қай жылы дүниеге келді?
• Оған кім ақ батасын берген?
• Жамбыл қай жылы, неше жаста қайтыс болған?
• Оның атында нелер бар?
Тұжырым: сызба бойынша жауаптарын тексеру.
• 1846 жылы қазіргі Жамбыл
облысы Шу өзені бойындағы Жамбыл
тауының баурайында туған;
• оған атақты ақыны Сүйінбай ақ батасын берген;
• заман шындығын жырлаған, туған өлкеге, Отанға, қазақ халқының бұрынғы өткен батырларға арнаған, балаларға да арнап жазған;
• Оның атында бір облыс, бірнеше аудан, көшелер, республикалық филармония бар;
• 1945 жылы 100 жасқа аяқ басқан шағында Алматы маңындағы өз ауылында қайтыс болды.
Өте белсенді жұмысын орындадыңдар, балалар.
Қай топ баспалдаққа көтерілді?
ІV кезең : «Жастық шақта алған білім, тасқа салған ою сияқты». Жаңа сөздерді игеру.
Жаһан - здесь во всем мире мәртебе - слава айнымай - верен будь ризамын - я доволен аянба - не жалей Ұлы Отан соғысы - Великая Отечественная война жауынгер - воин ант - присяга
• Көшіріп жазу;
• Мұғалімнің оқуы;
• Іштей оқуы;
• Хормен қайталау.
Енді көрелік қай топ есте сақтады екен?
Аудармаларын тексеру. 49- 50 бет.
• өлеңді мәнерлеп оқу;
• өз бетінше аударып, мына сұрақтарға жауап беріңдер, енді қай топ тез тапсырманы орындайды? Сызбамен жұмыс.
1. Хат кімге арналған? Оның аты кім?
2. Өлеңде қай уақыт суреттеледі?
3. Ақын баласына, жауынгерлерге қандай сенім артады?
4. Өлеңнен Алғадайдың және оның жауынгерлер достарының берген анты жөнінде айтылған жолдарды тауып жазыңдар.
Бірнеше жауаптарын тексеру.
Қай топ баспалдаққа көтерілді?
V кезең. « Көре - көре көсем боласың, сөйлей - сөйлей шешен боласың» Шығармашылық кезең.
Бейбіт өмірін соғыс кезімен салыстыра отырып, кемшіліктерін айту, бейбіт өмірінің құнын түсіндіру.
«Біз бейбітшілікті сүйеміз» деген шағын эссе жазу. 5 мин. ішінде орындау.
Қай топтан ең үздік шығарма болды?
VІ «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді». Білімдерін бекіту.
Берілген сөйлемдердің дұрыс - бұрысын тексеріңдер. Қай топ тез орындайды?
Иә/жоқ Жамбыл 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өзені бойында туған.
Иә/жоқ Ақын балаларға арнап өлеңдерін жазбаған.
Иә/жоқ Оның баласының аты Алғадай.
Иә/жоқ «Балама хат» өлеңі Ұлы Отан соғысы кезінде жазылған.
Сонымен, қай топ жеңіске жетті?
VІІ Қорытынды, бағалау. Не білдік? Не істедік?
V Үйге тапсырма: . 49- 50 бет. өлеңді мәнерлеп оқу, Жамбылдың өмірбаянын білу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: 789987 (01.06.2011) | Автор: Шынар E
Просмотров: 14861 | Рейтинг: 3.5/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz