Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 11:13

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Жай сөйлемнен өткенді қайталау
Жолшыбекова Ұрқия Тұрғанбекқызы
№ 16 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы
8 – сынып . Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы:
Жай сөйлемнен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік.Оқушылардың жай сөйлемнен алған білімдерін тиянақтау,бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
2. Дамытушылық. Ойын түрлері арқылы оқушылардың ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін шыңдау, шығармашылыққа баулу, ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: сызбалар, үлестірмелі карточкалар, қима қағаздар т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.

Қайталау сабағы.

Әдіс: сайыс, топпен жұмыс, этнопедагогика , ойын т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың тақырыбы, түрі , әдісі , өтілу барысы түсіндіріледі.
(тақтаға үш сәйгүліктің суреті ілініп, әр суреттің тұсына топ аты жазылады, сабақ «Бәйге» түрінде жүргізілетіні айтылады. «Бәйге» туралы сұрап, қосымша түсініктер беріледі, топтың жауабына сай қима қағаздар үлестіріліп отырылады.
Өте жақсы
Жақсы
Орташа
Әр тапсырманың жауабына сай суреттер ілгері жылжытылып отырылады)
І Әр топ өзінің тобы мен ұранын таныстырады.
І топ. «Ана тілі»
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
ІІ топ. «Халық»
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
ІІІ топ. «Туған жер»
Ұлтарақтай болса да,
Ата қоныс жер қымбат,
Ат төбеліндей болса да,
Туып өскен ел қымбат.
(Бәйге аттар жылжытылып отырылады)

ІІ «Кім жүйрік?» Ауызша үш топтың әрқайсысына 5 сұрақтан қойылады. (жауаптарға қима қағаздар беріліп отырады)

Сұрақтар:
І топқа: 1. Сөйлем дегеніміз не? Мысал.
2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
3. Толымды сөйлем, мысал.
4. Тұрлаусыз мүше, түрлері.
5. Жайылма сөйлем, мысал.
ІІ топқа: 1. Құрмалас сөйлем деген не? Мысал.
2. Жақты сөйлем, мысал.
3. Атаулы сөлем, мысал
4. Жалаң сөйлем, мысал.
5. Оқшау сөз, түрлері, тыныс белгісі, мысал.
ІІІ топқа: 1. Жай сөйлем, түрлері.
2. жақсыз сөйлем, мысал.
3. толымсыз сөйлем, жасалу жолы.
4. Тұрлаулы мүше, түрлері.
5. Одағай, түрлері, мысал.
ІІІ «Талдау- табыс кілті» (Деңгейлік тапсырмалар»

І деңгей. Тапсырма: Сөйлем мүшесіне талда
1.Бір күні біздің үйге қапсағай денелі дәу қара келді.
2.Жомарт мектептің жоғарғы қабатына көтеріліп келеді.
3.Сұлтан жайлауды екі күн аралады.
4.Сабақ оқу – оқушының міндеті.
5. Мен онымен емін-еркін сөйлестім.
6. Кеш болғанын білмей қалыппын.

ІІ деңгей. Тапсырма: Сөйлем мүшесіне талда, жай сөйлем түрін ажырат
1.Оның үйге қайтадан барғысы келді.
2.Бізге әзірге уақытты ұту керек.
3.Менің туыстарыма баруыма тура келді.
4.Туған жердің табиғатын ауызбен айтып жеткізе алмайсың.
5.Олар орманға қарай асығыс аттанды.
6.Кешке қатысуға менің құлқым болмады.

ІІІ деңгей. Тапсырма: Сөйлем мүшесіне, жай сөйлем түріне, сөз құрамына талда.
1.Ауылға біз түске таман жеттік
2.Оқушылар мектепке ерте жиналды.
3.Біз дүкенді аралап көп жүрдік.
4.Ағай бізді өзенге алып келді.
5.Оқушылардың қасында әнші апай жүр еді.
6.Ол барлық сұраққа тез жауап берді.

ІV Cызбамен жұмыс(Әр топ өз тобының атына сай сызба бойынша құрмалас сөйлем құрастырады)

1. -.-.-.-.-.-. ___________ __________ , _______ _______ .

2. -.-.-.-. _________ ________ , ________ --------- ________.

3. ------- -.-.-.-.-. ________ , -.-.-.-.-. --------- ________ .

V Сергіту сәті. «Оң қол, сол қол, қос қол» ойыны. (Жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдерге байланысты).
1.Сен ер жеттің.
2.Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
3.Менің айтқым келмеді.
4.Долы боран.
5.Қалын орман.
6.Тоғай.
7.Күн жылынды.
8.Сенің қайтқаның дұрыс.
9.Менің барғым келмейді.

ҮІ Шығармашылық диктант. (Жалаң, жайылма, атаулы сөйлемдерге байланысты үш топтан үш оқушы шығып, тапсырманы орындайды)
Күз. Қыстыгүні түнде қатты боран болды. Суық жел. Әбіш көп жүрді. Сен кіре ғой. Мен сабақты жақсы оқимын. Үскірік аяз.

VII Кітаппен жұмыс. 79 - жаттығу (ауызша).

VIII Тест (Компьютер арқылы).
1. Жалаң сөйлемді көрсет.
А) Қартқожа сөйлеп тұр.
ә) Үй-іші далада жүр.
б) Бүгін аспан ашық екен.
В) Ол ауылға көз салды.
2. Жайылманы белгіле.
а)Еркебұлан тысқа шықты.
ә)Біз келдік.
б)Мен білмедім.
В) Қар жауды.
3. Жақты сөйлемді тап.
а) Оған таңдануға болмайды.
ә) Күн батты.
б) Менің айтқым келмеді.
В) Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн.
4. Атаулы сөйлемді көрсет.
а) Мен елімнің ертеңіне сенемін.
ә) Түнгі Астана.
б) Елорда еңсесін биік көтеріп тұр.
В) Түн жылы болды.
5. Оқшау сөздің неше түрі бар?
а) 4
ә) 3
б) 2
в) 5
6. Жай сөйлемнің түрлері нешеу?
а) 6
ә) 4
б) 7
в) 8
7. Толымсыз сөйлемді анықта.
а) Мен ауылдан келдім.
ә) Қайтадан кетті.
б) Қарлығаштар ұясына қонды.
В) Ол асығыс киімдерін жинастырды.
8. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
а) 5
ә) 6
б) 4
в) 3

Қорыту. Топтың ұпай санын анықтап, мәреге жеткендерді бағалау.

Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттен жай сөйлемнің әрқайсысына екі мысал жазып, сөйлем мүшесіне талдау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Уркия (24.11.2011) | Автор: Уркия
Просмотров: 9952 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 1
1 aigulya   (05.06.2012 12:33)
Сіздің бұл сабақтың жоспары маған өте қатты ұнады, сізден мол тәжирибие алуға болады, жұмысыңызға сәттілік тілеймін

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz