Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 05:00

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

"Наурыз мерекесі келді" тақырыбы бойынша сабақ
Наурыз мерекесі келді.
Зат есімді қайталау.
(Қазақ тілі сабағы)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шығыс халықтарының жаңа жылы - Наурыз мерекесі туралы толық мағлұмат беру.Зат есімді қайталау.
Дамытушылық: ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу тілін, білім мен білік дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: елін, жерін, қазақ халқының салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Әдіс- тәсілі:сұрақ-жауап, ауызекі сөйлеу,мәнерлеп оқу, суретпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих, орыс тілі, көркемсурет.
Сабақтың көрнекілігі:
1.Рефераттар,газет
2.Ұлттық ойын, дәстүр суреттері
3.Домбыра,үнтаспа.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу
2.Кезекшімен сұхбат
3. Сабақтың мақсатын, барысын айтып өту.

Өткенді пысықтау.
Сұрақ- жауап арқылы өткенді қайталау.
Зат есім және оның жалғауларын қайталау сұрақтары
Енді, балалар, осы зат есім мен оның жалғаулары жайлы сұрақтар қойып, жауап қайтарамыз.
1.Зат есім деген не?
2.Зат есімнің жасалу жолдары қандай??
3.Негізгі зат есім мен туынды зат есімге мысал келтір?
4.Зат есімнің неше жалғауы бар?
5.Қазақ тілінде неше септік бар?
6. Қандай көптік жалғаулары бар?
7.Тәуелдеудің екінші жағының, сыпайы түрінің жалғауын айт?
8. Наурыз мейрамына қатысты, зат есімі бар сөйлем құра.

Жаңа сабақ.
-Балалар, көктемде қандай мейрам бар?
Лексикалық тапсырма: сызба бойынша сөйлем құрау.

Көктем

Сәуір Мамыр

Наурыз

Алтыбақан Бата

Наурыз көже

Қыз қуу Көкпар

Топпен жұмыс
Сыныпты «Қарлығаштар» мен «Ұзақтар» атты екі топқа бөліп, тапсырмалар бойынша жұмыс өткізу.
Мәтінмен жұмыс.
Наурыз.
Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар,қырғыздар,өзбектер,тәжіктер және т.б. атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күні өтеді. Наурыз мейрамы қазақтарға елінің тәуелсіздік алуымен бірге қайта оралды.
Наурыз мейрамында адамдар бір – біріне деген реніштерін кешіріп, Наурыз көже ұсынады. Ұлыстың Ұлы күнінде жақсы тілектер айтылады.

Мәтін бойынша тапсырмалар.
1. Мәтінді оқу, аудару.
2. Мәтіндегі зат есімдердің астын сызу, жалғауларының түрлерін белгілеу.
3. Бірінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау, зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтау.
4. «Мейрам» сөзінің синонимдік қатарын жаз.

Суретпен жұмыс.

Тақтада ілініп тұрған «Наурыз тойы» суретіне қарап, бейнеленген зат есімдері тауып , көптік жалғауын жалғап жазу.
Мысалы: Киіз үйлер, қазандар, оттықтар, қыздар, әжелер, текеметтер...т.б.

Бәйге. (Жылдам қол көтерген топ жауап береді)

1.Наурыз көжеден ауыз тию қандай ұғымды білдіреді?
(тоқшылық)
2.Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киімі қандай?
(сәукеле)
3.Наурыз көжеге қыстың тағамын қосу қандай ұғымды білдіреді?
(қыстың тағамымен қоштасу)
4.Адамдарға бақ, дәулет қондыратын ақсақал кейпіндегі қиял-ғажайып бейнені ата.
(Қыдыр-ата)
5.Қыран құсты баулып, аңға салатын адам кім?
(құсбегі)
6.Қойдың жүнінен басылған затты ата.
(киіз)
7.Езілген құрттың майда түйіршіктері не?
(малта)
8.Бетінде оюлары бар киізден жасалған үй жабдығы не?
(текемет, сырмақ)
9.Сүйекті пайдаланып ойналатын қандай ойын? (ақсүйек)

10.Үш байлықты ата. (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

Елестету стратегиясы бойынша «Наурыз» мәтінінің мазмұнына сүйеніп, топпен сурет салу. (Сурет салу барысында Н.Тілендиевтің «Көңіл толқыны» күйі қосылады)

Қорыту

Наурыз мерекесіне байланысты оқушылар бір - біріне ақ тілектерін айтады.

Бағалау «5» баллдық жүйемен бағаланады.

Пән иесінің бағалауы Топтың өзін – өзі бағалауы Қарсылас топты бағалауы Қатысушы мұғалімдердің бағалауы Қорытынды баға
1 – топ
«Қарлығаштар»
2- топ
«Ұзақтар»
Жеңген топты анықтау, екі топқа да ынталандыру сыйлығын беру.

Үй тапсырмасын беру
Наурыз мейрамы туралы мағлұматтар жинап, реферат жазып келу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: saule1970 (03.12.2011) | Автор: Жумакаева Сауле Ертаевна E
Просмотров: 9587 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 aigulya   (05.06.2012 12:31)
Уважаемая коллега урок очень интересный. Спасибо!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz