Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 06:52

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Экологиялық ертегі сабақ
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш
Экологиялық ертегі сабақ
Сабақтың білімділік мақсаты;Баяндауыш және оның бастауышпен байланысы.Сөз таптарымен байланыстыру.Оқушыларды сөз таптарына талдау жасауға,мәтін құрай білуге,мәтінді ажыратуға және сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтауға үйрету. Ойын арқылы оқушылардың қабілетін дамыту,білімін тексеру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін,шығармашылық қабілеттерін арттыру, сауатты сөйлеп,әдемі жаза білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру,табиғат-ананы,ондағы өсімдіктер дүниесі,құстар тіршілігіне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, экологиялық ертегі сабақ
Сабақтағы көрнекі құралдар: Интерактивті тақта
Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет,Орыс тілі.
Сабақтағы жаңа технологиялар: 1.Қызығушылықты ояту
2.Мағыналы тану
3. Ой толғаныс
Сабақтың өтілу барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды білімді және саналы түрде материалды меңгеруге дайындау
а) Оқушыларды алдына оқу проблемасын қою
ә) Материалды оқып,үйренудің практикалық қажеттілігіне тоқталу
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі:
а) Әртүрлі әдістер арқылы материалды меңгеру сапасы мен көлемін тексеру
ә) Қызығңушылықты ояту
Үй тапсырмасын сұрау:
Көкті жұлма (түсінік айту)
Өткенді қорытындылау
1.Үлкендер қандай тыйым жасап отырған?
2.Экология алдымен кімнен басталады?
3. «Бұлақ көзін ашу- тіршіліктің көзін ашу» дегенді қалай түсінесіңдер
4.Экология нені зерттейді?

Жаңа сабақ: Баяндауыш. Экологиялық ертегі сабақ.
Балалар, біз бүгін қазақ тілі бойынша дәстүрлі емес, экологиялық- ертегі сабақ өткіземіз.
Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Олай болса, мені жақсылап тыңдаңдар.Ертегіде жануарлар да,құстар да,ағаштар да, айналадағы қоршаған табиғаттың бәрі де сөйлеп кетеді.Ертегі кейіпкерлерімен бүгін біз де сөйлесеміз,пікірлесеміз, бір-бірімізге көмектесеміз. Олай болса ертегімізді бастайық.
Ерте ерте ертеде, жапан түзде жалғыз терек өмір сүріпті.
Жиырма жасында ержетіп
30-нда бұғанасы бекіп,
40-та кемеліне келіпті де,
50-ден асқан соң қартая бастапты
Кейбір бұтақтары сынып,қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті.Құрт көбейіп оның әр жерін тесіпті.Тұла бойы қақсап ауырған соң,ауруына ем іздейді.Күні-түні терек зарлай береді.Оның даусын естіп,бір күні Ақ көгершін ұшып келеді.
-Терек ата, ауруыңыз жаман екен Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, ауруыңызды емдейтін дәрігер іздеп көрейін дейді.
Мұғалім: Балалар, көгершінмен бірге теректің ауруын емдейтін дәрігер іздеп жолға шығайық.
Ол үшін мыны тапсырманы орындап жіберейік: Сұрақтарға жауап беру.
1.Табиғатсыз өмір бар ма?
2.Тіршілік көзі не?
3. Ең ұзақ өмір сүретін кімдер?
4.Орман ауаны қалай тазартады?
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы- Баяндауыш


Сұрақтары Жасалу жолдары

Біз теректі емдейтін дәрігер іздеп келе жатырмыз,алғашқы тапсырманы орындадық.Көгершінмен бірге әрі аттанайық.Көгершінге сауысқан жолықты.Сауысқаннан терекке жақсылық жасай гөр деп өтінеді.Менің көқмектесуге уақытым жоқ-дейді ол.Сауысқанның уақыты жоқ болса, біз көмектесейік.Келесі тапсырма
Сөйлемдегі баяндауыштың орнын толықтыру. 315- тапсырма.
Адам баласы табиғатты
Біз бұлақтардың көзін
Су мол болса астықта
Көк шөпті таптауға
Ата-бабаларымыз табиғатқа жанашырлықпен

Ережені оқу. Бастауыштың ісін-қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз.Баяндауышқа Не істеді? Не қылды? Қайтті? деген сұрақтар қойылады.
Мұғалім: Ақ көгершін одан әрі ұшып кетеді, оған қырғауыл көмектеседі.Енді қырғауылға көмектесейік.Келесі тапсырма
Мыны берілген сөздермен сөйлем құраңдар: Жүзеді, жанады, ұшады, тігеді, оқиды,көмектеседі,жауады.
Көгершін әрі қарай ұшады, ол неді аққуға келеді. Одан да Теректі емдей гөр деп өтінеді.Сонда аққу: Мен қасиетті де киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын-дейді.
Онда аққуға біз көмектесейік.Мәтінді мұқият тыңдаймыз.
Ауа-райын жан-жануарлар қалай сезеді?
Егер солтүстіктен аққулар ұшып келсе,онда күз салқын болады.Күздігүні үйрек қайтпаса, күз ұзаққа созылады.Терекке қонып жүрген қара торғайлар көрінбей кетсе, күн суытады. Бавқалар судан құрғаққа шықса,жауын болады.Егер судан шықпаса жауын болмайды.Күндіз үкі шақырса жауын жауады.Су таситын жылы үйрек ұясын жоғары салады.
Сөйлемдердің дұрыс,бұрыстығын анықтаңдар:
1.Күздігүні үйрек қайтпаса, күз қысқа болады.
2.Күндіз үкі шақырса, жауын жауады.
3. Су таситын жылы үйрек ұясын төмен салады.
4. Тереке қонып жүрген қараторғайлар көрінбей кетсе, күн жылы болады.
Мұғалім: Көгершін орманды аралап жүріп,Теректі емдейтін құсты кездестіреді.
Проблемалық сұрақтар: Ол қандай құс деп ойлайсыңдар?
Сендерге жұмбақ жасырайын жауабын тауып көріңдер.
Орманда тұрағы
Тоқ-тоқ соғады
Бұл қандай құс?
Балалар: Тоқылдақ,тоқылдақ
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, бұл тоқылдақ еді.Тоқылдақ-орман дәрігері.Содан бері әлгі Терек жайқалып өсіп тұр екен.Тоқылдақтар ағашта құрттардан,шіруден сақтайды екен.Ал, жасыл өсімдіктерді,ағаштарды күтсек біздің денсаулығымызға пайдалы екенін білесіңдер.
Қорытынды: Мен сенлдерге әзіл әңгіме оқып берейін:
Бір күні Қожанасыр бақшада жұмыс істейді.Түс мезгілі болатын.Қожанасыр түскі астан соң ағаштың астында дем алады.Ағашты өсіп тұрған өрік пен жердегі асқабақты көріп: «Осы табиғатқа таң қаламын.Өрік ағашы өте үлкен.Бұтақтары,жапырақтары өте мықты.Алайда жемісі өте кішкентай, әрі жұмсақ.Асқабақтың сабағы, жапырағы өте әлсіз.Ал,жемісі өте үлкен, әрі қатты.Бұл дұрыс емес.Өйткені, өрік пен асқабақтың жемістері ауысып кеткен»,-деп ойланады.Дәл сол кезде басына өрік келіп түседі.Орнынан атып тұрған Қожанасыр былай дейді: «Ендігәрі табиғатқа тіл тигізбеймін.Табиғаттағы барлық нәрсе өз орнында.Егер өріктің орнына асқабақ түскенде тірі қалмас едім».
Табиғатты қорғау-қасиетті іс. Табиғатты қорғау үшін не істейміз? Қорғаймыз. Тіл тигізбейміз,аялаймыз,тазалаймыз,сақтаймыз, аң-құстарды атпаймыз, қамқорлық жасаймыз.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Ереже жаттау, сөйлем құрау.

Кызылординская обл.п Шиели ГУ «СШ №252 имени Г.Н. Ковтунова»
Учителя каз.яз. и литературы Алдабергенова Зухра Абдукаримовна и
Жорабекова Раушан Турсынбаевна.

Источник: http://files.gw.kz/ubrp7dfmx2.html
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ЖазираGeo (01.03.2012) | Автор: Экологиялық ертегі сабақ
Просмотров: 3840 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz