Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 05:01

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

Арулар сайысы
Арулар сайысы
Сабақтың мақсаты:
А ) қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты тәрбиелік,эстетикалық білім беру;
Ә)жан-жақты білімді,өнерпаз ұрпақ тәрбиелеу оқушылардың қазақ тіліне,мәдениетіне деген қызығушылық сезімдерін арттыру.
Көрнекілік құралдар:Мақал-мәтелдер,киіз үй,құрақ көрпелер
1-жүргізуші:Құрметті қонақтар,мұғалімдер,оқушылар бүгінгі ``Арулар сайысын``ашуға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
*Қыз өссе-елдің көркі*-деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам
1-жүргізуші:
Пір тұтқан,махаббатты,адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
2-жүргізуші:Ал ,енді ортамызға аруларымызды шақырайық:

1-жүргізуші:Оқушыларды таныстырайық (Сайыстың өтілу тәртібімен таныстырайық)
Сайыстар:
1. Сәлемдесу,өзін-өзі,таныстыру
2. Халқымыздың ою-өрнегін көрсету
3. *Ас адамның арқауы*қамыр жайып,кеспе турау
4. Өнер алды қызыл тіл (Мақал соңын жалғастыру)
5. Сұраққа жауап беру
6. *Адам көркі-шүберек*-сән үлгісін көрсету
7. *Қыздарға әсемдік жарасады*-билеу
8. Мәнерлеп оқу
2-жүргізуші:Құрметті көрермендер,бүгінгі төрешілерімізбен таныс болыңыздар.
1-жүргізуші:
Кел,балалар,бастайық,
Бастайық той кешін
Қызықтан бос қалып
Еш адам қалмасын.
2-жүргізуші:бірінші сайыс-өзін-өзі,таныстыру,сәлем беру.


1-жүргізуші:Оюлап өрнек салу қазақ-халқының бір саласы.Оның түрлері-сан алуан.Ерте кезден бүгінгі кунге дейін халқымыздың рухани өмірі,ұлттық салт-дәстүрі,наным-сенімдері,ою-өрнек бейнелерін беріп келеді.Сонымен келесі сайыс –өрнек ою.

Аруларымыз тапсырмаларын орындағанша бір ән тындаңыздар 11 «Б» сынып оқушысы:Ким Виканың орындауында «Туған жер»әні.
2-жүргізуші:Келесі сайысымыз аспаздық өнерін көрсету.
Қамыр жайып,кеспе турау



1-жүргізуші:Келесі сайыс “Мың бір мақал”.Бұл бөлімде мен мақалдың бірінші бөлігін айтамын,ал сендер оны жалғастырасыңдар.
10 «Б»
Адамдықтан үлкен ат жоқ
(Наннан үлкен ас жоқ)
Атаңның баласы болма,
(адамның баласы бол)
Білімсіз адамның сөзі білектей
(Білімді адамның сөзі жібектей)
9 «А»
1.Ел-елдің бәрі жақсы
(Өз елің бәрінен де жақсы)
2.Отансыз адам
(Ормансыз бұлбұл)
3.Аққу көлін аңсайды,
(Адам туған жерін аңсайды)
11 «А»
1.Ағаш тамырымен
(Адам досымен мықты)
2.Досың дос болғанға шаттан,
(Дұшпанмен дос болудан сақтан)
3.Отанды сүю
(Отбасынан басталады)
10 «А»
1.Күлме досыңа,
(келер басыңа)
2.Мектеп-кеме,
(Білім-теңіз)
3.Көп жасаған білмейді,
(Көпті көрген біледі)
9 «Б»
1.Көп оқыған
(Көп біледі)
2.Сөзден асқан байлық жоқ,
(Тілден асқан жүйрік жоқ)
3.Тілге құрмет
(Елге құрмет)
11 «Б»
1.Тіл жоқ жерде
(Ұлт жоқ)
2.Тіл тас жарады
(Тас жармаса,бас жарады)
3.Ана сүті бой өсіреді,
(Ана тілі ой,өсіреді)
8 «А»
1.Жеті жұрттың тілін біл,
(Жеті түрлі білім біл)
2.Ұяда не көрсе,
(Ұшқанда соны іледі)
3.Мал қонысын іздейді,
(Ер туысын іздейді)
8 «Б»
1.Ақылсыз достан
(Ақылды дұшпан артық
2.Досы көпті жау алмайды,
(Ақылы көпті дау алмайды)
3.Әкеге қарап ұл өсер
(Анаға қарап қыз өсер)


2-жүргізуші:Келесі сайысымыз “Білгенге –маржан,білмеске-арзан”-деп аталады.
Сұрақтарға жауап беру.Қазақтың бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрлері.
Осы сөздерді қалай түсінетіндеріңді айтыңдар.
10 «Б» Сүйінші дегеніміз не?
9 «А»Байғазы дегеніміз не?
11 «А»Сыбаға беру дегеніміз не?
10 «А»Шашу дегеніміз не?
9 «Б» Көрімдік беру дегеніміз не?
11 «Б» Той табақ
8 «А»Тұсау кесу
8 «Б»Шілдехана

11 «А» оқушыларының биі “Қара жорға “
1-жүргізуші:’’Адам көркі-шүберек’’-сән үлгісін көрсету

2-жүргізуші:Келесі сайысымыз ‘’Қыздарға әсемдік жарасады’’өз өнерлерін көрсету,би билеу.
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендермен танысайық
Майысып мың бұралып би билеген
Аруларды ықыласпен қарсы алайық.

1-жүргізуші:
Соңғы сайысымыз мәнерлеп оқу.Тақырыбы: «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы»

2-жүргізуші:Қазылар алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше,мектеп өнерпаздарының өнерін тамашалайық.
8 «А»Әлиева Маржан күй

1-жүргізуші:Ал, құрметті көрермендер,біздің сайысымыз өз мәресіне жетіп қалды.Енді ,сөз тізгінін әділқазылар алқасына тапсырсақ деймін.Құрметті әділқазылар,қыздардың ұпайларын есептеп жеңіске жеткен аруды жария етулеріңізді сұраймыз (Әділқазылар сөзі)

2-жүргізуші:Ал,құрметті көрермендер,осымен біздің*Арулар сайысы*аяқталды.

1-жүргізуші:Келіп,тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет.


Хош .сау болыңыздар!



Кызылординская обл.п Шиели ГУ «СШ №252 имени Г.Н. Ковтунова»
Учителя каз.яз. и литературы Алдабергенова Зухра Абдукаримовна и
Жорабекова Раушан Турсынбаевна.

Источник: http://files.gw.kz/tffu1vn4t7.html
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ЖазираGeo (01.03.2012) | Автор: Арулар сайысы
Просмотров: 6758 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.3/3
Всего комментариев: 2
2 Эльвирок   (12.12.2013 01:31)
Құрметті әріптестер, арулар аспаздық өнерін көрсетіп жатқанда,көрермендерге арналған тапсырмалар ұйымдастырса,артық болмас деп ойлаймын.

1 Муха   (26.03.2012 11:08)
Сабағыныз дұрыс құрылған. Сабақ барысында көп мағұлмат берілген. Көп рахмет сізге. Еңбегіңіз жемісті болсын!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz