Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 20:35

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1520
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Казахский язык и литература

«Табыстан табысқа» атты кәсіби шеберлік сайысы.
Мұхамбетжанова Гүлбану Здейқызы
Қостанай автомобиль көлігі колледжінің
Жоғарғы санаттағы кәсіби қазақ тілі оқытушысы.
«Табыстан табысқа» атты кәсіби шеберлік сайысы.
Бүгінгі білім алушы, келешек маман бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, өз Отанына қызмет етуге даяр тұлға болу үшін, Қостанай автомобиль көлігі колледжінде 10 циклдік комиссия арасында «Табыстан табысқа» атты кәсіби шеберлік сайысы өткізілді.
Біздің колледж – үйрететін орта болса, оның жүрегі – оқытушы.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіміз керек» - деп ұлт алдында ұлы мұрат қойып отыр. Бүгінгі ұрпақ – еліміздің ертеңі, сондықтан бәсекеге қабілетті, білімді, білікті маман даярлау мәселесі біздің оқытушылар үшін басты бағыттардың бірі болып отыр. ХХ1 ғасыр – білімдінің дәуірі, қатаң бәсеке ғасыры.
Колледжімізде өткізілген сайысқа қазақ тілі мен әдебиет циклдік комиссиясы да ат салысып, оқытушылар өздерінің ізденімпаз шығармашылығын ерекше көрсете білді.
Кәсіби шеберлік сайысы 4 бөлімнен тұрды. «Таныстыру» бөлімінде видеослайд түрінде Жұмабаева Зәуре Мұхтарқызы табыстан табысқа қалай жеткенімізді көрсете отырып, әр оқытушының бәсекеге қабілетті маман болудағы ерекшелігін Гүлбану Здейқызы өлең түрінде жазып, мәнерлеп оқып, жеткізе отырып,соңында қазақтың салт-дәстүрі бойынша «Шашу» шашылып:
Қанымызға қазақ тілі дарыған,
Мемлекеттік тіліміз елімізде дамыған.
Тіліміздің мәртебесін шарықтатуда,
Еңбек етеміз елімізде асқақтаға,- деген өлең шумағымен аяқтадық.
«Мемлекеттік тіл мәртебесі – қазақ тілі мен әдебиет мамандарының біліктілігінде» тақырыбы бойынша тұсаукесер сайысы өткізіліп, әдістемелік құрал ретінде жоба жазылып ,колледж басылымында басылып шығарылды. Бұл әдістемелік құралда сабақтың өзіндік белгілерін біле, ескере отырып, сабақтарда өтілетін жүйе түрлері көрсетілген. Қазақ тілі сабағының құрылымдық элементтері қандай әдіс-тәсілдермен жүргізілетіні және жазба жұмыстарының бағалау өлшемдерінің нормасы көрсетілген.
Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті циклдік комиссиясының оқытушылары өткізетін ағымдық бақылау туралы әдістемелік нұсқама құрастырылды. Бұл әдістемелік нұсқамада бақылау сөзіне, ағымдық бақылауға түсініктеме берілген және ағымдық бақылау мақсаты, түрлері көрсетіліп, жұмыс барысында ағымдық бақылау қандай нәтиже беретінін айқындалған.
Сайыстың төртінші бөлімінде «Бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы қазақ тілін оқытудың маңызы» тақырыбы бойынша ашық отырыс өткізілді. Отырыстың мақсаты: білік пен дағдыны қалыптастыру; жеке тұлғаны дербес, әлеуметтік кәсіби ұтымды шешімдер қабылдауға бейімдеу; заман талабына сай бәсекеге қабілетті білікті маман дайындау; шеберлігімізді практикамен ұштастыру болды.
Бәсекеге қабілетті маман қандай болу керек?-деген сұраққа оқытушыларымыз:
- Жан-жақты дамыған;
- Кәсіби ұтымды шешімдерді қабылдап,оны жүзеге асыра білетін маман бола алады- деп бірауыздан жауап берді.
Бәсекеге қабілетті маман даярлауда қазақ тілі мен әдебиеті, кәсіби қазақ тілі, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуші оқытушылары қандай жұмыстар атқарып отырғанына қысқаша тоқталып, бәсекеге қабілетті маман тұлғасын тақтаға іліп, оның қандай болу керек екенін шеберліктерімен көрсете білді.
Отырыс соңында қабылдаған шешімдерімізді талқыға салып, бекіттік.
Қазіргі таңда кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, қадам баспаса, өз орнын бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді.
Білімді, сауатты, бәсекеге қабілетті тұлға – бұл ХХ1 ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші екенін біздің ЦК-ның оқытушылары естен шығармауға тырысады.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»-дегендей, қазақ тілі мен әдебиет ЦК-ның оқытушылары осы сайыста қазақ тілі мәртебесін көтеру мақсатында сауаттылығын, білімділігін, ұйымшылдығын, жаңашылдығын, арманға байлығын, жігерлігін, бәсекеге қабілетті маман екендерін көрсете отырып, жүлделі орынға ие болды.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: методика (08.05.2012) | Автор: Шипин Мухаметкали Мырзагалиевич E
Просмотров: 1691 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Есенберлина   (18.05.2012 13:48)
Сіздің бұл жұмысыңыз маған өте қатты ұнады, сізден мол тәжирибие алуға болады, жұмысыңызға сәттілік тілеймін.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz