Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 11.12.2017, 20:18

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [29]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [7]
Внеклассное чтение [16]
География [23]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [49]
Информатика [60]
История [57]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [195]
Математика [87]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [43]
Музыка [106]
Начальная школа [407]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [135]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [21]
Технология [21]
Физика [21]
Химия [31]
Экологическое воспитание [14]
Самопознание [37]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1611
Статистика

Онлайн всего: 9
Гостей: 9
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Математика

Нөлдерге аяқталған сандармен көбейту және бөлу тәсілдері
Математика мен өзін-өзі тануды ықпалдастыру сабағы
Мектеп: «Өзін-өзі тану» гимназиясы Алматы к. Тақырып: Нөлдерге аяқталған сандармен көбейту және бөлу тәсілдері Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: мейірімділік, достық, татулық Мұғалім: Ауезаитова Жанат Турсыновна. Сынып: 4
Сабақтың мақсаты: Нөлдерге аяқталған сандармен көбейту және бөлу тәсілдерімен таныстыру. ( Ауызша есептеу )
Міндеттері:
1.Білімділік: Нөлдерге аяқталған сандармен көбейту және бөлудің ауызша тәсілдерімен таныстыру.
2.Дамытушылық: Пәнге қызығушылығын арттыра отырып, оқушының зейінін, қабылдауын, жүйелі ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік:Оқушыларды «Мәңгілік ел» патриоттық актісімен таныстыра отырып, сүйіспеншілік құндылығы тәжірибесі арқылы, отансүйгіштікке, достыққа, татулыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдеседі.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн, біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз.
Оқушылардың құралдарын түгендеу.
5 «Т» ұстанымын еске түсіру.
1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық
Тыныштық сәті:
«Тыныс алу» жаттығуы
Біз қазір тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазсыздықты сыртқа шығарамыз.
Ал, дайындаламыз. Көзімізді жұмамыз...., арқамызды тік ұстаймыз...., қолымызды тіземізге қоюға болады.1,2..,1,2...
Кіріспе
2015 жылдың 23сәуірінде Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының ХХІV сессиясында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі қабылданды.
Н.Ә. Назарбаев өз Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті. Біздің мемлекетіміздің түп негізі- бейбітшілік пен келісім, бірлік пен тұрақтылық, өз еліне деген адалдық, Отанына сүйіспеншілік.
- Қандай жақсы қасиеттердің арқасында «Мәңгілік ел» болып қала аламыз?
- Бірлік, қамқорлық, достық, адалдық, татулық,тұрақтылық, ауызбіршілік, шыншылдық т.б.
4 топқа бөліну: Достық, Татулық, Қамқорлық, Бірлік.
ІІ. Мәнерлі жазу минуты
-Бүгінгі күн ретіне ай ретін қосып жазыңдар. Әр жазған санды 10 есе арттырыңдар.
712, 7 120, 71 200, 712 000, 7 120 000.
-Осы сандар туралы не айтасыңдар? 10 саны ағылшынша қалай айтылады? 100 саны ше? 1000 саны ше?
10-ten(тен), 100-hundred (хандред), 1000-thousand (саузенд)
( 7,1,2,0 цифрынан тұрады. Артқы сан алдыңғы саннан 10 есе артық, ал алдыңғы сан артқы саннан 10 есе кем.)
-Есе артық, есе кем ұғымдарын біздің сыныпқа сай қалай қолдана аламыз?
(Өз бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді еселеп арттыра берсек, ол бізді рухани биікке көтереді. Жақсылықтың аз-көбі болмайды. )
-Мәңгілік ел болып қалыптасуымыздың басты себебі не?
Бірінші пазл- «Бірлік, ұйымшылдық»
(Ұйымшылдық бар жерде кез-келген қиындықты жеңуге болады.Елде бірлік, ынтымақ болған кезде біз бақытты өмір сүреміз.)
Дәптерімізді ашып күн ретін жазамыз.
ІІІ. Жалпы білімдерін еске түсіру
Математикалық диктант
1 000 саны 100-ден неше есе артық? 10
3 600 бен 9-дың бөліндісі неше? 400
2 000 мен 200 сандарының айырмасын тап. 1 800
2300 санын 7 жүздікке арттыр. 3 000
70 дм неше см-ге тең? 700
100 тг-лік 8 қарындаш сатып алу үшін неше тг қажет? 800
Жауабын слайдтан көрсету.
(Жанымыздағы досымызды тексереміз. Тексеру кезінде шыншылдық, сыпайылық, әдептілік ережелерін есте ұстаймыз. )
Екінші пазл- «Бейбітшілік, достық»
(Достық- қасиетті ұғым. Адамдар бір-бірімен дос болса әлемде тыныштық, бейбітшілік орнайды. Әлемде тыныштық болса, адамдар бақытты болады.)
ІV. Жаңа сабақ
№ 1. Мұғалімнің қатысуымен түсіну. Ауызша талдау.
Нөлдермен аяқталған сандарды көбейту және бөлу заңдылықтарын еске түсіру.
( Заңдылық туралы не айта аласыңдар? Бір заңға, ережеге бағыну. Жақсы әдетке үйрену үшін тәртіп керек. Біздің мектебімізде қандай ұстанымымыз бар? 5 «Т»)
№ 2. Ауызша. Тізбектей оқу.
№ 3,4. Екі таңбалы сандарды көбейту және бөлу дағдыларын еске түсіру.
Тақтамен, топпен жұмыс.
-Біздің айналамызды қоршаған заттарда,табиғат құбылыстарында, бәрінде де сүйіспеншілік, мейірімділік бар. Сол сияқты математикада, есептерде де мейірімділік бар екен. Әр топ өз тапсырмаларын орындайды.
Топпен жұмыс
Мейірімді есептер Топпен жұмыс
Гүлжан 45 гүлден 3 гүлдесте жасап достарына сыйлады. Әр гүлдестеде неше гүлден? 15 гүлден
Мектеп оқушылары бала-бақшаға арнап 90 кг алма жинады. Оны 2 топқа теңдей етіп бөлді. Әр топқа неше кг алмадан келді? 45 кг
Балалар қысқа құстарға арнап қорек дайындады. 4-сыныптар 47 кг жидек, 3-сыныптар 35 кг жидек жинады. Оқушылар барлығы неше кг жидек жинады? 82 кг
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекеге 18 оқушы ән айтуға, 24 оқушы домбырада ойнауға дайындалып жүр. Мерекеге барлығы неше оқушы қатыспақ ? 42 оқушы
Үшінші пазл-«Келісім»
(Адамдардың бір-бірімен тіл табысуы, түсінісе білуі, өзара ортақ шешімге келуі оларды шаттыққа бөлейді.Келісім достыққа жеткізеді.)
V. Сергіту сәті
( Денсаулық адамның бақытты өмір сүруінің негізгі көзі. Денсаулықты күтіп, аялаңдар. )
Көзге жаттығулар. Кеудемізді тіктеп келесі тапсырманы орындайық.
Төртінші пазл-«Денсаулық» № 7. Тақтамен жұмыс
1-маш -T=8 cағ 320 км артық ? км
2-маш- Т=3 сағ ? км
Ш: 8-3= 5 сағ 1-машинаның артық жүрген уақыты
V= 320: 5=64 ( км/сағ) машинаның жылдамдығы
S1= 64*8=512 ( км )
S2= 64*3=192 ( км )
Ж: 1- машина 512 км, ал екіншісі 192 км жүрді.
Бесінші пазл-«Еңбекқорлық»
(Еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізеді.)
VІ. Шығармашылық жұмыс
№ 5.
7:10= 0(қ7) К 87:10=8(қ7) Б 5460:100=54(қ60) М
3:10= 0(қ3) Ү 93:100= 0 (қ93) І 6740:100=67(қ40) Д
37:10= 3(қ7) Ш 343:100=3(қ43) Л 7820: 100=78 (қ20) Е
52:10= 5(қ2) - 547:100=5(қ47) І
VІІ. Дәйексөз
Күш – білімде. Халық мақалы

Дәйексөзді мұғалімнің оқып беруі. Оқушылар, қыздар, ұлдардың оқуы. Дәйексөзді талдау.
(Көп оқысаңдар көп білесіңдер. Көп білгендерің- қиындықты жеңгендерің. Білімді адамның алмайтын биігі жоқ. Алдыңғы 30 елдің қатарына ену үшін білімді болуымыз керек. «Ел мен елді теңіестіретін – білім.»)
Алтыншы пазл-«Білім»
ІХ. Қорытынды:
Өз еңбекқорлықтарыңның, ұйымшылдықтарыңның, білімдеріңнің арқасында «Мәңгілік ел» қақпасын орнаттыңдар. Адамдар өздерінің іс-әрекеттеріне әр кезде жауап бере білуі керек. Бүгінгі сабақтағы өздеріңнің қайырымды ойларыңмен, ашық әңгімелеріңмен бөлісіп, шығармашылықпен жұмыс істей білгендеріңе ризамын. Мына жарқыраған күндей қайырымды істерің мен білімдерің мол болсын. Жинаған гүлдерімізбен осы «Мәңгілік ел» қақпасын көркейтейік.
Рефлекция
Х. Бағалау
ХІ. Үй тапсырмасы № 8, 9. 125-бет
Категория: Математика | Добавил: ТатьянаТатьянка (17.11.2017) | Автор: Ауезаитова Жанат Турсыновна E
Просмотров: 15 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2017
    Сайт управляется системой uCoz