Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 10:01

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Математика

"Атақты математиктер" жайында сыныптан тыс жұмыс
Атақты математиктер» жайында
сыныптан тыс жұмыс

Сыныптан тыс жұмыстардың танымдық маңызы зор екені белгілі. Дұрыс ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстар біріншіден оқушылардың сабақ үлгерімін көрсетсе, екіншіден олардың шығармашылық қабілетін дамытып, ой өрісін кеңейтеді. Мектепте жүргізілетін үйірме жұмыстарында, сабақтың әр кезеңдерінде атақты математиктердің өмірімен таныстырып,қызықты әңгімелер айтып беру арқылы пәнге қызығушылықтары артады. Сондай-ақ қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып 9-10 сыныптар арасында жүргізілген «Атақты математиктер»жайында ойынының үлгі жоспарын ұсынып отырмыз.
Ойын ережесі: Ойналу тәртібі көгілдір экраннан көріп жүрген «Таңғажайып алаң» негізінде.
Көрнекілік: Компьютерді пайдаланып тапсырмалар экраннан көрсетіледі.
Ұяшықтарға бөлінген слайттар дайындалады және әр ұяшықта ұпайлар саны жазылған, ойыншы ұяшықты таңдап сұраққа жауап береді..
Ойынға қатысушыларды залда отырған көрермендерге сұрақтар қою арқылы таңдалып алынады
1-сұрақ
. Бұл атаудың барлық тілдерде аудармасы бар. «Сынған сан »мағынасында .
Бұл қай атау?( Бөлшек)
2-сұрақ. Ле
«Абцисса», «Ордината», «Координата» терминдерін кім енгізген?( Лейбниц)
3- сұрақ.
Ең алғашқы геометрия оқулығының авторы кім? Оның фамилиясымен грек медигінің фамилиясымен аттас.( Гиппократ)
4- сұрақ,
Үш қабырғасы бойынша ұшбұрыштың ауданын есептейтін формуланы ұсынған ежелгі грек оқымыстысы.(Герон)
5- сұрақ.
«Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей-ақ қойсын» деген кімнің сөзі ? (Платон)
6- сұрақ.
Математикаға «Алгебра» атауын кім енгізді? (Омар Хаям).
7- сұрақ.
Қазақтың ежелгі ғалымы 87-950 жылдар аралығында өмір сүрген.( Әбу-Насыр Әл Фараби)
8- сұрақ.
7-11 сынып «Алгебра» оқулықтарының авторы.(Абылқасымова).
9- сұрақ.
«Дискриминант» қандай сөзден шыққан?( латынның «ажырату,анықтау»)
І-кезең. Алғашқы үш ойыншы ортаға шығады.
Бұл адамның еңбегі мектептегі математика пәнінің бір бөлігі. Ол ғылымды сүйіп және ешқашан әділетсіздіктіжібермеген. Бір күні патша одан оның еңбегінің оңай жолмен оқып үйренуін сұрапты. Оған ол былай деп жауап берген екен «Математикада патша жолы жоқ».Бұл математиктің кітаптары батыс елінде Библиядан кейін көп жарияланып оқытылған.Бұл кай математик?(Евклид)

ІІ-кезең. Келесі үш ойыншы шығады
Бұл ғалым оқыған кітаптарының жолдарында белгі қалдырып отырған.Бір күні ол оқыған кітабының жолында былай депті: «Теореманың ғажайып дәлелін таптым. Бірақ жолдың аздығынан оны келтіре алмадым». Кейіннен ғалымның жазған қағаздарының арасынан бұл теореманың дәлелдеуі табылмаған. Аталған теорема тек 1994 жылы ғана дәлелденген.
Математиктің аты жөні кім?( Ферма)

ІІІ-кезең Соңғы үш ойыншы шығады.
ХІХ ғасырда өмір сүрген ғалымның математикалық білімі бала кезінен оянған. Ол үш жасында өз әкесінің санағының қатесін тапқан. Жеті жасында мектепке барған және мұғалімнің берген есебін бірнеше секунд ішінде шешкен. Бұл математикті математиканың «королі» деп атаған.
Қай математик жайында?(Карл Гаусс)

Соңғы кезең.Үш кезеңнің жеңімпазы шығады
Бұл ертедегі математик рим солдатының қылышынан қаза боларда былай депті: «- Кет, менің сызбаларыма тиіспе». Ол гидростатиканың, үлкен крандардың, күшті катапультардың негізін салушы. Оның атымен физика ғылымының терминдері спираль, винт, заңдары бар. (Архимед)

Жинаған ұпайлары бойынша сыйлықтар ұсынылып, таңдалады.
90-100 ұпай
110-130 ұпай
140-150 ұпай сыйлықтар беріледі
Үлкен ойын.
Бірде француздардың қолдарына испан әскери қолбасшысының белгісіз жазумен жазылған бұйрығы түскен. Бұл шифрді шешу үшін шақырылған математик оның оқитын жолын тапқан. Сол кезден бастап француздар испандықтардың жоспарын алдын ала біліп отырған. Осы математикті шайтанның көмегімен оқиды деп, оны тірідей өртенсін деп үкім шығарған. Бірақ бұл үкімнен математик қашып құтылған.
Өз қаласында ол алдыңғы қатарлы адвокат, кейінен корольдің оң қолы болған.оның өміріндегі ең басты нәрсе математика болған. Ол бірнеше күндер ұйықтамай математика лық есептер шығарған екен.
Тірідей өртке жазаланған бұл қай математик? (Виет)

Семей

Категория: Математика | Добавил: alik (14.05.2011) | Автор: Байтемирова Гульжан E
Просмотров: 10843 | Рейтинг: 3.0/11
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz