Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 01:17

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Математика

математика пәнінен 5-сынып оқушыларымен өткізілген cайыс
Күшім менің білімде

Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын, ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында физика-математика пәндері апталығы шеңберінде 5-сынып оқушыларымен өткізілген cайыс

Сынып бөлмесі безендіріліп, тақтаға сайыстың тақырыбы, білім туралы қанатты сөздер,топ ұрандары, ойын шарты жазылған плакаттар ілінген, ұпайлар таблосы қойылған.

Ойын шарты: Ойынға 6 оқушыдан құралған 2 топ оқушылары қатысады. Ойын 5 бөлімнен тұрады. Әр бөлімге 3 сұрақтан енгізілген. Әр сұрақ ұпаймен бағаланған. Әр топ кезектесе отырып, сұрақ таңдайды. Егер сұрақты таңдаған топ дұрыс жауап бере алмаса, екінші топ дұрыс жауабын айтып, сұрақ бағаланған ұпайға ие болуға мүмкіндігі бар.



І. Мұғалім:
- Қазіргі заманда жас ұрпақтың білімді, білікті, зерделі, өнерлі де талапты болуы - заман талабы. Білімге құштар, дарынды жастарға ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы тарабынан да үлкен мүмкіндіктер жасалып жатыр. Олардың шет елдердің мықты-мықты деген жоғарғы оқу орындарында оқып, білім алуларына мүмкіндіктер жасалып жатыр. Сондықтан да терең білім алып, жан-жақты дамыған азамат болып өсу - сіздерге парыз. Ендеше, бүгінгі сайысымызды білімге арнайық. Алғашқы сөзді топ басшыларына берейік.

Қарсылас екі топтың бір-бірімен сәлімдесуі

Жұлдыз» тобы: «Қайсар» тобы:
Жұлдыздай жанып бағымыз, Қай іс болсын қайраттанып,
Сәттілік бүгін қолдасын. Алда болған жігіттер.
Жинақтап білім нәрін біз, Әр шешімнің жолын тауып,
Ұтармыз сенім болғасын. Білім бізді жетелер.



ІІ Жаттығу (сайысқа дайындық)
Әр топқа 1 минут ішінде сұрақтар қойылады. Сол уақыт ішінде әр топ қанша сұраққа жауап беріп үлгірсе, сонша ұпай алады

«Жұлдыз» тобына берілген сұрақтар:
- Екі қатынастың теңдігі пропорция
- Бұрышты өлшеуге арналған құрал транспортир
- Төрттен бірге кері сан 4
- Алымы бөлімімен бірдей бөлшек бұрыс бөлшек
- Пропорцияның шеткі мүшесін табу ережесі
Ортаңғы мүшелерін көбейтіп, белгілі шеткі мүшесіне бөлеміз
- Санның жүзден бір бөлігі процент
- 9-дың квадраты 81
- Шеңбер бойындағы нүктені оның центрімен қосатын кесінді радиус
- 1 тәуліктің жартысы 12 сағат
- Төрттен бір бөлшегі неше прпоцентке сәйкес? 25 процент
- 3 кесіндіден құралған фигура үшбұрыш
- 8 бен 6-ның ең кіші ортақ еселігі 24
- 42-нің 50 проценті 21
- Өлшемі 90 градустан кіші бұрыш сүйір

«Қайсар» тобына берілген сұрақтар:
- Екі санның бөліндісі қатынас
- Шеңбер сызуға арналған құрал циркуль
- 5-ке кері сан бестен бір
- Өзіне және 1-ге ғана бөлінетін сандар жай сандар
- 8-дің квадраты 64
- Центр арқылы өтетін хорда диаметр
- 1 ғасырдың жартысы 50 жыл
- Төрттен үш бөлшегі неше процентке сәйкес? 75 процент
- 4 пен 6-ның ең кіші ортақ еселігі 12
- 15 қандай санның 50 проценті? 30
- Өлщемі 90 градусқа тең бұрыш тік
- Жылдамдықтың уақытқа көбейтіндісі қашықтық

ІІІ. Ойынның негізгі бөлімі
Әр топ бес бөлімнің кез келген тапсырмасын таңдайды, тапсырманы дұрыс орындағани жағдайда сол тапсырма бағаланған қпайды алады. Егер таңдаған тапсырманың дұрыс жауабын таппаса, олардың қарсыластарының дұрыс жауабын айтып ұпай алуға мүмкіндіктері бар. Сондықтан тапсырма оқылғаннан кейін екі топқа да тапсырманың жазбаша түрі таратылады. 10 ұпаймен бағаланған тапсырмаларды орындауға 5 минут, 20 ұпаймен бағаланған тапсырмаларды орындауға 7 минут, 30 ұпаймен бағаланған тапсырмаларды орындауға 10 минут уақыт беріледі. «Сыр сандық құпиясы» және «Жасырынбақ» бөлімдерінде берілген тапсырмалардың жауабын ойлануға 1 минут қана беріледі.

«Санның проценті»

10 Бір сыныптағы оқушылардың 14-і ер бала, ал қыздардың одан жетеуі артық.
Сыныптағы оқушылардың неше проценті ер бала?

20 Зымыран сағат сайын барлық жанармайдың 15 процентін жұмсап отырады. Егер
ұшырылғаннан кейін 1 сағат өткен соң оның багында 170 тонна жанармай қалса,
ұшырар алдында қанша жанармай құйылған?

30 Райхан 145 санын 60 процентке арттырып, шыққан санның 25 процентін тапты.
Райхан қандай санды есептеп тапты?

«Сыр сандық құпиясы»

10 Бұл зат сендерде жуырда пайда болды. Жоғарғы сынып оқушыларына ол өте қажет.
Көбінесе оны уақытты үнемдеу үшін қолданады, ал кейде бірдеңені білмей қалған
жағдайда соның көмегімен іздегеніңді оп-оңай тауып алуға болады. Бұл не?
(Калькулятор)
20 Бұл зат әр оқушыда болады. Мектепке әлі бара қоймаған бүлдіршіндер де оны болғанын
ұнатады. Жоғарғы сынып оқушыларында олар көп болады, өздері қалың-қалың. Кейбір
мұғалімдер оларды әрі-бері тасып әлек. Бұл не?
(Дәптер)
30 Бұл негізгі сандардың бір түрі. Олармен сен бастауыш сыныпта танысып келгенсің. Сенің
үйіңнің нөмірін, жолдастарыңның санын, оқып жатқан сабақтарыңның ретін тек қана осы
сандармен белгілеуге болады. Бұл қандай сандар?
(Натурал сандар)

«Есептер әлемінде»

10 Тырналар әдетте топпен ұшқанда үшбұрыш жасап ұшады: алдында 1 тырна, екінші қатарда
екеу, үшінші қатарда үшеу, тағы сол сияқты. Егер соңғы қатарда 15 тырна ұшып бара жатса,
тырналар тобында неше тырна ұшып барады.
120 тырна
20 Әкесі 41 жаста, үлкен ұлы 13-те, қызы 10-да, кіші баласы 6 жаста. Неше жылдан кейін
әкесінің жасы барлық балаларының жастарының қосындысына тең болады?
6 жыл
30 1 жылқы мен 2 сиырға күн сайын 34 кг шөп беріледі, ал 2 жылқы мен 1 сиырға 35 кг. Күн
сайын 1 сиыр мен 1 жылқының әрқайсысына шөп қанша килограмнан беріледі?
1 жылқыға 12 кг, 1 сиырға 11 кг
«Жасырынбақ» (жасырынбақты кішкентай сыныптың оқушылары жасырады)

10 - Алдымен бөлді, сосын тағы да бөлді. Содан соң екеуінің арасына «теңдік» таңбасын
қойды.
- Оның көмегімен теңдеу де, есептер де шығаруға болады.
- Дәрі-дәрмек жасағанда оның қандай болу керек екенін жақсы білу керек. Егер біреуін
көбірек салып қойсаң, керегіңді ала алмайсың.
- Онымен сендер жуырда таныстыңдар, тіпті, онымен жұмыс та жүргіздіңдер. Бұл не?
(Пропорция)
20 Кейбіреулер «ол» тезірек бітсе екен деп асығады. Өйткені, ол бітсе, ойнауға, асыр салып
жүгіруге болады. Бірақ ол бітер емес... Біреулер оны жақсы көреді, ал кейбіреулер ұнатпайды,
өйткені «онда» көп ойлау керек, есептеу, жазу, жауап беру қажет. Кейде бірдеңелерді
орындайсың-орындайсың, ал тексергенде «2» қояды. Мүмкін, тапсырмаларды дұрыс
орындамағансың, әлде уақытың жетпей қалды ма екен? Өйткені «ол» 45 минутқа ғана
созылады ғой. Бұл не?
(Математика сабағы)
30 Бұл сенің ең негізгі құралың. Басқа құралдарыңды кейде ауыстырып әкеліп отырсаң, бұл
құрал жыл басынан соңына дейін сөмкеңнен түспейді. Оны мұғалімге бергенде кейде
қуанасың, ал кейде жылағың келеді. Бірақ ол өзіңе байланысты.. Егер қатты қуансаң оны сен
мамаң мен папаңа өзің көрсетіп мәз боласың, ал кейде ешкім сұрамаса екен деп ойлайсың.
Өйткені онда сенің бар құпияларың жасырынған ғой... Бұл не?
(Күнделік)



«Амалдар тізбегі»




ІV. Ойынның қортындысын шығару, марапаттау.
Категория: Математика | Добавил: irinka93 (13.09.2011) | Автор: Мукажанова Л.О.
Просмотров: 12137 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 4.3/6
Всего комментариев: 3
3 nurgul   (09.02.2012 23:48)
Сабағыңызға көп рахмет. Тапсырмаларын қолданып, оқушылардың қызығушылығы артқанын байқадым.

2 nurgul   (09.02.2012 23:46)
Сабағыңызға көп рахмет. Тапсырмаларын сабақта қолданып, оқушылардың қызығушылығы артқанын байқадым.

1 Ася4150   (08.01.2012 20:27)
Сабақтың құрылымы өте қызықты.Осы сабақ-ойын арқылы мұғалім өзінің алдына қойған негізгі мақсаты-оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруды іске асырды деп айтуға болады.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz