Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 11.12.2016, 01:22

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Математика

5-класқа арналған математикалық диктанттар жинағы
5 – класс
Математикалық диктант №1
1 – нұсқа
1. 32 мен 17 сандарының көбейтіндісін санды өрнек түрінде жазыңдар және мәнін есептеңдер.
2. 47-ні 5-ке көбейткендегі көбейтіндіден 65 санын 13-ке бөлгендегі бөліндінің айырмасының өрнегін жазып есепте.
3. х пен 15 санының айырмасының мәнін табыңдар, мұндағы х=20.
4. Өрнекпен жазыңдар: 2k, 5m және 73k қосындысын. Өрнекті ықшамдаңдар.
5. Өрнекпен жазыңдар: 73а және 17а-ның қосындысын. Өрнектің мәнін табыңдар, мұндағы а=5.

5 – класс
Математикалық диктант №1
2 – нұсқа
1. 108 бен 18 сандарының бөліндісін санды өрнек түрінде жазыңдар және мәнін есептеңдер.
2. 32 мен 8 сандарының қосындысына 77-ден 9 санын азайтқандағы айырманы көбейту өрнегін жазып есепте.
3. 19 бен у санының айырмасының мәнін табыңдар, мұндағы у=11.
4. Өрнекпен жазыңдар: 13х, 8у және 7х қосындысын. Өрнекті ықшамдаңдар.
5. Өрнекпен жазыңдар: 65х және 12х-тің айырмасын. Өрнектің мәнін табыңдар, мұндағы х=9.

№2 диктант
Әріпті өрнек
1-нұсқа
1. х және у сандарының қосындысын х және у сандарының айырмасына бөлгендегі бөліндіні жазыңдар.
2. х пен 15 санының айырмасының мәнін табыңдар, мұндағы х=20.
3. b – b айырмасы b-ның кез келген натурал сан мәнінде неге тең?
4. 7у және 6х көбейтіндісінің коэффициенті неге тең?
5. 3а және 4a қосындысынан 5а-ны азайтқандағы айырманың коэффициенті неге тең?

№2 диктант
Әріпті өрнек
2-нұсқа
1. 17 және b сандарының қосындысын 17 және b сандарының айырмасына бөлгендегі бөліндіні жазыңдар.
2. 19 бен y санының айырмасының мәнін табыңдар, мұндағы y=11.
3. a–a айырмасы a-ның кез келген натурал сан мәнінде неге тең?
4. 9a және 5b көбейтіндісінің коэффициенті неге тең?
5. 15b және 7b айырмасына 19b-ны қосқандағы қосындының коэффициенті неге тең?

№3 диктант
1 – нұсқа
Қосудың, азайтудың және көбейтудің қасиеттерін қолдану
1. Өрнекпен жазыңдар: а) 29х және 11х-тің қосындысын;
ә) 29 және 11х-тің көбейтіндісін.
2. Өрнекпен жазыңдар: 19с мен с-ның айырмасын. Өрнекті ықшамдаңдар.
3. Өрнекпен жазыңдар: 7 санымен х-тің қосындысын 2-ге көбейткендегі көбейтіндіні. Көбейтіндінің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнекті қосынды түрінде жазыңдар.
4. Өрнекпен жазыңдар: 2k, 5т және 73k қосындысын. Өрнекті ықшамдаңдар.
5. Өрнекпен жазыңдар: 73а және 17а-ның қосындысын. Өрнектің мәнін табыңдар, мұндағы а=5.

№3 диктант
2 – нұсқа
Қосудың, азайтудың және көбейтудің қасиеттерін қолдану
1. Өрнекпен жазыңдар: а) 36а және 15а-ның қосындысын;
ә) 29 және 11х-тің көбейтіндісін.
2. Өрнекпен жазыңдар: 15у пен у-тің айырмасын. Өрнекті ықшамдаңдар.
3. Өрнекпен жазыңдар: 3 саны мен у-тің қосындысын 12-ге көбейткендегі көбейтіндіні. Көбейтіндінің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнекті қосынды түрінде жазыңдар.
4. Өрнекпен жазыңдар: 13х, 8у және 7х қосындысын. Өрнекті ықшамдаңдар.
5. Өрнекпен жазыңдар: 65х және 12х-тің айырмасын. Өрнектің мәнін табыңдар, мұндағы х=9.

№4 диктант
1 – нұсқа
Натурал санның бөлгіштері және еселіктері
1. Сандарды жазыңдар: 0; 2; 4; 6; 10; 15; 18. Олардың арасынан 36 санына бөлгіштерінің астын сызыңдар.
2. Сандарды жазыңдар: 6; 9; 10; 15; 16; 29. Олардың арасынан 3 санына еселіктерінің астын сызыңдар.
3. 38 санына бөлгіштерін жазыңдар.
4. Сандарды жазыңдар: 8; 9; 10; 15; 12; 24; 45. Олардың арасынан 45 санына бөлгіштерін көшіріп жазыңдар.
5. 6 және 13 сандарының ең кіші натурал сан еселігін жазыңдар.

№4 диктант
2 – нұсқа
Натурал санның бөлгіштері және еселіктері
1. Сандарды жазыңдар: 0; 1; 3; 5; 7; 12; 15. Олардың арасынан 45 санына бөлгіштерінің астын сызыңдар.
2. Сандарды жазыңдар: 4; 5; 9; 10; 13; 14; 25. Олардың арасынан 5 санына еселіктерінің астын сызыңдар.
3. 45 санына бөлгіштерін жазыңдар.
4. Сандарды жазыңдар: 8; 9; 10; 15; 12; 24; 45. Олардың арасынан 48 санына бөлгіштерін көшіріп жазыңдар.
5. 8 және 12 сандарының ең кіші натурал сан еселігін жазыңдар.

№5 диктант
1 – нұсқа
Бөлінгіштік белгілері. Жай және құрама сандар
1. Сөйлемді аяқтаңдар: «Егер ... , онда сан 2-ге бөлінеді».
2. Сөйлемді аяқтаңдар: «Егер ... , онда сан 9-ға бөлінеді».
3. 54, 69, 72, 113, 118, 210, 357, 429 жұп сандарының астын сызыңдар.
4 Сөйлемді аяқтаңдар: «Егер ... , онда натурал сан құрама деп аталады».
5. Бестен үлкен, бірақ он бестен кіші жай сандарды жазыңдар.

№5 диктант
2 – нұсқа
Бөлінгіштік белгілері. Жай және құрама сандар
1. Сөйлемді аяқтаңдар: «Егер ... , онда сан 5-ке бөлінеді».
2. Сөйлемді аяқтаңдар: «Егер ... , онда сан 3-ке бөлінеді».
3. 65, 90, 533, 678, 456, 501, 68, 246 тақ сандарының астын сызыңдар.
4. Сөйлемді аяқтаңдар: «Егер ... , онда натурал сан жай деп аталады».
5. Оннан үлкен, бірақ жиырмадан кіші құрама сандарды жазыңдар.

№6 диктант
1 – нұсқа
Жай бөлшектер
1. Жай бөлшектерді жазыңдар: төрттен үш, оннан жеті, жиырма тоғыздан жүз он сегіз, мыңнан жүз жиырма үш, тоқсан бірден алты жүз жиырма төрт.
2. Бөлшектерді жазыңдар: а) алымы 3, ал бөлімі 7; ә) бөлімі 12, ал алымы 19.
3. Бірінші тапсырмада жазылған бөлшектерден дұрыс бөлшектерді көшіріп жазыңдар.
4. а) бөлінгіш 3, бөлгіш 4; ә) бөлгіш 7, бөлінгіш 5 бөлінділерін бөлшек түрінде жазыңдар.
5. b=6, а нөлден үлкен, бірақ 5-тен кіші болса алымы а, бөлімі b болатын барлық бөлшектерді жазыңдар.

№6 диктант
2 – нұсқа
Жай бөлшектер
1. Жай бөлшектерді жазыңдар: алтыдан он бес, жетпіс жетіден үш жүз жиырма, тоқсан бестен алпыс үш, екі жүзден жүз үш, жиырма төрттен алты жүз отыз жеті.
2. Бөлшектерді жазыңдар: а) алымы 5, ал бөлімі 9; ә) бөлімі 10, ал алымы 7.
3. Бірінші тапсырмада жазылған бөлшектерден бұрыс бөлшектерді көшіріп жазыңдар.
4. а) бөлгіш 10, бөлінгіш 9; ә) бөлінгіш 10, бөлгіш 9 бөлінділерін бөлшек түрінде жазыңдар.
5. а=4, b 3-тен үлкен, бірақ 8-ден кіші болса алымы а, бөлімі b болатын барлық бөлшектерді жазыңдар.

№7 диктант
1 – нұсқа
Жай бөлшектер
1. Алымы бөлімінен 2-ге үлкен үш бөлшек жазыңдар.
2. Алымы а, бөлімі 9 болатын бөлшек а-ның қандай мәндерінде дұрыс бөлшек?
3. Бөлшек түрінде жазыңдар: 5-тің 12-ге бөліндісін.
4. және бөлшектерін аралас сан түрінде жазыңдар.
5. және аралас сандарын бұрыс бөлшек түрінде жазыңдар.

№7 диктант
2 – нұсқа
Жай бөлшектер
1. Бөлімі алымынан екі есе үлкен үш бөлшек жазыңдар.
2. Алымы 9, бөлімі а болатын бөлшек а-ның қандай мәндерінде бұрыс бөлшек?
3. Бөлшек түрінде жазыңдар: 7-нің 15-ке бөліндісін.
4. және бөлшектерін аралас сан түрінде жазыңдар.
5. және аралас сандарын бұрыс бөлшек түрінде жазыңдар.

№8 диктант
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайту
1-нұсқа
1. Бөлшектерді қосуды орындаңдар: және
2. Сандардың қосындысын табыңдар: 7 және
3. Бөлшектердің айырмасын табыңдар: және
4. Сандардың айырмасын табыңдар: 7 және
5. Сандардың айырмасын табыңдар: және

№8 диктант
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайту
2-нұсқа
1. Бөлшектерді қосуды орындаңдар: және
2. Сандардың қосындысын табыңдар: және 4
3. Бөлшектердің айырмасын табыңдар: және
4. Сандардың айырмасын табыңдар: 15 және
5. Сандардың айырмасын табыңдар: және
Категория: Математика | Добавил: Ареке (15.10.2011) | Автор: Балжан Ареке E
Просмотров: 6499 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.1/9
Всего комментариев: 2
2 kunzila   (21.04.2012 16:50)
Диктанттар ұшын көп көп рахмет сізге! biggrin

1 Айжан   (23.11.2011 19:09)
Математикалық диктанттар жинағы ұнады. Рахмет!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz