Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 11.12.2016, 01:22

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Математика

Математиканы дифференциалап оқыту әдісі
Математиканы дифференциалап оқыту әдісі

Әрбір сыныпта математика пәніне әртүрлі көңілмен қарайтын және даму деңгейлері жағынан әртүрлі оқушылар оқиды. Ақыл қабілеті дамуы жағынан құрбыларынан артта қалатын, сабақты зейін салып тыңдайтын, сабақтан көп қалатын және оқу материалын тез-ақ қабылдайтын балалар бар. Математика оқушылардың көбісіне мектепті бітіру үшін керек, сондықтан олар математикаға аса көңіл бөлмейді, тек міндетті «стандарт» деңгеймен шектеледі. Басқа оқушылар өз бейімділігі мен қабілетіне сай стандарт деңгейінен жоғарырақ нәтижелерге жетеді. Сондықтан, мен әртүрлі деңгейлі тапсырмалар еңгізу арқылы математиканы дифференциалап оқыту әдісін қолдану мәселесін көздедім.
Оқушылардың сабақтағы дифференциялық жұмыс түрі дифференциялық тапсырмалар бойынша өз бетімен жұмыс істеуі болып табылады. Дифференциялық тапсырмалар – бұл оқушылардың белгілі бір типологиялық тобының ерекшеліктерін ескеріліп құрастырылған тапсырмалар. Әрбір сыныпты төрт типологиялық топқа бөлуге болады:

1-ші топ – бағдарламадан асырып оқитын оқушылар;
2-ші топ – білімі мен дағдысы жақсы деңгейдегі оқушылар;
3-ші топ – білімі мен дағдысы минималды деңгейдегі оқушылар;
4-ші топ – минимум деңгейге жетпеген оқушылар.

Типологиялық топтарды бақылай отырып, келесі қорытынды жасадым:
Әрбір топтағы оқушылар саны өзгеруі мүмкін. Оқушы 1-ші топтан 2-ші немесе 3-ші, тіпті 4-ші топқа ауысуы мүмкін. Осындай ауысудың көптеген объективті және субъективті себептері бар. Кері жылжуы да мүмкін, мысалы оқушы 4-ші топтан 3-ші немесе 2-ші топқа өтуі мүмкін, бірақ бұл аз кездесетін жағдай.
Әрбір типологиялық топ үшін оқушылар өз білімін және дағдысын көрсетей алатын арнайы тапсырмалар дайындалады. Дифференциалап оқыту әдісі сабақтың белгілі бір кезеңдерінде қолданылады. Жаңа материалды өткенде, сынып топтарға бөлінбей бірдей тапсырмалар орындайды, ал кейінгі нығайту сабақтарында оқушылар дифференциялық тапсырмаларды орындайды.
Математиканы дифференциалап оқыту әдісі көмегімен келесі мақсаттар жүзеге асырылады:
Бірінші және екінші топтардың оқушыларымен:
– Білімді арттыру және тереңдету, күрделі С деңгейлі есептерді шығару дағдысын қалыптастыру.
– Оқылатын пәнге қызығушылықты арттыру және математиканың өміріміздегі, ғылымдағы, техникадағы ролі туралы түсініктерін тереңдету.
– Оқу және ғылыми-көпшілік әдебиетімен өз бетімен жұмыс істеу.
– Оқушылардың білімін және дағдысын аса жоғары деңгейге жеткізу.
Үшінші топтың оқушыларымен:
– Жаңа тақырыпты меңгеру үшін барлық тиісті жағдай жасау: қайталау, олқылықтарды жою, актуалдандыру.
– Оқылатын пәнге қызығушылықты арттыру және дамыту.
– В деңгейлі есептерді өз бетімен шешу және сабақта жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
– Оқушылардың білімін және дағдысын жақсы деңгейге жеткізу.
Төртінші топтың оқушыларымен:
– Оқушылардың білімі және дағдысындағы олқылықтарды жою.
– Ойын элементтерін, қызықты және логикалық есептерді колданып, математикаға қызығушылықты тудыру.
– А және В деңгейлі есептерді өз бетімен үлгі бойынша шешу дағдысын қалыптастыру.
– Оқушылардың білімін және дағдысын минималды деңгейге жеткізу.

8 сыныпқа арналған әртүрлі деңгейлі тапсырмалар
Тақырыбы: Квадрат теңсіздіктерді графикалық әдіспен шешу
Сыныптың құрамы: 2-ші және 3-ші типологиялық топтар басым
Инструкция. Оқушыларға таңдау мүмкіндігі беріледі, яғни тапсырманы орындау барысында оқушы өз бейімділігі мен қабілетіне сай деңгейді және есепті таңдап шығара алады. Тек бір сабақта шығарылған есептер саны бестен кем болмауы керек.
А деңгейлі есептер:
1) Квадрат теңсіздіктерді теріп жаз, түсіндір:
а) x2 -4 >0 ,
ә)3x+4>0,
б) x2 – 1 ≤0,
в) x4 - x2 + 9<0,
г) x2 – 7x3>0
д) 6x – 5x2+1>0
2) Теңсіздікті квадрат теңсіздіктің жалпы түріне келтір:
а) x2<3x+4,
ә)3x2<x2-5x+6,
б) (2x - 1)2< x+3
3) 0;-1; 2 сандарының қайсысы келесі теңсіздіктердің шешімі болады:
а) x2 +3x+2 >0,
б) x2+x+2≤0

В деңгейлі есептер:
1) Теңсіздіктерді шеш
а) - 2х2 + 3х + 9 < 0;
ә) 4х2 - 4х + 1 0;
б) 2х2 - х + 4 >0;
в) -х2+ 3х - 8 0.
2) Теңсіздікті квадрат теңсіздіктің жалпы түріне келтір және шеш:
а) x2<3x+4,
ә)3x2<x2-5x+6,
б) (2x - 1)2< x+3

С деңгейлі есептер:
Теңсіздіктерді шеш
1) x(3x - 1) – x2-16< x(x-2) + 2x2 – 11x
2) (4x - 3)2+ (3x - 7)2 < (5x+1)2 +5x2 +4x – 123.
Категория: Математика | Добавил: Сабира (04.12.2011) | Автор: Конакпаева Сабира Амангельдыевна
Просмотров: 2811 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.7/3
Всего комментариев: 1
1 nurgul   (09.02.2012 23:51)
Әдісіңіз жақсы екен. Сабағымызға қолданып көруге болады.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz