I. Сабақтың тақырыбы: «Екі еселенген бұрыштың формулалары» II. Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға екі еселенген бұрыштың формулаларымен таныстыру.; Оқушыларды қолдану алгоритмін оқытып үйрету. ә) Сабақ барысында оқушылардың екі еселенген бұрыштың формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге жаттықтыру; өткен сабақтарда алған білімдерін, яғни трогонометриялық тепе-теңдіктерді, тригонометриялық функциялардың ширектегі таңбаларын, келтіру және қосу формулаларын пайдалана білуге дағдыландыру. б) Оқушыларды есептер шығаруда еңбек сүйгіштікке, тиянақтылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. III. Сабақтың көрнекілігі: формулалар, ауызша есептер, интерактивті тақта IV. Сабақтың өту әдісі: түсіндіру, жаттықтыру, сұрақ-жауап, талдау V. Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі ә) Үй тапсырмасын тексеру (3-5 минут) б) Өткенді қайталау (5-10 минут)
Сұрақтар: 1. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер. 2. Тригонометриялық функциялардың ширектегі таңбалары. 3. Келтіру формулалары 4. Қосу формулалары.