Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 09:38

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1519
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Математика

Математика сабақтарында инновациялық әдістерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру
Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша қаласы

№5 орта мектеп

математика пәнінің мұғалімі

Такишева Айгүл Сырымбетқызы

Математика сабақтарында инновациялық әдістерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру

Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салуды көздейді.

Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен тұрады:

І. Жаңа идеяны іздеу (Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру)

ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру

ІІІ. Жаңалықтарды енгізу (Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану )

IV. Жаңалықтарды бекіту

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады:

• Әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;

• Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;

• Окушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа педагогикалық технологияларға:

ынтымақтастық педагогикасы

білім беруді ізгілендіру технологиясы

тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы

түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы

деңгейлік саралап оқыту технологиясы

модульдік оқыту технологиясы

жобалап оқыту технологиялары кіреді.

Ынтымақтастық педагогикасының ерекшелігі мына төмендегідей:

-мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім де субъект;

-оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас;

-оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.

Ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.Амонашвили.

Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық үшін қалыптастыру және дамыту, баланың
жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Шаталов болды. Бұл оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты қояды:

-білім, білік, дағдысьң қалыптастыру

-барлық баланы оқыту;

-оқытуды жеделдету.

Бұл технологияның ерекшеліктері:

-үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейлік, блокпен оқыту, тіректі қолдану;

-жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;

-ізгілік, еркімен оқыту;

-әр оқушьшың жобасының жариялылығы, түзетуге, есуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

Озат оқыту технологиясының авторы Ресейлік мұғалім С.Аженкова. Бұл технологияның ерекшеліктері:

-оқу материалдарының өзіндік бірізділігі, жүйелілігі;

-саралап әр оқушыға берілетін материалдың қолайлылығы;

-бағдарламаның, қиын тапсырыстарды біртіндеп оқшаулату эдісін қолдану: сабақты пысықгауға әуелі озаттар, сосын орталар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады;

-бірте-бірте толық дербестікке жету;

-сыныптағы қалыпты жағдайды қалыптастыру;

-түсінік, өзара, көмек, қарым-қатынас;

-оқушының қателігіне ескерту, бірақ еш жазаламау;

-үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі;

-білім, білік дағдыны дамыта меңгерту;

-түсіндіру, қабылдау.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының негізін қалаған профессор Ж.Қараев.

Бұл технологияның ерекшеліктері темендегідей:

-білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;

-оқушыға берілетін тапсырманың саралануы;

-оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау;

-оқушының оқу деңгейін таңдауға ерік беру;

-оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейде білім алуға ерікті.

Модульдік технология дамыта оқыту технологиясына негізделген.

Мұндағы мақсат - оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалдарын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.

Модульдік оқыту өзегі - оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламалы табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсаты бағдарламасынан тұрады.

Жобалап оқыту технологиясы алдын ала құрылған жобаға, нұсқауға негізделіп оқыту керек.

Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты - окушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.

Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін математика сабақтарында қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:

1) репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты

2) алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.

3) Эвристикалық деңгей оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.

4) Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді.

Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Бұл технологияның мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады:

ең төменгі деңгей (базалық),

бағдарламалық,

күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін

а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,

б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,

в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.

Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:

1) сабақтың мазмұны,

2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,

3) сабақтың нәтижелігі.

Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

6-сыныпта тақырыпты меңгеруін тексеру барысында карточкалар таратылады, мұндағы тапсырмалар А,В,С деңгейі бойынша қарастырылған, соған сәйкес оқушының деңгейлі тапсырманы өзі таңдауға мүмкіншілігі болады және тиісті бағасын алады (карточкалар)

8 сыныпта «Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат» тарауын қайталау мақсатында өткізген сабағымның құрылымы ұжымдық оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту. Тарау бойынша топқа бөліп, әр топқа осы тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.

І-деңгей: мынадай сұрақ беремін: Осы фигуралардың анықтамаларын ата.

Тақтаға фигураларды сызып көрсет.(интерактивті тақтада)

Проблемалық сұрақтар беремін.

1.Қоршаған ортадан ұқсас пішінді заттарды ата?

2. фигураның қабырғаларының арасындағы сәйкестікті бұзсақ қандай фигура пайда болады?

ІІ-деңгейде: мынадай сұрақ беремін: Осы фигуралардың қасиеттерін ата. Тақтадағы сызбада шартты белгілермен көрсет.(интерактивті тақтада)

ІІІ-деңгейде:Осы үш фигуралардың ұқсастығын ата.

8 сынып « Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары» тақырыбы бойынша алған білімдерін жалпылау және жүйелеу сабағында квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын есеп шығаруда қолдану дағдыларын жетілдіру үшін сұрақтар, деңгейлік тапсырмалар берілді

1.Екінші дәрежелі теңдеу қалай аталады?

2. Квадрат теңдеудің түбірі неге тәуелді?

3. Егер, «Д» 0- ден үлкен болса теңдеудің неше түбірі болады?

4. Бірінші коэффициенті 1-ге тең теңдеу қалай аталады?

5. Дискриминанты 0-ден кіші теңдеудің неше түбірі болады?

6. Бос мүше 0-ге тең болса теңдеу қалай аталады?

Үй тапсырмасын бергенде, оқушылардың деңгейлік айырмашылықтарын ескере отырып таңдау мүмкіндігін бердім.

Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді жақтары.

1) сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы белсендігін оятады.

2) Оқушы өз білімінің деңгейіне жұмыс жасайды.

3) Оқушының өз бетімен жұмыс істеу тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігі артады.
Категория: Математика | Добавил: tackisheva (26.03.2012) | Автор: Такишева Айгуль Сырымбетовна
Просмотров: 10492 | Рейтинг: 3.2/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

• Театр.kz

• Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
Сайт управляется системой uCoz