Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 12:48

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Информатика

Информатика және оқушы қабілеті
Информатика және оқушы қабілеті

Бүгінгі уақытта ақпараттық технология бүкіл әлемде қарқынды дамып жатыр. Ақпараттық технологияның дамуы біздің мемлекетіміз үшін өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Себебі, еліміз дамыған 30 мемлекеттер қатарына кіруді жоспарлау барысында компьютерлік сауаттылыққа ерекше көңіл бөлген.
Қоғамның қазіргі кездегі дамуының басты белгісі – бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. [1, 130 б]
Адамның барлық өмірі – қалай да болсын – ақпарат алу, жинау және өңдеумен байланысты. Адам не істесе де: кітап оқығанда, теледидар көргенде, сөйлескенде – ол әрқашан үздіксіз ақпарат алады, оны өңдейді. Біз өмір сүріп отырған ғасырға – автомобиль, электр, авиация, атом энергиясы, электрондық техника сияқты – ғылымның, техниканың және жаңа технологиялардың бұрын болмаған жылдамдықпен дамуы тән.
«Заманына қарай адамы» демекші қазіргі заманда ғылым да білім де дамып кемеліне жеткендіктен ХХІ ғасырдың ең ұлы жетістігі ретіне біз ең бірінші орынға ақпараттық құралдарды қоярымыз рас. Дегенмен, ғылым дамуындағы бұндай жетістіктердің кейбір бастамалары әрине мектеп жасынан қалыптасатыны белгілі. Осы бағытта мектеп жасындағы балаларға ақпараттық құрал-жабдықтары жайында толық мәлімет беру біріншіден информатика пәні мұғаліміне жүктеледі.
Ал, информатика және оқушы қабілетін негізгі фактор ретінде қарастырсақ, оны келесі кестеден көруге болады:

Пәнді оқушы оқу барысында осы негізгі бағыттағы барлық қасиеттерді игерсе информатика пәнінің барлық кезеңдерін қиындықсыз алып кетеді.
Соңғы жылдарда пәнді оқытуда біршама өзгерістер енгізілді. Оқушыларға дайын үлгідегі программалық жоспарлардың шығуы нәтижесінде теориялық білім алудан көрі практикалық белсенділіктері артуда. Себебі, көптеген ойын элементтерінің шығып, оқушы жастарды өз қармағына баурап алып отырады, иллюзия тудырады. Ал, сабақ кезінде олар тіптен бәрін біліп тұрған кейіпте болады. Бір жағынан алып қарасақ бұндай практикалық ойын элементтері арқылы игерген ақпараттық техника болашақта көптеген кесірін тигізері анық. Өйткені ақпараттық құралды игеруде теориялық білім болмаса, баланың болашақтағы алатын мамандығына кедергісін келтіруі әбден мүмкін. Себебі, ол бала ойын элементтерімен ғана жұмыс жасай алады.
Осы мәселелердің барлығын ескере келе ұстаз қауымына қандай әрекет жасау керек? - деген сұрақ туындайды. Бұл бағытта біріншіден, қажеттілік → қызығушылық → дәлелдер туғызуымыз қажет. Мұғалімнің барлық күш-жігері осы бағытта жұмыс жасауы тиіс. Пәнге деген қызығушылық бала бойындағы бірден-бір керек қасиет, осы қасиетті мұғалім оята біліп, күнделікті жұмыс барысында пайдалана алса ғана білімін жан-жақты меңгерген, пәнге деген қызығушылығы мол оқушы шығады. Қиын да ұзақ бағыттағы теориялық білім мен практиканы ұштастыра отырып жүргізген мұғалім еңбегі жеміссіз қалмасы анық.
Жаңа үйренушінің шығармашылық бағытында мұғалім әр сабақ сайын өз алдына бірнеше мынадай міндеттер қоюы керек:
- сабақ беру әдісінің күнделікті қызықты өтуі, білімін бақылау;
- өздік жұмысын орындаудағы оқушы белсенділігі мен өз-өзін дұрыс бағыттау;
- сабақ барысында ұстаздың өнерлілігі (шешендік сөз арқылы оқушы назарын аудару, тапқырлық, мәдениеттілік);
- өзіндік пәнге деген қызығушылығы мен оқушы аудиториясын баурап алу арқылы негізгі позицияны ұстану;
- психологиялық қызықты климат тудыру, оқушыны өз пәніне бағыттау.
«Ешбір адамға білім алу мен жетілу жай беріле салмайды немесе айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы тиіс», - деп Дистерверг айтқан болатын. Сондықтан жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл керек, жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет, мұғалім ролін арттыратын процесс жүргізілуі тиіс, бұрынғы педагог-информатордан қазіргі кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы педагог дәрежесіне көтерілу керек.
Информатика мұғалімі балаға білім беріп қана қоймай, оның бойындағы икем мен дағдыны қалыптастыру барысында көптеген технологияларды пайдаланады. Бұл технологиялар оқушылардың бойындағы сабақ оқуға деген қызығушылықтарын оятып, білім алуға құштарлық туғызады. [2, 10-14 б]
Жаңа технологияларды қолдана отырып өткізілген сабақтар менмақалалар, оқытудың жаңа қырларын анықтау мақсатында көптеген еңбектер жазба беттерінде жарық көруде. Осындай еңбектерде жазылған материалдарды сабақ үлгілеріне қызықты етіп пайдалануға әбден болады. Мысалы: Саяхат сабақ «Есептеуіш техниканың шығу тарихынан»; керемет ойын үлгісі «Іс жүргізуші»; жаттықтыру семинары «Денсаулық және компьютер»; арнайы жоба «Спектакльге пікір жазу». [3, 36 б]
Жаңа тақырыпты мазмұндау барысында мысалдар келтіруге болады. Бұл бала ойында мәңгі сақталып қалатын мысал ретінде жазылған. Жоғары сынып белсенділері «Мектептің мырзасы» атты сайыс өткізбек. Осы сайысқа ақылды, әрі әдемі бозбалалар қатыса алады. Осы тұрғыда әр түрлі өтініштерді қарап, «Сайысқа өтініш беруші ары қарай өте алады ма?» деген сұраққа жауап беру арқылы тізілген логикалық кесте сызылады. Бұл ойын кесте сызудағы оқушының ойының озықтылығын айқындап береді. Келесі сабақта «Мектептің мырзасы» атты сайысты естеріне түсірсең болды, керек кестені бірден сызып берері анық.
«Алгоритм және оның жүйесі» тақырыбында сабақ өткен кезде, сызық арқылы алгоритм жүйесін келтіріп, «Мақта қыз» ертегісін мысалға алуға болады. Осыдан кейін оқушылар көптеген дөңгелегтерге тап болады. Осы бағытта «Қаздар мен тырналар» ертегісін есімізге түсіріп, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында әр сюжетті алгоритм бойына бөліп тастаймыз. Біз бұл жүйеден циклдік алгоритмді бөліп аламыз. Міне, ертегілер арқылы жаңа тақырыпты бізге мәлім кейіпкерлер арқылы түсіндіре аламыз. Сонда оқушылар сабақты тез әрі жылдам түсінетін болады. [4, 15 б]
Сабақтың түрі мен өту барысы жаңа сабақ түсіндіруде маңызды рөл атқарады. Компьютерлік жүйеде бумалармен және операциялық жүйелермен жұмыс істеу қиындыққа соқпайды. Бірақ, шынайы өмірде оқушылар теориялық немесе практикалық білім алмаса, қарапайым «құжаттарды іздеу» операциясын орындай алмайды. Осы олқылықты жою мақсатында «Жиырма хат» ойынын ойнауға болады. Ойында әр оқушы өз компьютерінен хаттарды іздеп табуы қажет. Тапқан оқушы құжаттың бағыттарын жазып алып, жолдауын оқиды. Бұл ойын әр оқушының намысын оятары анық. Өйткені, әр тапқан хат сайын қаншама қуаныш, оқығанда тіптен қызығушылықтары артып, ары қарай іздеуге кірісіп кетуі информатика пәні мұғалімінің жетістігі десе болады.
Информатика сабағында әр мұғалім ойын элементтерін, ертегілерді, өмірлік есте қалатын оқиғаларды қолданып сабақ өткізсе, программалық жүйені толық меңгерген оқушы шығарына сенімдімін.

Әдебиеттер:
[1] Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (баптары бойынша түсіндірмелері). Астана: Ақорда, 2000.
[2] Өстеміров Қ. Ақпараттану / /Ақпараттану негіздері №4, Алматы: Курсив, - 2008.
[3] Нургазинова А.Ж, Смаилова Л.Қ, Күлмұратова А.Ш .Ақпараттану (Ақпараттық жүйелер). Алматы: Баспа, -2011.
[4] Информатика негіздері республикалық журналы, 2011 ж.
Категория: Информатика | Добавил: Айжан_Нурлановна (12.02.2015) | Автор: Утуалиева Айжан Нурлановна E
Просмотров: 568 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz