Пайдаланылатын әдебиеттер: 7 сынып информатика
оқулығы, 7 сыныпқа
арналған практикум,
карточкалар
Сабақтың
өтілу барысы:
І.
Ұйымдастырy кезеңі ( 2 мин)
а)
сәлемдесу әдебі: Оқушылармен сәлемдесу
ә) сабақққа
қатысуын бақылау: Кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу.
ІІ. Өткен
материалды еске түсіру (7 мин)
а) үй
жұмысын сұрау: 4.2 тақырыпты оқу. Қазақстанның атақты суретшілері жайында шағын мәлімет
жинап, қысқаша баяндап келуге берілген.Жақсы. Енді өткен сабақты еске түсірейік. Өткен сабақты еске түсіру үшін
компьютерде тест сұрақтарына жауап береміз. Интерактивтік тақтада сұрау:
1. Paіnt графикалық редакторының қызметі қандай?
2. Paіnt қалай іске қосылады?
3. Paіnt форматы қайсысы?
4. Терезе элементтерін жазыңдар
5. Сәйкестігін тап
б) өткен
материалды пысықтау:
Біз алдыңғы сабақта Paint
графикалық редакторында төртбұрыш, эллипс, шеңбер, шаршы, тік сызықты салуды үйрендік.
Төртбұрыш, эллипс, шеңбер, шаршы, тік сызықты салу үшін салатын құралды таңдап,
жұмыс аймағында маустың көмегімен салуды, өшіруді өздерің орындап көрдіңдер.
Енді бүгін біз Paint графикалық редакторындақисық сызық, бүріккіш, құю құралдарын пайдаланып сурет салуды үйренеміз.
ІІІ. Жаңа
сабақ ( 8 мин):
Сурет
салудың адам баласынақандай маңызы бар,
ол не үшін қажет?- деген сұрақтарға тоқталайық. Бүгінгі сабағымыз сурет салумен
байланысты болғандықтан сабағымызға бейнелеу өнерінің мұғалімі Назгүл
Шаяхметқызы қатысып отыр. Сөз бейнелеу өнерінің мұғаліміне беріледі:
Құрметті
оқушылар сендер бастауыш сыныптан «Бейнелеу өнері» пәнін өтіп келесіңдер. Сурет
салудың көптеген тәсілдері бар, оларға тоқталмай-ақ қойайын. Сурет салу тек
суретшіге ғана емес, әр мамандық иесіне де қажет. Әр адам өзінше, өз шамасына,
талабына қарай сурет салады.
Елімізде сурет өнеріне зор еңбегі сіңген атақты
суретшілер өте көп. Солардың қатарына Әбілхан Қастеев, Кәміл Шаяхметов, Айша
Ғалымбаева, Молдахмет Кенбаевты айтуға болады.
-Алдын ала
оқушыларға үй жұмысы ретінде Қазақстанның Әбілхан Қастеев, Кәміл Шаяхметов, Айша
Ғалымбаева сынды суретшілері жайлы мәлімет жинап, қысқаша баяндандап келуге тапсырма
берілген, енді соларды тыңдайық.
Тақтада Қазақстандық әйгілі суретшілердің
портреттері көрсетіліп айтылады.
Жаңа
сабақты түсіндіру:Қисық сызық салу:
Қисық сызық салу үшінқисық
сызық батырмасын шертеміз. Сызық қалыңдығын таңдап, сызық салуды орындаймыз.
Сызықтың бүгетін жанында маусты басып, бұрамыз.
Бүрккіш құралын пайдалану:
Бүріккіш құралын шертеміз. Палитрадан түсті таңдап,
бүріккіш дағының өлшемін алып, бояуды бүркеміз.
Құю құралы:
Құюқұралының батырмасын шертеміз. Түс палитрасынын
түсті таңдап, бояуға қажетті контур ішін мауспен шертеміз. Контур тұйық болуы
керек.
Қылқалам құралының батырмасын шертеміз. Түсті таңдап,
маустың көмегімен қажетті суретті саламыз. Жаңа сабақтан сұрақтарың бар ма?
ІV . Жаңа
сабақты пысықтау (13 мин):
а)Компьютермен
практикалық жұмыс
Енді, балалар компьютерге
отырыңдар. Paint редакторын іске қосыңдар. Мына
тапсырмаларды орындаймыз.
Оқушыларға таратпа карточкаларды беріп (сурет
салынған) тапсырмаларды орындату.
IV. ә)
Сергіту сәті.(1 мин)
Көз жаттығуларын орындату. Оқушылардың назарын
өзіме аудартып, көз жаттығуларын жасатамын.
V. Сабақты
бекіту/ қорытындылау ( 2 мин):
Компьютермен де суреттерді салуға болады. Сонымен
балалар, бүгінгі сабақта не үйрендік? Келешекте сурет салудың маңызы бар ма?
VI. Үйге
тапсырма беру ( 1 мин):
Оқулықтан 4.2- тақырыпты оқу. Paint құралдарына байланысты