Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 09:29

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 9
Гостей: 9
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Информатика

Компьютерлік турнир
Информатикадан жарыс сабағы
«Компьютерлік турнир»
Мақсаты:
Оқушыларды информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор. «Батылдылық – балалық шақта шыңдалады» десек, баланы бала ететін тәрбие құрамының бірі ойын екендігі белгілі.

Көрнекілігі: компьютер, интерактивтік тақта, плакаттар

Қатысушылар: 2 команда 6 оқушыдан

Алдын-ала дайындық:
• Әділ қазылар алқасын тағайындау.
• Командаларды ұйымдастыру: аты, капитан, ұран, эмблема.
Ойынның барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан «Жаратылыстану пәндер апталығына» қош келдіңіздер! Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, жарысымызды бастаймыз
І – кезең. Таныстыру

Әр команда өзінің атын, эмблемасын және ұранын айтып, таныстырады.

(жарыс 5 ұпаймен бағаланады)

ІІ – кезең. Компьютерлік тақырыпқа ең үздік сурет

Әр командадан бір-екі оқушы басқа жарыстар өтіп жатқан кезде информатикаға байланысты тақырыпта сурет салып үлгеру керек, ол суретке ат беріп оны түсіндіруі керек.

(жарыс 5 ұпаймен бағаланады)
ІІІ –кезең. «Бәйге»
Қарап тұрып бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
Ойын шарты: Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Командалар кезекпен жауап береді.
Жаубын білмесе, келесі командаға жауап беруге рұқсат етіледі.
Егер қате жауап берсе, сол ойыншы келесі сұраққа жауап беру құқынан айырылады.
Ескерту!
Орнынан жауап берген командадан 10 ұпай алынады.

ІҮ – кезең. «Компьютерлік диктант»
Ережесі: Мұғалім оқып тұрады, оқушылар «Рaint» графикалық редакторында орындайды. Нәтижесінде сурет шығады. Диктантқа 5 мин. беріледі
1. Үлкен шеңбер салыңыздар.
2. Оның астыңғы жағын өшіріп тастаңыз.
3. Кішірек шеңбер салыңыз.
4. Тігінен үш рет көшірмесін жасаңыз.
5. Оны доғалдың астына орналастырыңыз.
6.Оның астыңғы жағын өшіріңіз.

7. Ортасынан түзу сызық салыңыздар.
Сурет неге ұқсайды?
(Қолшатыр)

Ү – кезең. «Windows –ты баптау»
Интерактивтік тақтадан сурет таңдап, жасырылған тапсырмаларын орындау.

ҮІ – кезең. Капитандар жарысы.

Сұрақтарымен 4 карточка беріледі. Капитандар 2 сұрақтан таңдап алады. Әр сұраққа 2 минут ойланады. Дұрыс жауабы - 1 балл. Берілген уақытқа жетпей жылдам жауап берсе - 1 балл.
1. Англиядағы қала, калибры 30х30 қару және компьютердің құрылғысы осы сөздердің арасында қандай байланыс бар? («Винчестер» сөзімен байланысты)
2. Компьютер ауруы (вирус)
3. Windows деген не? (терезе, ОЖ)
4. Дүниежүзлік компьютерлік желі (интернет)
ҮІІ – кезең. Ребус шешу.
ҮІІІ – кезең. Кроссворд шешу.

Жүргізуші:
Ойнымыздың шешуші сәті жеңімпазды анықтап, марапаттау.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Бүгінгі көріп тамашалаған «Компьютерлік турнир» ойыны өз мәресіне жетті.
Категория: Информатика | Добавил: нургуль (13.11.2011) | Автор: Нургуль E
Просмотров: 2295 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 1
1 Анара   (23.11.2011 18:42)
Нургуль, жарыс сабағыңыз өте қызықты! Рахмет!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz