Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 11:12

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Информатика

Практикалық жұмыс
Практикалық жұмыс

Тақырыбы: Word Pad мәтіндік редакторы
Мақсаты:
 Word Pad мәтіндік редакторының негізгі ұғымдарын меңгерту.
 Мәтіндік редакторлар терезесі, құралдар тақтасы және сызғыш қызметін пысықтау.
 Мәтінді теру ережелерін меңгерту.
 Құжаттарды ашу, құру, сақтау әрекеттерін меңгерту
 Блокнот программасының мүмкіндіктерін меңгерту

1-тапсырма. Мәтінді теріп жаз. Отан деген атпен сақта.

Менің Отаным – Қазақстан

Қазақстан Республикасы 1990 жылдың 25 қазанында өзінің егемендігін жариялап, дербес мемлекет болды. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Біз өз Отанымызды шексіз сүйіп, мақтан етеміз. Қазақстан әділет пен туысқандық салтанат құрған тең құқықты еркін халықтардың елі.

2-тапсырма. Өлеңді теріп жазып, сақта.

СЕНБЕ ЖҰРТҚА, ТҰРСА ДА ҚАНША МАҚТАП

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан - шын асыл, тастай көрме.
АБАЙ

Тест сұрақтары

1. Текстік редактор міндеті:
а) сурет салу
ә) текспен жұмыс
б) текстік және графиктік мәліметтерді жазу

2. Word Pad бағдарламасын ашу әрекеті
а) іске қосу →Документтер → Word Pad
ә) іске қосу → Программалар →стандартты→ Word Pad
б) іске қосу → Стандартты → Word Pad

3. Қате енгізілген символдарды өшіру пернелері
а) Backspace, Del
ә) Enter
б) Shift, Ctrl
4. Жаңа абзацты бастау үшін
а) Shift
ә) Backspace
б) Enter
5. Құжатты бірінші рет сақтау әрекеті
а) Файл→ деп сақтау
ә) файл→бет параметрі→сақтау
б) файл→шығу
6.Орындатпау командалары
а) түзету→ болдырмау
ә) түзету→қайталау
б) түзету→көшіру

7.Қайталау командалары
а) түзету→ қою
ә) түзету→қайталау
б) түзету→көшіру
8. Сақталған құжатты ашу әрекеті
а) Файл → ашу
ә) Іске қосу → документтер
б) Іске қосу → ашу
9. Қаріп өлшемін өзгерту әрекеті
а) Түр → бет параметрі → қаріп
ә) Файл → формат → қаріп
б) Формат → Қаріп
10. Саймандар панелін қалай орнатамыз?
а) Файл → бет параметрі → саймандар панелі
ә) Түр → саймандар панелі
б) Түр → бет параметрі → саймандар панелі
11. Бас әріптерді тұрақты іске қосатын перне?
а) Shift
ә) Esc
б) CapsLock
12. Сандық пернелер тобына қандай перне кіреді?
а) NumLock
ә) CapsLock
б) Tab
13. Баспаға жіберу әрекеті
а) Файл → баспа
ә) Файл → бет параметрі → баспа
б) Түзету → баспа
14. Жаңа құжат құру әрекеті
а) Түзету → құру
ә) Файл → құру
б) Файл → бет параметрі → құру
15. Сызғышты орнату әрекеті
а) Түзету → сызғыш
ә) Түр → қалып-күй қатары → сызғыш
б) Түр → сызғыш
Категория: Информатика | Добавил: nurgul (18.11.2011) | Автор: Есмаганбетова Нургуль E
Просмотров: 7291 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz