Главная | Регистрация | Вход | RSSСреда, 07.12.2016, 02:48

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 1
Пользователей: 1
Людмила1879

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Информатика

Білімді ақпараттандыру – ХХІ ғасырға жасалған қадам
Тайынша қаласы, №5 орта мектеп

иформатика пәнінің мұғалімі
Такишева Айгүл Сырымбетқызы

«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы приоритеттерінің бірі ұлттық білім моделін қалыптастыру және Қазақстан білім жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңестігіне кіріктірумен сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Қазіргі заманның талабына сай білім беру мәселесі сол қоғамның мүддесіне лайықты, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғауға қабілетті, ұлтжанды, отаншыл азамат тәрбиелеуден туындайтыны белгілі.

Мұғалім қандай болса, мектебі де сондай болмақшы, яғни білімді болса, ол мектептен білімді балалар көбірек болып шықпақшы. Ата-аналарымыздың да бала тәрбиесінде мұғалімге үміт артады, сондықтан сапалы білім беруде мұғалім тұлға ретінде үлкен роль атқарады. Өз еліміздің дамуына, көркеюуіне септігін тигізер ұстаздар қауымы еліміздің ертеңі – балаларға сапалы білім беру жолдарын бүгіннен бастап қарастыру керек.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің съезінде Н. Ә. Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында», - деп атап көрсетуі ұстазға үлкен сенім жүгін міндеттейді. Сенімді ақтау жолында ұстаз еңбегінің нәтижесі-оқушы білімі.

• Білімді ұрпақ-білімді ұстаздан, білікті маманнан.

Менің ойымша, мұғалім мамандығы - ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық психо-педагогикалық даярлықты қажет ететін ерекше еңбектің бірі. Осындай педагогикалық шеберлік мұғалімнің жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді:

 іскерлігі мен дағдылары;

 білім дәрежесі;

 озық әдістемені меңгеру;

 педагогикалық техника;

 мақсат бағыттылығы;

 қолданбалы іскерлік дағдылары;

 жеке басының қасиеті мен өзіндік «ерекшеліктері»;

Білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді, яғни педагогикалық технология ұтымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда. Педагогикалық жаңа технологиялар іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе - ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Олай болса, технология - ақырғы мақсатқа жететін, оқушы белсенді әрекетке түсіретін әрекеттер жүйесі. Мұғалім кез келген тақырып бойынша оқышуға бағыт, бағдар береді, белгілі бір мәселе түйінін шешкізіп білімін дамытады, ойлау, даму қабілетіне жол ашады. Бұлай өткізілген сабақ нәтижесінде оқушының ойлау, пікір айту, өз ойын жеткізе алу т.б. жағдайлары байқалады;

Іс-тәжірибелерді жинақтай отырып, өз педагогикалық тұжырымдамамды «Компьютерлік бағдарламалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсету, тәжірибелеу негізінде жеке тұлғаға пайдаланушы деңгейдегі нақты жұмыс істеуін үйрету» деген тақырыпта алып мақсатыма жету үшін оқытудың озық технологияларының сабақта пайдаланамын:

 В.Ф. Шаталовтың «Тірек сызба технологиясы»

 «Дидактикалық ойындар технологиясы»

 Н.В.Апарованың «Компьютерлік оқыту технологиясы»

 Оның бірі профессор Ж.А.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы»

Жаңа педагогикалық технологияның саралап, деңгейлеп оқыту түрі- Қазақстан мектептерінде кең таралап келе жатқан үлгі. Деңгейлік тапсырманың мақсаты- оқушыға жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденушілікке, шығармашылыққа баулу.

• Алгоритмдік деңгейде орындалатын тапсырмалар:

а) Өткен материалмен өзара салыстыра отырып,жаңа материалдың ерекшеліктерін ажырата алуға негізделген болуы керек.

ә) Тапсырмада тақырыптардың желісі үзілмей, өзара байланысып, бірін-бірі толықтырып, берілген ойды жалғастыратындай болуы керек.

• Ізденімділік деңгейінде орындалатын тапсымалар:

а) Оқушыны іздендіре отырып, нәтижесінде өзіне білім алуын қамтамасыз ететін болуы керек.

ә) Оқушыны қосымша әдебиетпен жұмыс жүргізуіне бағыттайтын, ойлау қабілетін жетілдіретін тапсырма болуы керек.

• Шығармашылық деңгейде орындалатын тапсырмалар:

а) Белгілі бір шығармашылық жұмысқа бейімдейтін болуы керек.

ә) Ғылыми көзқарасын қалыптастыруға арналған болуы қажет.

б) Тапсырманың мазмұны арқылы оқушыға проблемалық ситуация туғызып, баланың шығармашылық ойлауын дамытатынболуы қажет.

Оқушылардың теориялық білімдерін жетілдіруде, практикалық дағдысын қалыптастыруда сабақтың көрнекілікпен жабдықталуы да үлкен орын алады. Әрбір сабақта білім деңгейлері әр түрлі оқушылар тапсырмаларды техникалық құрал-жабдықтар, (компьютер, экран, шығару және енгізу құрғылары, Интернет желісі) тірек сигналдар (сызбалар, т.б.) арқылы көркемделіп отырылады.

Мысал ретінде 8-сыныптағы «Кесте. Электрондық кесте» тақырыбында жасалған кесте сабақты тартымды, жүйелі түрде өткізуге мүмкіндік береді. Экран бетіндегі кестені оқушылар өз дәптерлеріне көшіріп, келесі сабаққа дайндалуға көмек болады:

Кесте- ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі.

Электрондық кесте(ЭК)-ұяшықтарында деректер (мәтіндер, сандар, формулалар) жазылған кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі.

Ұяшық –баған мен жолдың қиылысқан жері, дерек сақтаудың ең кіші элементі.

Адресі-баған белгіленген әріппен және жолдың нөмірімен тұрады (А5)

Мысалы, 7 сыныпта «Word Pad, Блокнот программалары» тарауын қайталау сабағында үш деңгейге бөлінген оқушылардың жұмысы төмендегі жолдармен орындалады: 1 деңгейдегі тапсырмалар-оқулық бойынша, 2 деңгейдегі тапсырмалар-перфокарталар, 3 деңгей компьютердегі арнайы бағдарлама бойынша жасалған тесті орындап, өз білім деңгейіне сай баға алды.

Перфокарталар мысалы ретінде сәйкестендіру тестін қолданамын:

Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. Оның себебі оқушы өз бетімен, ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше алған білімінтәжірибеде, өмірде пайдалануды үйренбеген. Сол үшін де оқушының өзіне сенім арттыру, шығармашалығындамыту мақсатында әр сабағымды әр түрлі, жан-жақты өткізуге тырысамын.

Сабақ мазмұнының теориялық-практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі.

Мұғалімнің әрбір сабақ оқушы сезіміне, ынта-ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістермен, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс-тәсілдері сан алуан. Оны таңдап алу мұғалімнің шедерлігіне байланысты. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру-мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімін, оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады. Сонымен қатар сабақты түрлендіріп қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ойын элементтерін пайдалану өте тиімді. Информатика сабағындағы ойындарға ребустар, сөзжұмбақ құрастыру жатады. Ойын элементтері оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, сөз байлығын кеңейтіп, елестету және қалыптан тыс ойлауын, сөздерді жадында сақтауға үйретеді.

1. Информатика қандай сөзден шыққан?(Информация)

2. CTRL-толық аты?(Контрал)

3. Компьютер жадысында сақталатын,арнайы аты және кеңейтілуі бар информация?(файл)

4. Microsoft редакторы?(Word)

5. Компьютерді іске қосқанда жұмыс үстелінде шығатын негізгі объектілердің бірі?(Корзина)

6. Компьютерге керекті құралдардың бірі?(маус)

7. Бір қағида бойынша біріккен файлдар жинағы?(папка)

8. Басып шығаруға арналған құрал?(принтер)

9. Microsoft редакторы?(Paint)

10. Маустың экранда шығатын белгісі?(курсор)

11. Программалар құрастырушы адам?(програмист)

Осы мақсаттағы 7 сыныптағы сабағымның үзіндісіне тоқтала кетейін:

Сабақтың тақырыбы: Word Pad мәтіндік редакторы. Мәтінді еңгізу және редакциялау.

Сабақтың мақсаты: Word Pad редакторымен жұмыс істеуді жалғастыру. Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану, алдына қойған мақсаттарына жету. Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

1-тапсырма. Берілген әндер шұмағын сауатты теріп жазу.

2-тапсырма. Оқушыларға тәрбиелік мәні бар мақалдарды өз ойларынан теріп жазуды тапсырдым.
3-тапсырма. Бір әріпті екі рет қолданбай «Программа» деген сөзден ең ұзын мағыналы сөз ойлауды ұсындым.

Өз іс-тәжірибемде сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға сүйенемін:
- Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
- Оқушылармен жекелей, жұппен, топпен жұмыстар жүргізу;
- Оқушылардың компьютерлік сауттылығын арттыру;
- Оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту;
Осыған орай «Антивирустық құралдар»тақырыбын меңгергеннен кейін қорытынды сабақты ойын түрде өткіздім: оқушылар екі топқа («Вирустар», «Антивирустар») бөлініп, әр топ өз капитандарын, ұранын таңдады.
Сабақтың кезендерін («Біз көппіз», «Қорғаныс», «Шабуыл») өту барысында тақырыпты меңгерумен қатар оқушылардың ұймшылдық, шығармашылық, белсендік қасиеттері ескеріліп, өздерін бағалау ұсынылды.
Paint редакторында жұмыс істегенде қорытындылау сабақтарында «Қазақстан болашағы», «Жеңіске 60-жыл», «Жаңа жылдық құттықтау», «Әйелдер мерекесі» т.б. тақырыптарда шығармашылық жұмыстарға уақыт берілді.
Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс-әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушының оқу мүмкіншілігіне қарай әзірленеді. Мысалы 10-сынып оқушыларының өз беттерімен жұмыс істеу, іздену, танымдық қасиеттерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Movie Maker бағдарламасында шығармашылық жұмыстар беріліп, мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану қарастырылған. Өз жұмыстарын жүргізу барысында оқушының жан-жақты қызығушылығы, көзқарастары, сауаттылықтары, ішкі жан дүниелері байқалады.
11-сынып «Power Point презентациясының компоненттерімен жұмыс » атты сабақта алдағы өмірде қандай жол таңдайтындарынабайланысты «Менің сүйікті ісім» атты тақырыппен жарнама даярлау ұсынылды. Жұмыс үш слайдтан тұрып, өз ойларын, болашақтағы мақсаттарын, білім деңгейлерін, көзқарастарын, өз бетінше шешім қабылдап, батылдықтарын көрсетті. Сабақта ұлы адамдардың сөздері жазылған слайдтар қолданылып, оқушылардың зейіндерін әр кезеңге зер салуды қамтамасыз етті.
Тест сұрақтары файл түрінде сақталып мұғалімнің компьютерінен оқушылардың жұмыс орындарына таратылды. Белгіленген уақыттан кейін орындалып сақталған жұмыстар қайта жиналып алынды. Тест-оқушының білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе оқушы білімнің белгілі бір сапалы қасиетін тексерудің ерекше түрі. Тест құрастыру барысында мейлінше қысқа да нұсқа жауптарды қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Тест тапсырмасын құру мақсатты анықтаудан басталады, онан соң тексерілетін білім, біліктің элементтері анықталып, әр түрлі кезеңдерде білім берудің жалпы және дара мақсаты мен деңгейі нақтыланады.
Пән бойынша меңгерілетін білім, білік анықталған соң бағдарлама, тұрақты оқулықтар таңдалып, оқушылар меңгеруге тиісті материалдар талданады. Бағдарлама мен оқулық мазмұның белгіленген тақырып бойынша талдау нәтижесінде, тексерілетін және меңгеруге тиісті ұғымдар сарапталады. Содан кейін осы ең маңызды ұғымдарды, олардың арасындағы себеп-салдар байланысын тексеруге арналған тест тапсырмалары құралады. Тест тапсырмаларына қойылатын талаптар:
• Тест тапсырмалары белгілі бір жүйелі ойды бейнелейтін логикалық анықтама түрінде болуы;
• Форманың дұрыс таңдалуы;
• Жауаптың белгілі орны болуы;
• Тапсырма элементтерінің дұрыс орналасуы;
• Таңдап алынған форма шеңберіндегі дұрыс жауаптарды бағалаудың бірдей болуы;
• Нұсқаудың барлық оқушылар үшін біркеліктігі.
Тест тапсырмаларының қандай формасының болмасында сұрақ түріндебергенінен гөрі, қайтарылатын жауапқа байланысты ақиқат және жалған пікірге айналатын бекіту, қорытынды түрінде қою қажет.
Тест тапсырмаларының негіізгі төрт формасы бар:
1. Жабық форма (бұл форма бір немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар нұсқауларға бөлінеді)
Мысалы 11-сынып бойынша:
1.MS Microsoft Office Power Point программасын іске қосу жолы:
А) Іске қосу *Құжаттар* MS Office Power Point*
Ә)Іске қосу*Программалар*MS Office Power Point*
Б)Программалар*Стандартты*MS Office Power Point*
В)Менің компьютерім*Программалар*MS Power Point*

2.MS Microsoft Office Power Point программасының терезесінде келесі слайдқа көшу:
А)Тышқанды шерту
Ә)Page Up
Б)Слайдтың номерін теріп Enter пернесін басу
В)Esk

3.Слайдпен жұмыс істеу режимдеріне жатпайтыны:
А)Слайдтар режимі
Ә)Құрылымдық режимі
Б)Баспаға шығару режимі
В)Сұрыптау режимі

4.Анимациялық эффектілерді қосуға болмайтын элемент:
А)Мәтін
Ә)Графикалық объектілер
Б)Терезе
В)Диаграмма

1. Ашық форма (дайын жауабы жоқ,сыналушы жауабын өзі табады)
Мысалы 7-сынып бойынша:
1. Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады? Оның қандай мүмкіндіктері бар?
2. Осы редактордың саймандар тақтасы, меню қатары палитрасының атқаратын қызметтерін түсіндіріңіз.
3. Саймандар тақтасында аспаптарға жеке түсініктеме беріңіз.

2. Сәйкестігін табуға арналған тапсырма (нақты деректердің өзара байланысын іздеуге көп қолданылады)

3.Реттілігін табуға арналған тапсырма (жүйелі түрде тәжірибе жүргізу, пікір айту, есептеу білімін тексеру үшін

Қазір бүкіл әлемге техникалық мүмкіндіктерді тұрақты түрде дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, яғни негізгі рөлді информацияны алу, өндеу, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану істерді атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр. Информациялық қоғамға ауысу информациялық және коммуникациялық технологияларды дамыту мен күнделікті тұрмыста пайдалану жолымен,яғни қоғамды ақпараттандыру істерін дамыту арқылы іске асырылады. Информациялық қоғам қалыптасуының негізгі бағыттарының бірі білім саласын ақпараттандыру болып саналады. Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық құралдары (ОАПҚ) дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес.
Лардың атқаратын қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы,бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары,электрондық оқулықтар және мультимедиялық программалар. Осы оқытуға арналған программалық құралдардың әртүрлі нұсқаларын әзірлеу Республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығының (РБАО) негізгі жұмысы болып табылады. Электронды оқулықтарды пайдалану технологиясы оқыту процесінде келесі заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен тығыз байланыстағы төрт бөліктен тұрады:
• Мотивациялы-мақсаттық- (модульдері (микромодульдері) құрастырудан тұрады. Модуль дегеніміз-жергілікті (локальды) жүйелік және функциональдық білім жиындары)
• Мазмұндық-(гипермәтін арқылы жүзеге асырылады, гипермәтін-терминдерден, ұғымдардан, әртүрлі концепциялардан, кестелерден,графиктерден және диаграммалардан тұратын мәліметтер базасы ретінде берілетін ақпараттық оқыту ортасы)
• Операциялық- (интерактивті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады)
• Нәтижелік –бақылау- (тест алу жолымен жүргізіледі. Электронды оқулықта тестердің екі түрі берілген бір дұрыс жауабы немесе бірнеше дұрыс жауабы бар)
Оқушылар үшін электронды оқулық-мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып,оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.
Мұғалім үшін электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе,оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
Осыған орай күнделікті сабаққа компьютерді, электрондық оқулықтарды қолдану (ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі, математика, география, астрономия, «Қызықты математика» үйірмесі, тәрбие сағаттарында ) айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады. Әсіресе, олардың тиімділігі:
• Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• Экономикалық тиімділігі (бару, келу, тұрмыс тауқыметі т.с.с. материалдық шығынды қажет етпеу);
• Білім сапасына әсері зор. Әсіресе, тіл сабақтарын игеруде (ағылшын, орыс, қазақ т.с.с. тілдері) айқын сезіледі;
• Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
• Оқушының ой-өрісін дүниетанумен кеңейтуге де ықпалы зор мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекетерінің мазмұның, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіреді және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялық, эмоциональдық, ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, телеконференция, видеоконференция, телеммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Соған байланысты оқушыларды интернет жүйесімен жұмыс жасауды, керек ақпаратты іздеу, сақтау, алған білімдерін сараптауды,чат,электрондық пошта,форумдарда өз пікірлерін жазу арқылы алмасуды оқушылармен практика жүзінде кеңінен қолданып келемін. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» дегеніндей компьютерді экономикалық білім беруде, экономикалық ақпараттар ағыны жөнінде мағлұмат алудың бірден бір құралы десек болады,- дей отырып, мұндай сөздермен аяқтағым келеді.

[/hide][size=6][b]
Категория: Информатика | Добавил: tackisheva (27.03.2012) | Автор: Такишева Айгуль Сырымбетовна
Просмотров: 5243 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

• Театр.kz

• Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
Сайт управляется системой uCoz