Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 23:21

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Физика

Физикадан нарықтық сабақтарды өткізудің технологиясы

 Мәулен Құдайқұлов Абай атындағы  ҚазҰПУ-нің профессоры

Қайрат Таймағамбетов Абай атындағы ҚазҰПУ-нің

магистранты

Физикадан нарықтық  сабақтарды өткізудің техналогиясы

Мәулен Құдайқұлов Абай атындағы  ҚазҰПУ-нің профессоры Қайрат Таймағамбетов Абай атындағы ҚазҰПУ-нің магистранты

Қоғамның дамуына сәйкес оқыту процесінің  негізгі формасы – сабақтың түрлері өзгеріп, мазмұны жетілдіріліп отыратыны белгілі. Бұл ғылыми - әлеуметтік заңдылық. Мектепттің даму тарихында “лабораториялық сабақ”,”политехникалық сабақ” ,”телевизиялық сабақ “,”проблемалық сабақ “,” лингафонды сабақ”, сияқты сабақтың бірнеше түрлері болғаны мәлім. Қазір “компьютерлік сабақ”, “интерактивті сабақ”деген сабақ түрлері пайда  болды . Сол сияқты осы заманғы нарықтық қоғамның ерекшеліктеріне лайықты “нарықтық сабақтардың” (сабақта 3-5 минут көлемінде нарықтық экономиканың элементтері түсіндірілетін сабақ) сәтімен өткізіліп тұруында заңды құбылыс деп санауға болады. Әрине, ондай сабақтың жаңа түрін өткізудің де мұғалім үшін көптеген қиындықтарының бар екендігін ескеру керек.  Біздің әдістемелік таңдауымыздың негізінде және өзіміздің оқытушылық іс-тәжірибемізге сүйеніп, нарықтық сабақтарды өткізудің мынандай дидактикалық алғы шарттарын жүзеге асыруды қажет деп санаймыз.

1)         Білім стандартындағы экономикалық (нарықтық) құзыреттілік келіс (подход,біреулер ол сөзді „ тұрғы” деп те атап жүр) негізінде,алдымен педагог қоғамды нарықтандырудың қажеттілігін пайымдау керек. Сонан соң нарықтың құрылымы мен кәсіпкерліктің жүйесін түсіну қажет.Нарықтық қоғамға сай бәсекеге қабілетті кәсіпкер тұлға тәрбиелеуді педагогикалық мақсат – деп ұғынған жөн. Физика - техникалық жаңалықтарды экономикалық құндылыққа айналдыра білу ләзім;

2) Осы қағидаларға сүйеніп физика оқулықтарының мазмұнын нарықтандырудың тәсілдерін игерген абзал;

3) Жеке тақырыптарға байланысты нарықтық деректерді сабақтарда пайдаланудың тиімді әдістерін таба білу қажет;

4) Нарықтық сабақта, кем дегенде 3-5 минуттай экономикалық кәсіпкерлік материалдарды пайдаланған жөн.;

5) Физика сабақтарында нарықтық мазмұнды есептерді шығарудың, функционалдық байланыстарды көрсетудің, тарихи материалдар мен өнер тапқышты жаңалықтарды баяндауға мүмкіндік мол екендігін ескеру керек;

6) Физикалық оқу материалдарын тоқсандық жоспарлауда және күнделікті сабақ жоспарын дайындауда, оларды нарықтық тұрғыдан талдай білген жөн.

Ол үшін мұғалім нарықты және бизнестік әдебиеттерді оқып, газет – журнал, радио – телевизиа және интернет материалдарын ұқыпты жинастырып жүру қажет      Нарықтық сабақтарды өткізудің ең негізгісі – физикалық жаңалықтар мен заңдылықтарды экономикалық құндылықтарын мұғалім аша біліп, оларды сабақтық тақырыбымен шебер байланыстыра білуі тиіс. Бұған бір-екі нақты мысал келтіріп көрсетейік. Мәселен осыдан 150 жылдай бұрын, жердің жарығынан шығып, өздігінен ағып жататын мұнай топырақпен егін-шөпке зиянды зат болып саналып келген. Оны өңдеп, жанармай алу технологиясы жасалғаннан кейін ғана мұнай экономикалық құндылыққа айналып мол табыс көзі болып саналды. Келесі бір мысал, XIX – ғасырда алғашқы Американ фермерлерінің ешқандай ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға қаржылай мұршасы болмаған еді. Осы жағдайды ескеріп астық жинайтын машиналарды ойлап табыушылардың бірі Сайрус Макарник, өзінің ондай машиналарын фермерлерге несиеге беру жүйесін енгізді. Бұл тәсіл бойынша фермерлер сатып алған машиналарының құнын жинаған қаржысынан емес, тіпті машинаның түсіретін алдағы табысының есебінен беруге мүмкіндік алып, әр фермер күтпеген жерден қымбат ауылшаруашылық техникасын “сатып алу қабылетіне” ие болды Осылайша, бұл ойлап табылған жаңалық - “ несиеге беру жүйесінің” нәтижесінде нағыз экономикалық төңкеріс жасалынды. Қазіргі банктердің халыққа несие беру ісі осыдан басталған. Мұндай нарықтық қызықты жаңалықтардың экономикалық мәнін физика, биология, еңбек, тарих қоғам пәндерінің мұғалімдері сабақта кәсіпкерлік тұрғыдан пайдалана білуі тиіс. Әрине мұндай мақсатты жүзеге асыра білуде мұғалімдерге творчествалық ойлау, тұрақты ізденімпаздық , тапқырлық қабілет қажет – ақ..

1. Капиллярлық құбылыстың нарықтық мәні

Физика сабағында (7,10 сыныптарда) капиллярлық  құбылысты түсіндіргенде, егін шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің егін егетін жерлердегі топырақтың тығыздығына, капиллярлығына, сулылығына ерекше көңіл бөлетіндікткрін оқушылардың есіне салу ләзім. Өйткені, топырақтың тығыздығы артқан жағдайда ол жерге еккен егіннің өнімділігі кемитінін кәсіпкерлер еске алатындығын оқушыларға аңғартқан жөн. “Бұл процеске капиллярлықтың қандай қатысы бар?” деген сияқты творчестволық ойлауын дамытатын нарықтық проблемалық сұрақ беріп, әркімді әртүрлі ой-толғамдарға бағыттаудың әдістемелік мәні зор. Капиллярлық құбылысқа  негіздеп, XX – ғасырдың 60 – жылдары Американдық фирма “Procter & Gamble”  бірақ  рет пайдалануға жарайтын, бөбектің бұтына төсейтін жаялықты(памперсті) жасаудың мүмкіндіктерін зерттеуді мақсат етті. Алғашқы қадамды ата-аналардың сұраныс тілегін білу үшін жаппай сұрақ жауап алудан бастады. Памперске сұраныстың мол екендігіне көздері жеткен соң, оны неден, қандай тәсілмен , қалай етіп шығарып, қалайша арзан бағаға сатудың жолдарын шешті. Сонан соң ол фирма қағаз памперсті көп етіп шығарып, бүкіл дүниежүзі бойынша сатуға қол жеткізіп, мол пайдаға батты. “Қағаз памперсті шығарарда фирма мамандары физикалық капиллярлық құбылысты қалай пайдаланды деп ойлайсыздар?” -деген сұрақты оқушыларға қойып, олардың әр түрлі жауаптарын талдау нәтижесінде каппиллярлық қасиеттің нарықтық мән-мағынасын ашуға болады. Бұл кәсіпкерлік қарекеттің тапқырлық, іскерлік, ізденімпаздық қыр-сырымен оқушыларды нақты таныстыруға жақсы мысал әрі өнегелі іс болып табылады.

2. Өнертапқыштықтық нарықтық құндылығы

А) Құлаққа қыстырғыш магнитофон жасау.

Сабақта оқушылардың назарын мынадай бір өнертапқыштықтық қызық тарихына аударып, оның экономикалық құндылығын ашып көрсетуге болады. Әйгілі „Сони” компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Акио Моротидидің балалары үйіндегі магнитофондарын бар даусымен айқайлатып қойып музыка тыңдап, әкесінің мазасын алады. Ондай жанына жақпайтын „айқай – шудан” құтылып, үйіне тыныштық орнату мақсатта, А.Моротиди 1978 жылы, айналадағы адамдардың тыныштығын бұзбайтын, құлаққа қыстырып қоятын, өте кішкентай әрі арзан портативті магнитофон жасауды ойластырып, өнертақпыштық жаңа идея ұсынады. „Сони ” фирмасының конструктарлары бұл идеяны тез-ақ қағып  алып келесі жылы алғашқы „уокман ” деп аталатын құлақшын магнитофонды дүкен сөрелеріне түсіріп үлгереді. 1984 жылы „Сони ” фирмасы 10 млн „уокман ” шығарса, 1987 жылы 30 млн құлаққа қыстыратын кішкентай магнитофондарды көптеген елдерде сатып, қыруар пайда тапқан.

Ә) „ Ащысай конструкторы ” жасаған шағын мәшинелер.  “Ел іші - өнер кеніші ” дегендей жаңалыққа жаны құмар әуесқой өнертапқыштар мен „ конструкторлардың ” ауылдан да табылып жатуы қуанарлық жәйт деп жазған еді еліміздің „ Егемен Қазақстан ” газеті ( 2005ж) Еңбекшіқазақ ауданындағы (Алматы обылысы) Ащысай ауылы мектебінің технология және кәсіптік оқу пәнінің мұғалімі Б.Әжібеков оқушылардың қатыстырылуымен, шағын жүк автомобилін, кішкентай тракторды, шөп шабатын ықшам агрегатты жасап,ауыл адамдарының жұмысын жеңілдетіп, шаруашылықтарын өрбітуге қолғабыс көрсетуді әдетке айналдырған. „Ащысай конструкоры” атанған, оның жасаған шағын мәшинесі 100 шақырым қашықтыққа небәрі 5-ақ литр жанармай жұмсайды екен. Ондай шағын техниканы қолдан жасау кәсіпкерлігінен жылына ол 4000-5000 доллордай табыс табып келеді. „Дүние – байлық  шеберлердің қолында” деген халық мақалы бекер айтылмаса керек.

3. Нанотехнологияның нарықтық маңызы.             Қазіргі заманғы нанотехнологиялық процесте жаңа материалдарды жасауда материя молекулалық - атомдық деңгейде өзгертілетін болды. Нанотехнология атомның ішіне „кіріп” көруге жағдай тұғызады. Сондықтан  да болса керек, нанотехнологиялық процесс арқылы иненің ұшына Ұлыбритания сөздігінің 28 томын сиғызуға болады екен.

Молекулалық деңгейдегі нанотехнологиялық мембраналық сүзгі (фильтрация) арқылы біздің елімізде алкоголсіз таза „Дербес” сырасын шығару технологиясы игерілді. Ондай сүзгілеуден сыраның құрамындағы ешбір алкоголдің бөлшектері өтпейді екен. “Дербес ” алкоголсіз сыраны шөлін басу үшін кез келген адам (кәрі де жас та көлік жүргізуші де, асқазаны ауру да) құмарта ішіп келеді. Келешекте нанотехнологиялық  сүзгілер қанды, дәріні, бензинді, қазба байлықтардан алынатын заттарды тазартуға қолданылмақ.

Алдағы 10-15 жылдан соң , нанотехнологияны пайдалану арқылы триллион долларлық өнімдер алынбақ ( Н.Назарбаев).

Мұндай жаңа ғылыми-технологиялық деректерді пайдалана білу физика, химия, биология сабақтарының мазмұнын нарықтандыруға мүмкіндік туғызатыны сөзсіз.

Категория: Физика | Добавил: teacher-almaty (15.07.2008)
Просмотров: 4076 | Рейтинг: 4.2/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz