Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 17:27

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Физика

Интегралды сабақтың әдістемелік жоспары

Физика пәнінің оқытушысы Ағалиева М. Б. Арнайы пәндер оқытушысы
А. А. Маметсупиев.

Сабақтың тақырыбы: Трансформаторлар Сабақтың мақсаты: Оқушыларға трансформаторлардың атқаратын қызметі, құрылысы, трансформация коэффициенті, катушканың құрылысы туралы түсінік беру. Оқушылардың трансформатор туралы түсініктерін арттыру мақсатында тест сұрақтары арқылы логикалық ойлау қабілеттерін және есеп шығару дағдысын арттыру. Оқушыны тақырыптың ең негізгісін іріктеп алуға, өз ойын толық жеткізе білуге, жекелей жұмыс істеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі:Дәстүрлі емес Сабақтың типі:Интегралды сабақ Пән аралық байланыс:Автомобиль құрылысы Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ – жауап, есеп шығару Сабақтың тәсілі:Жаппай жұмыс, жекелей жұмыс, ауызша сұрақтарға жауап. Сабақтың көрнекілігі: Тест материалдары, деңгейлік тапсырмалар, слайд, плакаттар, фильмнен үзінді (трансформатордың жұмыс принципі) Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі 1. Өтілген тақырып бойынша қайталау - оқыту жұмысы: сұрақ – жауап. 2. Жаңа сабақты меңгерту: ойландыру жұмысы. Сұрақтар, тест материалдарына жауап. А) Трансформатордың атқаратын қызметі. Ә) Трансформатордың құрылысы. Б) Трансформация коэффициенті В) Жүктемелі трансформатордың құрылысы. Г) Катушканың құрылысы. 3. Білімді тәжірибеде қолдану дағдысы мен қалыптастыру жұмысы. Есеп шығару. 4. Бағалау. 5. Үйге тапсырма Жаңа сабақты түсіндіру. Айнымалы тоқты, кернеуді бірнеше есе арттырып немесе кемітіп, ал қуатты іс – жүзінде шығындатпай түрлендіру трансформатордың көмегімен іске асырылады. 1878 жылы алғаш трансформаторды П.Н.Яблочков пайдаланған. Трансформатор тұйық болат өзектен тұрады да, оған сым орамнан екі катушка кигізіледі. Бірінші орам айнымалы кернеу көзіне, екінші орам электр энергиясын тұтынатын приборлар мен құрылғыларға қосылады. Трансформатор қызметі электромагниттік индукция құбылысына негізделген. Бірінші реттік немесе екінші реттік орамның кез келген орамында индукция Э.Қ.К. лездік мәні бірдей. е = - Ф1 (1) Ф = Фм соs ω t Ф1 = - ω Фм sin ω t (2) e = ω Фм sin ω t (3) e = Eм sin ω t (4) Em = ω Фм e1/e2 = N1/N2 (5) │U1│≈│e1│ } (6) │U2│≈│e2│ U1
/ U2= E1/E2=N1/N2=K (7) К – Трансформация коэффициенті К > 1 болғанда трансформатор төмендеткіш К < 1 болғанда жоғарылатқыш U1 I1 ≈ U2 I2 (8) U1 / U2 ≈ I2/ I1 (9) Трансформатордың құрылысын және жұмыс істеу принциптерін двигательдердің от алдыру жүйесі фильмінен көріңіздер. Фильм 15 минут жүргізіледі. Фильм аяқталған соң плакаттан және катушканы макетімен, фильмде көрсетілген құрылыс және ұғымдарды көріп толықтырып өтеміз. Жаңа сабақты бекіту. 1. Трансформатор не үшін қажет? 2. Трансформатордың құрылысы? 3. Трансформатордың шартты белгісі? 4. Трансформация коэффициентінің формуласы? 5. Төмендеткіш және жоғарылатқыш трансформатор дегеніміз не? Тест сұрақтарына жауап. 1. Трансформатор дегеніміз не? А. Изотоптарды бөлу үшін қолданылатын құрал. Б. Жауаптар арасында дұрыс жауап жоқ. С. Зарядталған бөлшектерді үдету үшін қолданылатын құрал. Д. Айнымалы тоқты түрлендіру үшін қолданылатын құрал. Е. Радиоактивті сәуле шығаруды анықтау үшін қолданатын құрал. 2. Трансформатордың екінші орамындағы айнымалы ток? А. Бірінші орамның қозғалысының арқасында пайда болады. Б. Темір өзекшенің әсерінен пайда болады. С. Айнымалы магнит өрісінің әсерінен пайда болады. Д. Айнымалы электр өрісінің әсерінен пайда болады. Е. Жылу энергиясының электр энергиясына ауысуының арқасында пайда болады. 3. Кернеуді 20 В – тан 100 В – қа дейін жоғарылату үшін бірінші реттік орам қанша орамнан тұруы керек. А. 20 Б. 100 С. 250 Д. 500 Е. Ондай трансформаторды дайындау мүмкін емес. 4. Егер бірінші орамы 220 В кернеуге есептелген трансформаторды кернеуі 220 В тұрақты тоқ көзіне қоссақ онда ол бірнеше минут ішінде жанып кетеді, ол неліктен? А. Трансформатор тек айнымалы тоқ көзімен жұмыс істей алады. Б. Бірінші орамның кедергісі тұрақты ток үшін айнымалы токқа қарағанда едәуір аз. С. Бірінші орамның кедергісі тұрақты тоқ үшін айнымалы токқа қарағанда едәуір көп. 5. Электр энергиясын алыс қашықтықтарға жеткізуге кернеуді қандай мақсатпен көтереді? А. Тұтынушының қуатын көтеру мақсатымен. Б. Электр жеткізу торабындағы энергия шығынын азайту мақсатында С. Тоқты көтеру мақсатында 6. Трансформатордың бірінші орамындағы тоқ күші 15 кА және оның ұштарындағы кернеу 1,1 кВ, екінші орамындағы тоқ күші 146 А және оның ұштарындағы кернеу 110В. Трансформатордың ПӘК және трасформация коэффициенті неге тең? А. 98%, 0,1 Б. 96%, 0,2 С. 97,3%, 0,01 Д. 95%, 0,3 Е. 99%, 0,4 Есеп шығару (Жұптық және жекелей жұмыс) № 1. Трансформатордың бірінші орамасындағы тоқ күші 0,5А, ал оның ұштарындағы кернеу 220В. Екінші орамындағы тоқ күші 11А, ал оның ұштарындағы кернеу 9,5В, трансформатордың ПӘК – тін табыңдар. № 2. Трансформатор кернеуді 220 – дан 660 – қа дейін арттырады, оның бірінші орамасы 840 орамнан тұрады. Трансформация коэффициеті қандай? Екінші реттік орамда қанша орам бар? Қай орамдағы өткізгіштің көлденең қимасы артық? №3. (жұптық жұмыс) Трансформатор кернеуі 220В желіге қосылған. Оның бірінші орамында 1000 орам, ал екіншісінде 200 орам бар. Трансформатордың трансформация коэффициентін, екінші орамдағы кернеуді табыңдар. Бұл трансформатор төмендеткіш бола ала ма? № 4. (жұптық жұмыс) Трансформатордың бірінші орамасындағы тоқ күші 2А, ондағы кернеу 120В. Екінші орамдағы кернеу 30В, екінші орамдағы тоқты, трансформация коэффициентін табыңдар. Бұл трансформатор төмендеткіш бола ала ма? Бағалау. Қорытындылау.

Категория: Физика | Добавил: teacher-almaty (14.10.2007)
Просмотров: 8474 | Рейтинг: 3.8/17
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz