Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 06:50

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Физика

Физика әлеміне саяхат
Тақырыбы: "Физика әлеміне саяхат"
(интеллектуалдық сайыс сабақ)
"Физика әлеміне саяхат" атты сайыс сабағын өткізу үшін 10-11 сынып оқушыларынан 2топ құралады. Әр топтың аты болуы керек.
«Ойшылдар»,«Алғырлар»
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулу,ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық:Оқушылардың ақыл - ойының,шығармашылығының дамуына жағдай жасау;
Тәрбиелік: Ойын барысында оқушылардың физикалық терминдерді қолдану мәдениетін,сауаттылығын қалыптастыру,олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың өту барысы: 1.Кіріспе бөлімі
2. Ойын кезеңдері
I кезең: Бәйге «Сұрақтар»
II кезең:"Жеті жұрттың тілін біл"
Сұрақтың жауабын үш тілде айту.
III кезең:« Ғажайып алаң» Сұрақтарға жауап беру
IV кезең: "Жорға" Берілген уақытта дайындалған сұрақтарға жауап беру.
3. Қорытынды бөлім
Сабағымызды бастамас бұрын әділ-қазыларды сайлап аламыз.

1. Кіріспе бөлімі.
Таланттылар ойланып,толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында жүлде алсын.
Көңілді тапқыштар,білгіштер,
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, оқыған болса егер,
Бүгінгі күннің жеңімпазы болады.
2. Ойын шартымен таныстырылады:
I кезең: Бәйге «Сұрақтар»
II кезең:"Жеті жұрттың тілін біл" Сұрақтың жауабын үш тілде айту
III кезең:" Ғажайып алаң" Сұрақтарға жауап беру
IV кезең: "Жорға" Берілген уақытта дайындалған сұрақтарға жауап беру.
I кезең: Бәйге «Сұрақтар»
1. Физика сөзінің мағынасы
Жауабы: Табиғат
2.Механикалық қозғалыс дегеніміз не?
Жауабы:Уақыттың өтуімен дененің басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орнының өзгеруі
3.Жер төңкергіш ғалым
Жауабы: Архимед
4."Физиканың оң қолы химия болса,математика оның көзі" деген ғалым
Жауабы: М.В.Ломоносов
5. Ғылымда эксперименттік зерттеу әдісін алғаш рет қолданған ұлы итальяндық физик және астроном
Жауабы: Галилео Галилей

6.«Жердің дәл шар емес екенін далаға шықпай,үйде отырып-ақ қалам ұшымен дәлелдеген» ғалым
Жауабы: Исаак Ньютон
7.Алғаш рет атом ядросын ашқан және жасанды атом ядроларын алған ғалым кім?
Жауабы: Э. Резерфорд
8. Галилей 30 есе ұлғайтатын алғашқы телескопты қай жылы құрастырды?
Жауабы: 1609 жылы
II кезең "Жеті жұрттың тілін біл" Сұрақтың жауабын үш тілде айту
1. Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама
Жауабы: Энергия, energy
2.Әлемде не бар болса соның бәрі қалай аталады?
Жауабы:Материя, matter
3.Траекторияның ұзындығы не деп аталады?
Жауабы: Жол, дорого,road
4.Дененің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
Жауабы.Күш, сила,strength
5. Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулалары аралығына ену құбылысы
Жауабы: Диффузия, diffusion
6.Жердің жалғыз серігі
Жауабы.Ай, луна, moon
7.Зат бөлшектерінің табиғатынан бөлек табиғаты ерекше бөлшектер ағыны
Жауабы: Жарық.свет, Iight
8.Өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі
Жауабы:Күн.Солнце,sun
III кезең: Ғажайып алаң Сұрақтарға жауап беру
1.Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де,жаяу да
Саралайсың,таңдайсың.
Жауабы: Жол,дорога,road
2.Суы бар стаканға мұздың кішкентай кесегін тастап, жіп пен бір шымшым тұз арқылы мұзды қалай судан шығарып алады?
Жауабы: Диффузия құбылысына негіздеп айту
3.Физика табиғат туралы ғылым ретінде сөздің ғылыми мағнасын байытудатарихта "екінші ұстаз" атанған біздің ұлы бабамыз
Жауабы:Әбу насыр әл-Фараби
4. 1л су 100градуста қайнаса,2л су неше градуста қайнайды?
Жауабы:Сондай градуста
5. Егер Жер тартылыс күшінен айрылса не болар еді?
Жауабы: Жер секундына 30км жылдамдықпен әлем кеңістігін шарлап өтер еді.
6. Жерді ортасынан қақ бөлсе не болады?
Жауабы: Екі жарты шар.
7. 5 жұмыртқа 4минудта піссе,100 жұмыртқа неше минудта піседі.
Жауабы: Сондай
8. Бөлмеде отырып ауаның қысымын неге сезбейміз?
Жауабы: Сыртқы ауа мен адамның ішкі қысымдары тең
9. Мылтықтан атылған оқ піскен жұмыртқаны тесіп өтіп кетеді. Ал,шикі жұмыртқаға оқ тисе не себепті быт-шыт болып жарылып жан-жаққа ұшып кетеді? -
Жауабы: Паскаль заңы орындалады
IV кезең: "Жорға" Берілген уақытта дайындалған сұрақтарға жауап беру.
"Ойшылдар" тобына қойылатын сұрақтар:
1.Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы: Телескоп
2. Молекула қандай бөлшек: Заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі
3. Температураның өзгеруіне байланысты зат неше түрлі күйде болады?: Үш түрлі күйде
4. Марс планетасының қазақша атауы: Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз
5. Жердің массасы қандай шамаға тең?: 6*1024кг-ға тең
6. Күш қандай шама: Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
7. Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым: Исаак Ньютон
8. Қысым қандай бірлікпен өлшенеді?: Паскальмен
9. Қысым айырымын өлшеуге арналған аспап қалай аталады: Манометр
10. Су 100градуста қайнаса неше градуста мұзға айналады? 0 градуста
11. Ток күшін қандай әріппен белгілейді,оның бірлігі,өлшенетін аспабы: I,Ампер,Амперметр
12. Жарық бөлшектері қалай аталады?: Фотондар
13. Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі қалай аталады?: Еркін түсу
14Күштің шамасын қандай құралдың көмегімен анықтайды?: Динамометр
15. Бірінші ғарыштық жылдамдықтың мәні қандай? 7,9км/с
16. Дене импульсінің өзгерісі неге тең?: Күш импульсіне тең
17 Период қандай шамаға кері: Жиілікке
18. Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі қалай аталады: Шоқжұлдыз
-6-
19. Тербеліс амплитудасы дегеніміз не?: Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні
20. Айға адамзат ұрпағының табаны қай жылы тиді?: 1969жылы
«Алғырлар» тобына қойылатын сұрақтар
1. Шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі қалай аталады?. Біздің галактика
2. Әр түрлі заттардан нелер құралады? Денелер
3. Температураның өлшем бірлігі:Градус
4. Меркурий планетасының қазақша атауы: Болпан немесе Кіші Шолпан
5. Жердің радиусы қандай шамаға тең? 6370км
6. Бірліктердің Халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне не алынады? м/с
7. Күш өлшейтін құрал қалай аталады?: Динамометр
8. Жұмыс қандай бірлікпен өлшенеді? Джоуль
9. Еркін түсу үдеуінің мәні: 9,8н/кг
10. Қорғасын 327градуста балқыса неше градуста қатты күйге айналады?: 327 градуста
11. Кернеуді қандай әріппен белгілейді, оның бірлігі,өлшенетін аспабы? U; Вольт;Вольтметр
12. Сұйық қайнайтын температура.Қайнау температурасы
13. Қатынас ыдыстарды ата: Шайнек,құмған,кофе қайнатқыш т.б
14. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал қалай аталады?
Барометр-анеройдтар
15. Екінші ғарыштық жылдамдықтың мәні. 11,2км/с
16. Ньютонның екінші заңының өрнегі: F=m*a
17. Период пен жиілік бір-біріне қандай шама: кері шама
-7-
18. Аспанда барлығы қанша шоқжұлдыз белгіленген? 88
19. Сұйықтың буға айналу құбылысы қалай аталады? Булану
20. Астрономия грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? Астрон-жұлдыз,номос-заң
Қорытынды:
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ! – дей отырып бүгінгі көріп тамашаланған «Физика әлеміне саяхат» атты интелектуалдық ойын сабағы өз мәресіне жетті.
Категория: Физика | Добавил: Зояа (20.01.2012) | Автор: Тусивахын Зоя E
Просмотров: 4943 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 nurgul   (09.02.2012 23:34)
Сабағыңыз маған қатты ұнады.Сізге шығармашылық табыстар тілеймін

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz