Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 01:13

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » История

Разработка урока "Соғыстан кейінгі Қазақстан өнеркәсібінің дамуы"
Қарағанды облысы
Үштөбе орта мектебі
тарих пәнінің мұғалімі Халелова М.Е.
9 сынып
Сабақ тақырыбы: Соғыстан кейінгі Қазақстан
өнеркәсібінің дамуы
Мақсаттары:
1. Тақырып бойынша мағлүмат беру. Қазақстанда соғыстан кейінгі кезендегі өнеркәсіптің даму динамикасын көрсету,бұл саланың дамуы жөнінде жалпы түсінік қалыптастыру.
2. Өздігінен жұмыс дағдысын арттыру, картамен жұмыс істеу машықтарын жетілдіру.
3. Отанға деген сүйіспеншілік, өз халқы мен оның тарихы үшін мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ
Әдісі: флипчарт, сұрақ-жауап, өздік жұмыс, картамен жұмыс

Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Ұй тапсырмасын тексеру: - үлестірме материал
3. Жаңа тақырып: - жаңа сөздермен жұмыс
- картамен жұмыс
- алдын-ала берілген тапсырма
4. Бекіту: -тест
5. Үй тапсырмасы бойынша нұсқау беру
6. Қорытынды

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру

2. Ұй тапсырмасын тексеру:
 карточкалар таратылады
Сөйлемді аяқта:
1. Карточкалық жүйе жойылған жыл......................
2. 1945-46жж армия қатарындағылардың саны .........млн-ға азайды.
3. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-ның бірінші хатшысы болып
тағайындалды.........................
4. 1947 жылы жарияланған “Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жыдарында”
атты монографиялық зерттеудің авторы.....................
5. Сталиннің жеке басына табунышылық айыпталды ..............жылы
КОКП-нің ................съезінде
6. Теміртаудағы наразылықтың бұрқ етуі ......................... болып өтті
7. 1955 жылы .................... құрылды
8. ........................жылы Кеңес Одағы ....................АҚШ аумағына
бағытталған зымыран қондырғыларын орнатты
9. “Басқа ” ойлаушылығы үшін КОКП қатарынан шығарылған, Шығыс

Қазақстан облысының орыс тілі пәнінің мұғалімі ...................
 карточкаларды жинап алу
3. Жаңа тақырып
1. Жаңа сөздермен жұмыс:
Рационализация – бір нәрсені жетілдіру, барынша жетілдірілген ұйымдарды енгізу.
Волюнтаризм – 1) ерікті болмыстыңжоғарғы қағидасы ретінде қарастыратын философиялық бағыт 2) объективті шарттарды ескермейтін, ерікті шешімдермен сипатталатын әрекет
Түсті металлургия – оқушылардан сұрау
Қара металлургия - оқушылардан сұрау
Жоспарлау - оқушылардан сұрау
2. Слайдтар бойынша
1946 жылы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы 1946-1950 жылдар аралығын қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру мен дамуға арналған бесжылдық туралы Заң қабылдады. Бұл жоспарда қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға үлкен мән берілді. Ауыр өнеркәсіптің дамуына, жаңа темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді
Теміртау металлургиялық зауытында үш прокат станы және екі мартен пеші, Ақтөбеде ферроқорытпа
зауытының үшінші кезегі іске қосылды, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғаш рет мырыш шығарды,
Балқаш мыс қорыту жұмыстары жалғастырылды
1946-1851 жылдар.
Республиканың батысында мұнай кәсіпшіліктері іске қосылды. Мұнай өндіруду соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда 52%-ға арттыруға мүмкіндік туды.
1965 жылы елімізде 19,5 млн тонна көмір шығаратын өндірістік қуат іске қосылды.
Қазақстанның қай жері? - картадан көрсету (Қарағанды,Экибастұз)
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семейде илеу-сығынды зауыты, қызылордада «Комсомолка» тігін фабрикасы өнім бере бастады.
Тамақ өнеркәсібінде 40-тан астам жана кәсіпорын іске қосылды. картадан көрсету
Тамақ өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркәсіп үлесінің 17%-ын ғана қамтыды
1960 жылдардың ортасына қарай республиканың өнеркәсіп әлеуеті екі есе өсті.
729 ірі өнеркәсіп орны мен 535 цех қатарға қосылды.
1954-58 жылдары іске қосылды:
-Жезқазған кен байыту комбинаты
-Өскемен тау-кен жабдықтарын жасау зауыты
-Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының бірінші кезегі
-Ақтөбе хром қоспалар зауыты
-Шымкент гидролиз зауыты
-Қарағанды, Семей, Шымкент цемент зауыттары

Кескін картадан көрсету

1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1млн 403 мыңға жетті
1951-55жж ауыр өнеркәсіптегі мамандар саны 1,8 есе өсті
Жұмысшылырдың ішінде ерекше көзге түскендері жоғарғы еңбек марапаттарына ие болды: Рақышев Мағауя, Костенко Петр, Акулов Петр (шахта№33), Түсіп Күзембаев
1958 жылы Қазақстан өнім шығаруда одақтас республикалар бойынша 3-орынға шықты.
Осы жылдары Қазақстан картасында 15 жаңа қала мен 86 қала типтес кент пайда болды. Ол туралы мәлімет дайындаған Саматов Ансағанды шақырамыз.

алдын-ала берілген тапсырма - 5мин (Қаратау, Жанатас, Приозерск,
Саран, Шахтинск)
Қазақстандағы экономикалық дамудың қарқыны жұмысшы табының жаңа мамандарын даярлауды талап етті.
Оқулықтан 220-бет, 3-абзац – оқу

Көлік және байланыс жүйесі. Энергетика.
1960ж темір жол ұзындығы – 13 120 км (салыстыр: 1945 – 8,2 мың км)
Бүкіл Одақтағы темір жолмен жүк тасу айналымының 8,3%-ын,
жолаушы тасу айналымының 5,9%-ын қамтамасыз етті
1949 жылдың көктеміне қарай Алматыда елдің 56 қалаларымен
байланыстыратын автоматтық станция қызмет істей бастады,
радиоқабылдау және хабар беру, радио жүйесі 40-жылдармен
салыстырғанда екі есе артты
КОКП-ның ХХ съезінде (қашан болды?):
- Шаруашылық жүргізу жүйесі 50-жылдардың ортасына қарай ескірді, жаңа талаптарға жауап бермейді
- Экономиканың экстенсивті даму жолы мүмкіншіліктері сарқылды
- Жаңа технологиялар жетіспейді
- Республика аумағында алып өнеркәсіптік құрылыстар әлеуметтік базаны дамыту мен экологиялық теңдікті сақтауды ескермеді
делінді
Экономиканы тиімді басқаруда түбірлі өзгерістердің қажеттігі көрінді.
222-бет, 4-тақырыпша

4. Бекіту.
Тест:
1. 1946-50жж арналған төртінші бесжылдықтың негізгі экономикалық
міндеті:
А) халық шаруашылығын одан әрі дамыту
В) қираған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру
С) экономикалық көрсеткіштер бойынша АҚШ-ты озу
Д) социалистік елдерге жәрдем беру
2. Карточка жүйесі қашан жойылды?
А) 1944ж
В) 1949
С) 1947
Д) 1946
3. 1950 жылдары жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы қандай
болды?
А) 30 сом
В) 72 сом
С) 97 сом
Д) 64 сом
4. 1945-48жж Кеңес Армиясы қатарынан босатылған жауынгерлер саны:
А) 8,5 млн адам
В) 6,2 млн адам
С) 9,5 млн адам
Д) 2 млн адам

5.Үй тапсырмасы

§30, 223-беттегі сұрақтар , 2-кестені толтыру
Категория: История | Добавил: Ерликовна (30.01.2014) | Автор: Халелова Майдагуль Ерликовна E
Просмотров: 2637 | Теги: Соғыстан кейінгі өнеркәсіп | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz